Қазақстан республикасының



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#7307
1   2   3

Көркем әдебиетте екі я оданда көп адамдардың тікелей бір –бірімен сөйлескен сөзі беріледі. Ондай екі кісінің бір–бірімен тікелей сөйлескен сөзін диалог дейміз.Әдетте диалогта әрбір кісінің сөзінің алдында сызықша қойылады . Диалогтық сөз -музыка мұғалімінің негізгі және ең көп қолданатын қатынас түрі. Диалогтық сөз құрылымы ,мақсаты (жұпты ,топтық, сұрастыру, іздену, ақыл қосу, өз ойын айту ); оның түрі: әңгіме, диспут т.б . Диалогтық білім –дағдыларының көрсеткіші :сұхбат мазмұнын түсіну мазмұнының деңгейі-80%, сұрақ-жауап көлемі ең азы 10-15 сұрақ .


Монолог. Көпшілік, топ алдында белгілі бір тақырып бойынша сөйлеу тілін дамыту . Музыка мұғалімінің монологтік сөзі, оның функционалды мазмұнының түрі (баяндау, пікір айту, бейнелеу, анықтау), олардың жанырлық түрлері. Монологтық сөз сөйлеудің бөліктері (құрылымдық бейнелігі, тақырыптық бірлігі, мағлұмат қортындысы).

Бұл орайда :



  • әр түрлі сипаттағы тақырыптарды баяндап ,толық ақпарат беру білік-дағдысын жетілдіру .

  • қоғамдық ел тану ,мамандыққа қатысты тақырыптар бойынша сипаттама, хабарлама бере алуы ,сондай-ақ пікір білдіре алуы .

Монологтық сөйлей білу дәрежесіне қөрсетткіштер :

Материалды толық түсініп, мазмұнды баяндауы, баяндауының кисындылығы сөйлеу барысынында грамматикалық формаларды дұрыс қолдануы ;

Монологтық сөйлеу ұзақтығы –10 минут , студенттің комуникативтік әрекеттерін іске асыруға қажетті актив етістіктердің минимумы –1,2 кезең үшін –100, 120 сөз .3-4 кезең үшін 200-240 сөз .

«Тіл мәдениеті» негізінен «сөз мәдениеті», сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді Өйткені тіл мәдениетінің негізгі обьектісі –сөз. Сөзсіз пікір алысу мүмкін емес. Сөз күші мен құдіреті жөнінде айтылған афоризмдер (қысқа сөзбен түйінделген тиянақты, бейнелі ой) мен нақыл сөздер өте көп: Сөз - өмірдің ұлы қаруы (В.Г. Короленко); Сөз – ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр. (В.Г. Белинский); Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны және күрделісі (Онере де Бальзак); Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы көрінеді.

(К.Д. Ушинский); Сөз дегеніміз – былайша айтқанда сырт киім; ой киімінің астында жасырынған дене (Ф.М. Достаевский); Ас-тұзбен дәмді, су - мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен дәмді (А:Науаи);
Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатқан тас

Су түбінде жатады Жел толқыса шығады

Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз

Ой түбінде жатады. Шер толқытса шығады


Асан қайғы (1361-1370) жылдар арасында туған сөздің дұрыс айтылуы дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениет ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.

1. Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия (грек дұрыс сөйлеу) қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Сөзді қандай қатесіз жазу керек болса, оны құлаққа жағымды, әуезді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет. Дыбыстың қырын сындырып айту (құр қол емес құрғол), не керек емес- негерек), қатар тұрған екі дауысты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (сарыарқа емес- Сарыарқа), ерін үндестігін сақтау (құрық емес- құрұқ, өсім емес- өсүм) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті. Сөйлеу үстінде сөздердің бір-бірімен қиюласып ритмикалық бір топ құрап, бір ырғақпен (қара қарындаш емес –қарағарындаш, алты ай емес- алтай) айтылуын да қадағалап отыру қажет.


Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Болашақ музыка мамандарының монологтык, диологтык сөйлеу шартына сай кәсіптік тіл қатынасына ерекшеліктері.

2. Диалогтық сөз чдегеніміз не?

3. Монолог дегеніміз не?

4. Тіл мәдениеті деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

5. Сөз дегеніміз не?


Қолданылатын әдебиеттер:

    1. Сұлтанова М.С. Педагогическая рефлексия в формировании речевых на выков учитель музыканта поиск., А., 1999.

    2. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

    3. Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982

    4. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

    5. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

    6. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2

№ 7 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Болашақ музыка мамандарының монологтық, диологтык сөйлеу шартына сай кәсіптік тіл қатынасына ерекшеліктері.

2. Сабақтың жоспары:

1. Мәнерлі сөйлеу мәдениеті мұғалімнің дауыс ырғағына, интонациясына да байланысы

2. Мәнерлі сөйлеу мәдениеті

3. Сөз қолдану мәдениеті



3. Сабақтың мақсаты: диалогтық сөз құрылымының мақсатын анықтау


  1. Әдістемелік нұсқаулар:

Болашақ музыка маманы ауызша сөйлеу кезінде тілдің ішкі заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеу техникасын да меңгеру қажет. Тақырыптың мазмұнына қарай музыка мұғалімі өзінің ішкі тебіренісі мен толқынысын көзқарасын дауыстардың ырғағы, күші, қимыл-қозғалыс арқылы да жеткізіп отырады.

Ым-ишара сабақта екі жақты қызмет атқарады. 1-ден ойды үнемдеп, әсерлі жеткізудің көмекші құралы ретінде пайдаланылса, 2-ден орынсыз жиі қолданылған қимыл- қозғалыс оқушыларға кері әсер етеді. Оқушылар сабақтың мазмұнынан гөрі мұғалімдердің қимыл-қозғалысына еріп кетеді. Сол себепті де ым-ишара, қимыл-қозғалыс тақырыптарының мазмұнымен астарласып, соның мақсатын ашатындай қызмет атқарғаны дұрыс.

Мәнерлі сөйлеу мәдениеті мұғалімнің дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстардың сан түрлі құбылуы адамдардың сол өзі баяндап тұрған мәселесіне қатысын, эмоциясын, сезімін білдіреді. Интонация мұғалімдердің әр сөйлеміне жан беріп қана қоймайды, оның эмоциональдық болуын күшейтеді.

Оқушылардың алдында ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеу темпімен де байланысты. Мұғалімге тым тез сөйлеуге де тым баяу сөйлеуге де болмайды. Мұғалімнің айтпақ ойының мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы тиіс.

Сөз қолдану мәдениеті ең алдымен сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты. Дұрыс жазу талабы – ресми түрде қаблылданған жалпыға ортақ емле ережесін сақтау. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болады. Себебі емле ережелері заңды түрде бекітіледі, жалпыға ортақ, міндетті. 1940 жылғы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке көшкеннен бері де емле ережесіне біраз өзгерістер енгізілген. 1983 жылғы 25 августа Қаз ССР жоғары Советінің Презендумы бекіткен қазақ тілі орфографиялық ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орфографиялық нормалардың бір жүйеге түсуінде маңызы өте зор. Өйткені бұл өзгерістер қазіргі жазуымызда қиындық туғызып отырған ең бір актуальды мәселеге сөздердің (терминдік мәні бар сөздік) бірге не бөлек жазылуы мен орыс шет тілінен енген сөздерге қосымшалардың қосылу заңдылығына арналып отыр. Мысалы: терминдердің жазылуы туралы: екі, кейде үш түбірден құралып, терминдік мәнге ие болған атаулар мен ақ-құс, жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық тұрмыс, мәдениет, өнер спорт салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атаулары мамандық, кәсіп атаулары сол сияқты екінші сыңары аралық, тану, сымақ сөздерімен келген атаулары бірге жазылады делінген. Осыған орай баспасөз бетінде бірде бірге, бірде бөлек ала құла жазылып келген терминдік мәні бар біраз сөздер: бесжылдық, көзқарас, сутегі, сүтқоректілер, түйеқыран, ауданаралық, қоғамтану т.б. бірге жазылып бір жүйеге түсті. Сол сияқты орыс – шет тілінен енген сөздерге де қосымша негізінен жіңішке вариантқа жалғанып қолданылуда (педагогтік, паркке, офиске т.б.)

Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына сай, дәл, сәйкес жұмсауымен тығыз байланысты. Айқын ойлап, дәл айту үшін сол айтылуға тиісті зат пен оның санамыздағы көрінісі-сөздің арасындағы байланысты, қатынасты жақсы білуіміз керек. Ол айқындылығы, мағына дәлдігі логикалық дәлдікпен ұштасады. Сөз бен оның білдіретін мағынасының арасында қарама-қайшылық, бірін-бірі жоққа шығарушылық немесе байланыссыздықтың болмауы тиіс.

Сөздер мағынасына қарай бір – бірімен көп мағыналы, омонимдес, мәндес те болып келеді. Мағыналас сөздерді қолдану арқылы сөздік қорымызды молайта түсуге болады. Мысалы: биік және жоғары; биік жартас, жоғары жартас т.б.
Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:


  1. Мәнерлі сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

  2. Сөз қолдану мәдениеті дегеніміз не?

  3. Сөз қолдану мәдениетінде айқындылықты логикалық дәлдікпен қалай ұштастыруға болады?


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

№ 8 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Рефлексия болашақ мамандардың кәсіптік тіл тәжірибесінің негізі.
2. Сабақтың жоспары:

1. «Рефлексия» ұғымы жалпы сипаттамасы .

2 . Сезім мен ойды бірдей қабылдау қабілеті .

3 . Музыка мұғалімінің сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы рефлексияның

ролі .

3. Сабақтың мақсаты: қазіргі қоғам дамуында мұғалімнің жеке қасиетіне, гуманитарлық бағытына, мамандық біліктіліне жоғары талап қоя білу.
4. Әдістемелік нұсқаулар:

Рефлексия дегеніміз –адамның санасын өз-өзіне шоғырландыру .

Басқаша айтқанда Рефлексия дегеніміз –адамның санасының өз-өзіне ,өзінің бейне тұрпатына ,ой өрісіне ,сезіміне шоғырландыру .Рефлексия бұл адамның өзінің психологиясын ,және өзінің іс -әрекетін зерттеу .

Қазіргі қоғам дамуы мұғалімнің жеке қасиетіне, гуманитарлық бағытына, мамандық біліктіліне жоғары талап қойып отыр. Бұл тұрғыда табысқа жету, көбінесе, ұстаздың оқыту құралын, әдіс-тәсілін, жалпы сабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық технологиясын кәсіби шеберлікпен меңгеруімен айқындалады әрі мұның ішіндегі ең бастысы мұғалім сөзі болып табылады.

Соңғы жылдары педагогика ғылымын оқып үйренуде мұғалім сөзінің құдіреттілігін айқындайтын жаңа тірсектер пайда болады: «оқыту тілі»

(Л. Клинберг), «сөйлеу шеберлігі» ( В. Чихачев), «Оқу –педагогикалық тіл» (Ю. Рождственский), сондай-ақ Т.Ладыженскойдың зерттеулеріндегі «тірі сөз» метафора –тіркесі және тағы басқалар. Сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді және басты назарда адам тұрады. Өйткені, адам –тілдің сақтаушысы әрі ойлап табушысы. Міне, осыдан келіп мынадай түсініктер туындап отыр: «тіл даралығы» (Ю.Караулов), «тілдің өмір сүруі» (Жапония), «лингвистикалық экология» (Л.Скворцов), т.т.

Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қан қоймай, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, оқып білгенін терең түсінуге және психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, нақтылықтан шынайылыққа алмасу үрдісіндегі аралықө буын болып табылады. Бұл жөнінде А. Лосев мына фактіні атап көрсетеді: адам сөзі өзінің жеке тар шеңберінен шығып, әлемге үн қатады. Демек, ол-субьект пен обьект арасындағы көпір, қабылдау мен қабылдатудың -өзара кездесу «айнасы» және бірлігі.

Дидактикада «сөз» түсінігі екі құрылымды элементтен тұрады;

1) мұғалім сөзі (вербальді тәсілі мен оқытуды ұғындыруы),

2) оқушы сөзі (вербальді тәсілі мен оқуды ұғынуы).

Оқыту мен оқудағы вербальді тәсіл деп сабақ кезіндегі мұғалім мен оқушы арсындағы жан-жақты сөйлеу түрлерін айтамыз (ой-пікірлерін білдіру, әр түрлі сұрақ-жауаптар алмасу, т.б.).

Ендеше «мұғалім сөзі» және «оқушы сөзі» деп жіктейтін болсақ, онда оны ғылыми тұрғыдан былай қарастырамыз:

-философия, социология – мұғалімі мен оқушының, жеке мен топтың өзара қарым-қатынасы;

-коммуникация теориясы, сөз қызметінің теориясы – қатынас түрі, сөйлесу қатынасы;

- еңбек психологиясы және мұғалімнің жеке қасиеті –мұғалімнің жеке даралығын жүзеге асыру тәсілі;

- шешендік өнер психологиясы мен сахналық өнері- шешендік өнерінің түрлері.

Көп жағдайда педагогикалық қызметке табыс әкелетін коммуникативтік іскерліктер:

- оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық жұмысты атқарушылармен және әріптестермен дұрыс педагогикалық мақсаттарға жету үшін өзара қарым-қатынасты орнату;

- мектепте, сыныпта ұжымаралық және ұжым ішіндегі қарым-қатынасты реттеу және дұрыс жолға қою;

- балалармен жақсы қарым-қатынасты орнату үшін қажетті және іс-әрекеттік формаларды табу.

Сондай-ақ болашақ мұғалім тәжірибесінде мына төмендегідей қолданбалы іскерліктер де қалыптасады:


  • ән салу (таза айту, дикция, дауыс тембрі және т.б.);

  • билеу (әр түрлі қозғалыстардың элементтерін – вальс, полька, халық билерін көрсету);

  • сурет салу (музыкалық бейнелерді бейнелеу- нота, скрипкалық және бас кілттері, мелизмдер, көрнекі құралдар және т.б.);

  • музыкалық аспаптарда ойнау ( фортепиано, баян, домбыра, шулы аспаптар және т.б.);

  • іс-әрекеттің әртістілігі (музыкалық шығарманың характерін көрсету);

  • әр түрлі музыкалық ойындарды өткізу («Соқыр теке» және т.б.).

Мұғалім мен оқушының вербальді қызметі психология – педагогикалық әдебиетте бірнеше классификацияға жіктеледі;
Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Рефлекция дегеніміз не?

2. Рефлекция нені зерттейді?

3. Дидактикада «сөз» түсінігі қанша құрылымды элементтен тұрады?

4.Болашақ мұғалім тәжірибесінде қолданбалы іскерліктер қалыптасады?

Қолданылатын әдебиеттер:


    1. Сұлтанова М.С. Педагогическая рефлексия в формировании речевых на выков учитель музыканта поиск., А., 1999.

    2. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

    3. Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982

    4. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

    5. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

    6. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2

№ 9 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Рефлексия болашақ мамандардың кәсіптік тіл тәжірибесінің негізі.
2. Сабақтың жоспары:

1.Тыңдаудағы басты механизм

2. Оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндеттері

3. Педагогикалық техника



3. Сабақтың мақсаты: мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қан қоймай, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, оқып білгенін терең түсінуге және психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі

4. Әдістемелік нұсқаулар:

Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қан қоймай, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, оқып білгенін терең түсінуге және психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, нақтылықтан шынайылыққа алмасу үрдісіндегі аралықө буын болып табылады. Сабақтағы вербальді қызметті мұғалім және оқушы сөзі деп бөлу қабылданған. Мұнда дидактикалық қарым-қатынас басшысы ретінде мұғалім сөзіне басты назар аударылады. Біз мұғалім сөзі деп сабақ үстіндегі және еркін жұмыс кезіндегі ұстаздың шәкірт сұрақтарына жауап беруін, сондай-ақ сұхбат, дәріс, әңгіме өткізу, сабақ түсіндіру, т.б. формалар барысындағы сөз жүйелерін түсінеміз.

Сондықтан сабақты тыңдата білудің тиімділігіне жету үшін түсінбеуден түсінуге бару жолдарын және негізгі механизмдердің бұзылуына әкеп соғатын кедергілерді анықтап білу керек.

Бірінші кедергі- тыңдатуға көңіл бөлудің жоқтығы. Мұнда оқушының назарын мұғалімнің аударта алуы айрықша орын алады. Оқушыны бұған тәрбиелеу – оқыту тиімділігінің алғышарты. Ол үшін оның тыңдау қабілетін жетілдіріп, сабақты ұғынуды қалыптастыруға жағдай жасау керек. Яғни оқушының бүкіл назарын мұғалім өзіне және өтіп жатқан дәрісінің мәтініне бағыттай білуі тиіс.

Екінші кедергі – дауысты хабарламаны қабылдата білуді игермеу салдары. Өйткені, тыңдата білу бір жағынан тіл құралы – сөйлеу мәнері арқылы түсіндіріп, қабылдатуды, екінші жағынан сөзбен жеткізілген сабақ мазмұны ойлантып, толғантуды талап етеді.

Барлық фонологиялық тіл құралын қабылдату қабілеттері мен сөз саптау ерекшеліктері сөйлеу бейімділігі деп қарастырылады. Демек физикалық, фонетикалық, интонациялық компоненттерді жетілдіру – мұғалімнің дәрісті тыңдата білудегі тиімді екінші шарты болып табылады.

Тыңдаудағы басты механизм - айтылған сөзге ой жүгірте білу. Мәселен,

Л. Выготский, Н.Жинкин, т.б. психологтердің зерттеулерінің нәтижесінде сөздің ойға айналатынын білеміз. Ал, ойлау үрдісінде әр нәрсені талдай білу қажеттілігі ерекше рол ойнайды. Соның негізінде адам ойы одан ары өркендеп, жетіле түседі.

Оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндеттеріне байланысты дәріс кезінде сөйлеу мәнерінің түрлі жобаларын біліп, қайсысын қолдануды айқындау керек. Жаңа тақырыпты игертуде хабарлама сөйлем тиімді болса, оны нақтылау мен терең сіңіртуде мұғалімнің дәлелге толы сөздері әсерлі келеді. Сондай-ақ педагог өз монологіне сабақ өтудің декларативті және императивті формаларында пайдалануға болады. Яғни мұнда ауызша сабақ үрдісінде мұғалім мен оқушы арсындағы дидактикалық міндет мұғалімнің жеке басының қабілеті ерекше орын алады. Ол үшін мұғалімнің жеке сапалық қасиеттері жоғары болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушыларының ішкі жан-дүниесіне үңіле алады., бойында бар адамгершілік қасиеттерін оятады және ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, т.т. оқушыларды өзіне тарта, қызықтыра тәрбиелеп басқару олардың білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, ілгері қарай жылжып, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қабілеттерін ашады. Қысқасы, мұғалім сөзінің, жалпы бала тәрбиесіндегі өзіндік орны айрықша. Сондықтан бұл мәселеге ғылыми тұрғдан қарап, әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы, педагогикалық техникаларды толық меңгеруі шарт. Ал педагогикалық техника дегеніміз- мұғалімнің өзін -өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сезімталдығы, сөзге шешендігі. Мұның ішіндегі ең бастысы-мұғалім сөзі. Өйткені мұғалім сөзінің оқыту–тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды және ол арнайы зерттеулерді талап етеді.

Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қан қоймай, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне қандай жағдай жасауға болады?

2. Тыңдаудағы басты механизм дегеніміз не?

3. Педагогикалық техника дегеніміз не?

4. Мұғалім сөзін оқыту, тәрбиелеу үрдісінде қалай қолдануға болады?
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Сұлтанова М.С. Педагогическая рефлексия в формировании речевых на выков учитель музыканта поиск., А., 1999.

  2. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

  3. Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982

  4. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

  5. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

  6. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2

№ 10 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тақырыбын құрастырудағы конструктивті әдіс.

2. Сабақтың жоспары:

1. Конструктивтік қызметтің іскерлік түрлері.

2. Тіл байлығы – сөз байлығы.

3. Сабақтың мақсаты: педагог-музыканттың конструктивтік қызмет негізіндегі кәсіби мазмұндық іскерліктер

4. Әдістемелік нұсқаулар:

Педагог-музыканттың конструктивтік қызмет негізіне келесі кәсіби мазмұндық іскерліктер жатады:



  • оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;

  • оқу-тәрбие материалын іріктеу( сабақ барысын алдын-ала жоспарлау, материалды меңгерудегі кездесетін қиыншылықтар);

  • оқуды дифференциялау;

  • оқушыларды жете білу және даралық әдісті жүзеге асыру;

  • сабақтағы іс-әрекетті педагогикалық белсенділікпен ойластыру;

  • өзінің педагогикалық тәжірибесін және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін қорытындылау;

  • оқушылар ұжымы тәрбиесінің және жеке тұлғаларының дамуына әсер ететін арнайы жағдайларды болжау.

Тіл байлығы – сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық–ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой манерасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, оны орынды ойлы, образды жұмсай алмасақ одан не пайда? Аз сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парқын, мән-мазмұнын, стильдік болуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның творчестволық сипатымен ұштасып жатады.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі –тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенге айтайын деген ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарлануын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды.

Сөз қолдану мәдениеті сөзді мағынасына сай дұрыс қолданумен қатар оны әсем де әсерлі, көркем, образды етіп жұмсауды да талап етеді. Сөз әсерлілігі сөзді мәнерлеп айту мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты. Сөз мәнерлілігі сөйлеген кезде орфоэпия заңдылықтарын сақтаудан, сөздің екпінін, интонациясын дұрыс қойып айтудан көрінеді. Ал бейнелеу тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық бояу-нақышымен, сыр сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Теңеу әсірелеу, метафора, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер–кейіпкер бейнесін сомдауда, баяндалып отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсетуде жазушының негізгі қаруы.

Сөйлеу әуезділігі буын екпіні мен сөз екпіні қолайлы орналасуынан болады. Ең алдымен буын екпіндерінің арасы тым жақын келсе, не алыс келсе, әуезділігінде кемшілік пайда болады. Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бірыңғай келгенде болады да, тым алыс болыа келу өңшең ұзын сөздер бірыңғай келгенде болады.

Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуынан болады. Олай құрастыру сөйлеушінің, яғни жазушының шеберлігіне байланысты. Сөздің кестесін келтіріп айту деген сөз, Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі–бұлардың бәрі сөйлеу әуезділігіне байланысты айтылған сөздер. Сөз кестесі келсе құлаққа жағымды болады. Құлаққа жағымды болуы әуезділік болады. Сондықтан да ондай сөздердің сөйлемдері өрнекті сөйлем деп аталады.
Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Педагог-музыканттың конструктивтік қызмет негізіндегі кәсіби мазмұндық іскерліктерді

оқу-тәрбие жұмысында қалай жоспарлаймыз?

2. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі қандай?

3. Сөз қолдану мәдениеті сөзді мағынасына қарай қалай қолданамыз?
Қолданылатын әдебиеттер:


    1. Сұлтанова М.С. Педагогическая рефлексия в формировании речевых на выков учитель музыканта поиск., А., 1999.

    2. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

    3. Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982

    4. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

5.Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

6.Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2


№ 11 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Мәтіндерді құрастыру (лекция, әңгіме, хабар т.б.) және оқушылармен музыкалық жұмыс барысында сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.
2. Сабақтың жоспары:

1. Текстерді құрастыру.

2. Текс түрлері.

3. Көркем текстегі жалпы бейнелік сөздер.


3. Сабақтың мақсаты: Сенім арқылы тәрбиешілер мұғалімдер шәкірттердің сана-сезіміне әсер етіп олардың әрекеттері мен іс-қимылдарына деген жауапты қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау.

4. Әдістемелік нұсқаулар:

Композицияны жоспарлау (материалды баяндау әдістері; композициялық–стилистикалық тәсілі). Текст түрлері (көркемдік, оқулық, публистикалық).

Сенім-бұл тәрбиеленушінің игі қасиеттерін қалыптастыру және жағымсыз қасиеттеріне жол бермеу мақсатымен олардың сана сезіміне ерік жігеріне ықпл жасау.

Мұның өзі әдетте мінез-құлық нормаларымен ережелерін адамгершілік принциптерін түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Алайда мұғалім мұны тек ауызша түсіндірумен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Тәжірибе практика нақты істерде айналадағы адамдарға ең алдымен ұстаздың ата-аналарының жеке өнегесі де сендіреді. Бұл үшін кітаптар, кинофильмдер телевизия және радио хабарлары пайдаланылады.

Сенім арқылы тәрбиешілер мұғалімдер шәкірттердің сана-сезіміне әсер етіп олардың әрекеттері мен іс-қимылдарына деген жауапты қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасайды. Өмірге деген дұрыс көз-қарастарды қалыптастырады.

Сенім ұғымының екі мағынасы бар:

1. Ол адамның белгілі бір идеялары негізінде қалыптасқан дүние танымдығын құрамдас бөлігін айқын көз қарасын бір нәрсеге деген сенімін білдіреді.

2. Ол тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу үшін қолданылады. Бұл тәсілдер тәрбиеленушінің сана сезіміне жоспарлы және нысаналы түрде педагогикалық ықпал жасауды, оларды моральдік саяси білімімен қаруландыруды көздейді.

Осы білімге сүйене отырып, оқушылардың мінез құлықтарының дұрыс бағытын таңдай алады, айналасындағы адамдардың іс қимылымен әрекетін сын көзбен салмақтап өз мінез құлқын дұрыс бағалай алады.

Мұғалімнің шеберлігі бәрінен де оның қоятын сұрақтарынан айқын көрініс береді.




  1. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

    1. Композицияны жоспарлау дегеніміз не?

    2. Текс неше түрге бөлінеді?

    3. Сенім ұғымының қанша мағынасы бар?

    4. Мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі қандай?


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

№ 12 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Мәтіндерді құрастыру (лекция, әңгіме, хабар т.б.) және оқушылармен музыкалық жұмыс барысында сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.
2. Сабақтың жоспары:

1. Дайындау сұрақтары арқылы оқушыларға алдын-ала тәжірибе ұйымдастыру.

2. Демеу сұрақтары оқушылардың ақыл ойын ынталандыра түсетін негізгі тобы.

3. Мұғалімнің алдына қойған тапсырмасы бойынша демеу сұрақтарын белгілі жүйелерге топтау.



3. Сабақтың мақсаты: Сенім арқылы тәрбиешілер мұғалімдер шәкірттердің сана-сезіміне әсер етіп олардың әрекеттері мен іс-қимылдарына деген жауапты қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау.

4. Әдістемелік нұсқаулар:

Мұғалім қоятын сүйемелдеу сұрақтар оқушы ойына қозғау салатын негізгі күш. Ол ойға бағыт береді, өзгертеді, шапшаңдатады немесе баяулатады. Оқушылар ойының бағыты, өріс алуы қандай қорытындыға келуі мұғалімнің сұрақтарына байланысты.

Мұғалімнің сүйемелдеу әңгімесі үстінде қоятын сұрақтарын дайындау демеу және жетелеу сұрақтарды бөлуге болады.

Дайындау сұрақтары арқылы мұғалім оқушылардың алдын-ала тәжірибесін ұйымдастырады, оқығанды талдауға неғұрлым толығырақ пайдалану үшін осы тәжірибенің сандық және сапалық жәрдемімен мұғалімнің оқушылардың оқыған шығармаларының мазмұнын негізгі кейіпкерлердің образдарын жеке сөз өрнектерін және тағы басқаларын мәнді байланыстырады, қарым-қатынастарын естерінде қалғандарын тексере алады.

Демеу сұрақтары оқушылардың ақыл ойын ынталандыра түсетін негізгі тобы. Олардың қатарына түбегейлі өз ара байланыстарды аша түсетін және дәлелдеуге қажетті проблемалық сұрақтар жатады.

Нақты шығарманы талдауға қатысты өлшеу сұрақтары текстің өзінен туындап отырады. Олардың дайындау сұрақтары сияқты алдын-ала жоспарлауға белгілі бір ретке келтіруге болады.

Мұғалімнің алдына қойған тапсырмасы бойынша демеу сұрақтарын белгілі жүйелерге топтауға мүмкіндігі бар.

Импровизация–сөйлеу мәдениетін жандандыруда қажетті. Импровизация – алдын-ала жоспарланған қатынас түрлерін қадағалаушы және бағыттаушы. Импровизация кезіндегі іс-қимылдардың реттілігі:



  • ситуацияны тез анализдеу, әсер ету қатынас құралын таңдау;

  • өз-өзіне әсер ету;

  • импровизация нәтижелерін түсіну мен ойлауға қатысты бағалау ситуациясы.

Жетелеу сұрақтарына деген қажеттілік сабақ үстінде туады. Оларды барлық кезде алдын-ала ойластыруға болмайды. Бірақ олардың ұтқырлығы мен тереңділігі қайда – қалай түсетіндігі көбіне осыған байланысты.
5. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Текст құрастыру барысында оқушыларға сұрақ қою дағдыларын қалай қалыптастырамыз?

2. Дайындау сұрақтары мен демеу сұрақтарының арасында қандай айырмашылықтар бар?

3. Импровизация дегеніміз не?

4. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша демеу сұрақтарын қалай бір жүйеге топтауға болады?
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

№ 13 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Музыкалық шығармалардың әдеби мазмұнымен жұмыс.
2. Сабақтың жоспары:

    1. Музыкалық шығарманы көркем мәнерлі орындауда әдеби және музыкалық

текстің байланыстылығы .

    1. Интонация сипаттамасы .

3. Сөз және музыка интонациясы .
3. Сабақтың мақсаты: сөз өнері арқылы музыка сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін ұйымдастыру
4. Әдістемелік нұсқаулар:

Сөз өнері музыка сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін ұйымдастырудың және арттырудың факторы қызметін атқарады. Музыка мен сөз өнерінің көмегімен балаға жеткен идеялар, ойлар, сезімдер оның бойында қызығушылық тудырады, ерік жігерін жұмылдырады, музыкалық есту әрекетіне тартады, итермелейді. Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі міндеттерінің бірі: өз басының сөйлеу мәдениетін әрдайым жоғарғы деңгейде ұстауы, сол арқылы ғана оқушылардың музыкаға деген қызығушылығына қолайлы жағдайлар жасай алады. Сабақтағы музыка тыңдай, талдау, түсіндіру, қорытындылау әрекеттерінің нәтижелігі мұғалімнің сөз шеберлігіне, икемділігіне, шығармашылық қасиетіне байланысты. Мұғалім тек белгілі бір шығарманы орындап қана қоймай, ол туындылар жайлы әңгіме жүргізеді, пікір алысады, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін сөз арқылы жеткізе түсеге тырысады.

Мәселен, күй жанры талдау барысында қобызға арналған сан алуан күйлердің авторы, шебер орындаушы Ы.Дүкенов–халық композиторы өзінің аспапта ойнау шеберлігі мен тыңдаушыларға ерекше әсер ете білгендігі, қобызда жан-жануар, құстың дауысына еліктеп әртүрлі дыбыс әуендерін салғаны жайлы әңгіме жүргізуге болады. «...Бір күні Ықылас қобызда қасқырдың ұлығанын орындайды. Әуелі жалғыз ішекте бір қасқырдың, одан кейін екі қасқырдың, ақыр аяғында ұлыған көп қасқырдың үнін келтіреді. Ықыластың ойынын естіген ауыл иттері қобызда орындалған сазды ұлыған қасқырлар үніне салып ауылды айнала шауып мазасызданып үре беріпті».

Болмаса, Раздықтың «Аңшының зары» күйін тыңдатпас бұрын төмендегідей әңгіме жүргізе аламыз. Раздықтың бұл күйінде ағайынды екі жігіт ортасында өткен тарихи трагедия баяндалады. Аңшылықты кәсіп қылған екі ағайынды бір себептермен елден кетіп, таудың шатқалын мекендейді. Күндердің күнінде екеуі қырқада аң аулап жүргенде, ағасы бір құлан атып алады. Құланның етін қапқа салып, терісін дегдітіп отырғанда, аспанды аяқ астынан бұлт торлап, қылың нөсер бұршақ құйып кетеді. Аңшы тастың қуысында құланның терісін күркелеп, паналауға мәжбүр болады. Інісі оны құлан екен деп атып келіп қараса өзінің ағасы екенін байқайды. Еңіреп жүріп, ағасын арқалап қасына әкелуге батылы бармай, бір жерге жайғастырып, ауылына келеді. Керегедегі қоңыр домбыра қолына түсіп, бір мұңды күй шертеді. Сезімтал жеңгесі: «Күйің зарлы ғой, осы ағаңнан айырылып қалғаннан саумысың?» - депті. Сонда аңшының қолынан домбыра түсір кеткен екен дейді аңызда.

Мұғалімнің жеткізген бұл көркем, орынды, әсерлі де мәнерлі әңгіме – сөзі музыканы тыңдай, қабылдай білуге қызықтырып, оларды толғандырып, ойландырып, жүйелі түрде оны тыңдауға, талдап, салыстыруға бағыттайды.
5. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:
1. Сөз өнерін қолдану арқылы музыка сабақтарында оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

2. Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі міндеттер қандай?

3. Сабақтағы музыка тыңдау, талдау, түсіндіру, қорытындылау әрекеттерінің нәтижелігі мұғалімнің сөз шеберлігіне, икемділігіне, шығармашылық қасиетіне байланысты қалай байланыстыруға болады?
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

№ 14 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Музыкалық шығармалардың әдеби мазмұнымен жұмыс.
2. Сабақтың жоспары:

1. Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі талаптар

2. Сабақтағы музыка тыңдау, талдау, түсіндіру, қорытындылау кезінде мұғалімнің сөз шеберлігі.

3. Сабақтың мақсаты: оқушылардың музыкаға деген қызығушылығына қолайлы жағдайлар жасау

4. Әдістемелік нұсқаулар:

Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі міндеттерінің бірі: өз басының сөйлеу мәдениетін әрдайым жоғарғы деңгейде ұстауы, сол арқылы ғана оқушылардың музыкаға деген қызығушылығына қолайлы жағдайлар жасай алады. Сабақтағы музыка тыңдай, талдау, түсіндіру, қорытындылау әрекеттерінің нәтижелігі мұғалімнің сөз шеберлігіне, икемділігіне, шығармашылық қасиетіне байланысты. Мұғалім тек белгілі бір шығарманы орындап қана қоймай, ол туындылар жайлы әңгіме жүргізеді, пікір алысады, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін сөз арқылы жеткізе түсуге тырысады.

Құрманғазының «Сарыарқа», «Кісен ашқан» шығармалары Х. Ерғалиевтың «Құрманғазы» поэмасыман, Ә. Қастеевтың «Құраманғазының өмірімен творчествосы» атты тақырыптық суреттермен байланыстырылса, Айша бибі мазары, ол жайлы аңыз әңгіме Айша бибі ою-өрнегімен ұштастырылып, А.Қоразбаевтың «Айшаның әні» шығармасымен, Махамбеттің күй-термелері, Наурызбай мүсіншінің туындыларымен, Г.Исмайлованың «Дина» шығармасын Д.Нұрпейісованың туындыларымен және С.Бақбергеновтың «Қайран шешем» еңбегімен, К.Байсейітованың орындауында бейнеленген «Қыз Жібек», Шараның орындауында бейнеленген «Қазақ вальсі» Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» әндерімен ұштастырылып, проза-поэзиялық мақал-мәтел, нақыл сөздерді нақты қолданғанда ғана, оқушының қызығушылығы артып, сана - сезімі, ақыл –ойы өсіп, жетіліп, музыканың небір құпия сырларына үңіле алатыны анық.

Н.Тілендиевтің «Аққу» күйімен таныстыру барысында I-курс студенті Арай композитордың шығармашылық өмірін баяндай келе, аққу тақырыбын өнердің түрлі салаларымен (кино, театр, ән, күй, поэзия, би, бейнелеумен) байланыстырып, көркем суретті қолдана отырып, тәкәппар, сұлу, адал киелі құстың бейнесі М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен толығымен шебер аша білді.

«...Аққулар...»

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?...

Музыка жайындағы осындай әңгімелерден кейін, студенттердің қызығушылығы артып, музыканы талдау барысында көптеген жетістіктерге жетті.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар», - деген Абайдан бастап, ән құдіреті, мазмұн мәні, маңызын талдай келе, күміс көмей, жез таңдай әнші Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Жүсіпбек Елебеков жайлы лекция – концерт өткізуге болады. ... Таудан аққан таза бұлақ сылдырындай ағылып төгілген сиқырлы үн бірде аспанға өрлеп қалықтаса, енді бірде мұңға толы сырлы саз сезім қылын тербетіп, тыңдаушысын тербетіп, тыңдаушысын терең ойға шомдырады. Сыршыл сұлу лириканың иесі Жүсіпбек орындауындағы «Ғалия», «Арарай», «Балқұрай», «Сегіз аяқ» т.т. әндер адамның ішкі дүниесін тербеп, нәзік иірімдерімен, әшекейлі өрнектерімен баурайды. Ж.Елебековтың театр сахнасындағы сан алуан тұлғаларды кемеліне келтіре жоғарғы дәрежеде орындауының табыс кепілі, бір жағынан, әншілік өнері болса, екіншіден, халықтың өмір тіршілігінде кездесетін ірілі-уақты оқиғаларға құрылған аңыздар мен ән-жырларға қанықтығының маңызы зор еді. Бойындағы барлық жарасымды қасиетін халықтың рухани азығына айналдырған әнші есімі әрқашанда ел аузында, көпшіліктің көңілінде сақталып, өнегелі ұрпақ, шәкірттері өлмес өнерін өзіндей етіп жалғастыра береді.

Расында, мұғалім сөзі музыкалық шығарма алдында және оның мәнерлілігін талдау барысында қолданған кезде оқушылардың музыканы айқынырақ аңғаруының белсенділігі артады. Себебі, оқушылардың зейіні шығарманың бейнелілік жағына аударылып, қызығушылығы артады, қабылдау үшін қажетті дайындық құрылады, олардың қиялы мен сезімдік жауабы оянады. Сабақтағы музыка тыңдау, талдау және әрбір әңгіме сайын оқушылар белсенді ізденіске тартылып, музыкалық бейнелер мен идеяларды табуға қатысады, олардың музыкалық шығарманы қабылдауы мен орындауы айқынырақ болады.

Сонымен, мұғалім жұмысының нәтижелілігі оның кәсіби даярлығына негізделе отырып, сөз шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім сөзі сезімге бай музыкаға сүйіспеншілікке толы, музыканы түсіне білуге үйретуде ықылас-ниеті ақын да шынайы болғанда ғана сабақтағы әрбір баланың оқу нысаны - мәдениеттің биік деңгейінде болуы – музыка пәні оқытушысы үшін қажетті сапа.


5. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі талаптар қандай?

2. Музыка сабағында сабақты қызықтыру үшін тақырыпқа сәйкес мұғалім сөз шеберлігін қолдануға бола ма?

3. Музыка сабағында шығарманы қабылдау және орындау кезінде мұғалімнің сөз шеберлігі қандай роль атқарады?


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

10. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ




СӨЖ – тақырыптары, мазмұны

Кредит, сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

1. Сөйлеу мәдениеті-жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші.

1.1

Мәдениет ұғымының мәніне әртүрлі көзқарастар

1

Коллоквиум

14,16,

2. Сөйлеу мәдениеті музыка мұғалімінің кәсіптік даярлығында қажетті сыңар.

2.1

Музыка мұғалімінің сөйлеу мәдениеті анықтамасына сипаттама

1

Реферат

13,4

2.2

Сөйлеу мәдениетін жүзеге асыру шартына қойылатын негізгі талаптар

1

3. Қазақстанда сөйлеу мәдениеті проблемасының әлеуметтік – қоғамдық алғышартының қалыптасуы, дамуы.

3.1

Шешендік өнер-сөйлеу мәдениетінің негізі

1

Коллоквиум

14, 15

3.2

Фольклорлық материалға негізделген қазақ халқының шешендік өнер дәстүрі

1

4. Музыкалық педогогикадағы сөйлеу мәдениеті проблемасының зерттелу қалпы.

4.1

Музыкалық педагогикада сөйлеу мәдениетінің проблемасы

1

Коллоквиум

11, 12.

4.2

Сөз шеберлігімен көзге түскен атақты музыка пәні мұғалім-жаңашылдарының тәжірибелері

1

5. Сөз құрылымы, оның негізгі және коммуникативті қасиеті.

5.1

Сөз қасиетін бағалайтын ұғымдар системасы

1

Коллоквиум

2, 4, 8, 11, 12.

5.2.

Мәтін мазмұнының анықтылығы










6. Болашақ музыка мамандарының монологтык , диологтык сөйлеу шартына сай кәсіптік тіл қатынасына ерекшеліктері.

6.1

Қарым-қатынас, оның кәсіптік сөйлеу мәдениетінің қалыптасуындағы алатын орны мен ролі

1

Коллоквиум

5, 8, 13, 15

6.2

Педагогтық қарым-қатынас стилі, түрлері

1

7. Болашақ музыка мамандарының монологтық, диологтык сөйлеу шартына сай кәсіптік тіл қатынасына ерекшеліктері.

7.1

Тіл іс-әрекетіндегі қарым-қатынас принципі

1

Реферат

6, 15

7.2

Іс-әрекетте және субьект арасындағы психологиялық байланыс

1

7.3

Ауызша және музыкалық әдіс арқылы мәліметтермен алмасу







2,3,5

8. Рефлексия болашақ мамандардың кәсіптік тіл тәжірибесінің негізі.

8.1

Рефлекция ұғымы, жалпы сипаттамасы

1

Коллоквиум

15, 13, 9

8.2

Адамның ойлау принципінің жеке формасы

1

8.3

Адамның ойлау принципінің алғышартын ұғыну және жете түсінуге бағыталуы







1,4,5,6

8.4

Білімнің пән ретінде қаралуы, оның мазмұнын сынай талдау және танып білудің әдісі







2,3,4,5

9. Рефлексия болашақ мамандардың кәсіптік тіл тәжірибесінің негізі.

9.1

Адамның рухани өмірінің ерекшелігі

1

Коллоквиум

13, 9

9.2

Музыка мұғалімінің сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы рефлекцияның ролі

1

Коллоквиум

5,6,7,8

9.3

Тіл-іс-әрекетіндегі рефлекция түрі

1

Реферат

12,14

10. Сөйлеу тақырыбын құрастырудағы конструктивті әдіс.

10.1

Анализ, синтез, қорытынды

1

Коллоквиум

2,4,7,8

10.2

Музыка мұғалімінің сөйлеу процесін конструкциялаудың маңыздылығы

1

Коллоквиум

2,3

10.3

Музыка пәнінің эмоционалды-мағыналық біртұтас драматургиясын құрастыру.




Коллоквиум

6,7,12,13

11. Мәтіндерді құрастыру (лекция, әңгіме, хабар т.б.) және оқушылармен музыкалық жұмыс барысында сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.

11.1

Мәтіннің құрылысы

1

Реферат

2,4,7,8

11.2

Мәтіннің элементтері, өзара байланысы




Коллоквиум

12,14

12. Мәтіндерді құрастыру (лекция, әңгіме, хабар т.б.) және оқушылармен музыкалық жұмыс барысында сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.

12.1

Композицияны жоспарлау

1

Реферат

12,13,14

12.2

Сұрақтардың түрі, сипаттамасы

1

Реферат

12,13,14

12.3

Импровизация

1

коллоквиум

2,4,7,8

13. Музыкалық шығармалардың әдеби мазмұнымен жұмыс жасау.

13.1

Әдеби мәтінді анализдеу

1

Реферат

5,6,7,8

14. Музыкалық шығармалардың әдеби мазмұнымен жұмыс жасау.

14.1

Сөз және музыка интонациясы

1

коллоквиум

12,14




Барлығы:

31








12 .ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Ежелгі заманда бізге жеткен рухани мұрасы қай әдебиет?

А) ауыз әдебиеті

Б) жазба әдебиеті

В) сызу әдебиеті

Г) тас мүсін әдебиеті


2. Оқымыстылар өнерді қандай түрге бөледі?

А) сөз, суретшілік, мүсіншілік, үйшілік, ән-күй

Б) физика, география, математика

В)атмосфера, гидросфера

Г) атом, ядро
3. Қазақ мәдениетін тағдыры қысылымынан сақтап қалған құдіреті күштің бірі

А) ағылшын тілі

Б)неміс тілі

В)француз тілі

Г)ана тілі
4. «Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай жинаған сөз байлығын күймен жырын бізге жеткізді, бұл бәрімізге қымбат бай қазына, мұрат» кімнің сөзі?

А) Абай


Б)Ғ.Мүсірепов

В) Жансүгіров

Г) Ломоносов
5. Дұрыс сөйлеу нормасы

А) лексика

Б) орфография

В) орфоэпия

Г) синтаксис
5. Тіл мәдениеті өнері қай жылдары дүниеге келді

А) 50-ж


Б) 20-ж

В) 30-ж


Г)60-ж
6. Туған тілім тірегімнің айғағы

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін

Өшсе тілім менде бірге өшемін

А) Ә. Тәжібаев

Б) А.Құнанбаев

В) Ы. Алтынсарин
Г) А. Байтұрсынов

7. Музыка мұғалімнің тіл мәдениетінің ерекшелігі

А) балалар мен байланыс орната білу, олардың творчестволық табаын дамыта білу т.б.

Б) есеп шығарту

В) сурет салдыру
Г) компьютер ойнау
8. Тіл мәдениетінің негізі

А) футбол өнері

Б) есеп шығару

В) шешендік өнер


Г) сурет салдыру
9. Шешендік өнер ең алғаш қай елдерде қалыптасты

А) Албания, африка

Б) Египетте, Вавилонда, Индияда, Қытайда, Грецияда

В) Малазияда, Ереванда


Г) Австралияда, Америкада
10. Афина мемлекетінің қайраткерлері

А) Солон, Демосфен

Б) Байтұрсынов

В) Ломоносов


Г) Ом, Гепократ
11. Грек шешендерінің сөз теориясы қалай аталады

А) Арифметика

Б) Ритор

В) Модуляция


Г) Тон, Полутон
12. Риторика теориясының негізін қалаушы?

А) Геракль

Б) Енесей

В) Пушкин


Г) Аристотель
13. Қай шешен өз алдына үш міндет артты?

А) Квинтелиан

Б) Каристо

В) Цицерон


Г) Гепократ
14. Квинтелиан неше кітап жазып қалдырды?

А) 10


Б) 13

В) 12
Г) 5


15. Ресейде қай ғасырда шешендік өнер қолға алынды?

А) XIIғ


Б) XVIIғ

В) XVғ
Г) VIIғ


16. Ғылым саласында шешендерден кім еңбек еткен?

А) М.Ломоносов

Б) В.И.Ленин

В)Сталин
Г)Квинтелиян


17. Орыс шешендердің шеберлері кім?

А) М.И.Лядов, А.Р.Луночарский, Джержинский, Калинин

Б) И.Зайцев, Лужков

В)Зюганов,Титов


Г)Н.Киров,Алдар көсе
18. Қазақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі

А)Сәулет өнері

Б)Музыка өнері

В)Шешендік өнер


Г)Мүсіншілік өнер
19. Шыңғыс ханның бас уәзірі кім?

А) Дәулеткерей

Б) Ш.Уалиханов

В) Асан қайғы


Г) Майқы би
20. (XIV-XVғ.) тұсында өмір сүрген шешендер

А) Демосфен

Б) Жиренше шешен,Әз – Жәнібек хан, Асан қайғы

В)Квинтелиян, Цицерон


Г) Қорқыт
21. Қасқа жол, ескі жол ережелері кімдерге қатысты?

А) Жәнгір хан


Б) Әз-Жәнібек
В) Қасымхан, Есімхан
Г) Жиренше шешен, Аяз би ъ
22. XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басында қандай заң жарияланды?

А) Жеті жарғы


Б) Он жарғы
В) он төрт жарғы
Г) Бес жарғы
23. Қазақ әдебиетінің классиктерін ата?

А) Бұхар, Махамбет, Абай


Б) Цицерон
В) Кастеев, Сверидов
Г) Ломоносов
24. Тіл мәдениетінің негізі

А) Ойын
Б) Сөз


В) мимика
Г) Фонтомимо
25. Тіл мәдениет ғылымының екі үлкен саласы

А) Ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті


Б) Сурет мәдениеті
В) Сәулет мәдениеті
Г) Ым-ишара
26. «Интонация» дегеніміз не?

А) Нота ерекшеліктері


Б) Дауыс ерекшеліктері
В)Аспап ерекшелігі
Г) Адам ерекшелігі

27. Диалог дегеніміз не?

А) екі кісінің бір-бірімен тікелей сөйлескен сөзі
Б) айтылуы бір мағынасы әртүрлі сөздер
В) мағынасы бір айтылуы әртүрлі сөздер
Г) бір-бірімен қарама-қарсы сөздер
28. Музыкалық жұмыс барысында сұрақтар қою

А) есеп шығаруға арналған сұрақ


Б) сурет салу
В) дайындау, демеу жетелеу сұрақтары
Г) демеу сұрақ - жауап
29. Ынталандыра түсетін сұрақ

А) оқығанда неғұрлым ойға түсіретін сұрақ


Б) сұрақ-жауап
В)Демеу
Г) ойластырылған сұрақ
30. Алдын-ала ойластыруға байланысты сұрақ

А) Жетелеу


Б) Көрініс арқылы сұрақ
В)Сұрақ-жауап
Г) демеу сұрақ
31. «Музыка» пәніне қойылатын талаптар

А) Сурет үйірмесін ұйымдастыру


Б) Музыкалық үйірмелер ұйымдастыру
В) Шаңғы тебу үйірмесі
Г)Циркке бару
32. «Дикция» дегеніміз не?

А) Дұрыс жүру


Б) Нотаның анықтылығы
В) Дыбыстың анық айтылуы
Г) Аспаптың анық үнделуі
33. Әрбір ортаның сөйлеу емлесі

А) Жаргон


Б) Дикция
В) Антоним
Г) Амоним
34. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, әннің тәтті мәні оятар» кімнің өлеңі?

А) Кобалевский


Б) Шоқан
В) Жамбыл
Г) Абай
35. Қазақ шешендерінің үш биін ата ?

А) Аязби


Б) Абай
В) Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би
Г) Жәнгір хан
36. Заманның көрнекті ғалымы музыка саласында

А) Демосфен


Б) О.А. Апракцин, Д.Б. Кобалевский, Н.А. Ветлугина
В) Ж.Жабаев
Г) А. Зайцев, Сверидов
37. Әртүрлі сипатта музыка ойнау

А) Жаңылтпаш


Б) Марш, би, күй, вальс, полка
В) Би, мақал-мәтел
Г) қара сөз оқу
38. Музыкаға сай талап бойынша іс-әрекетке айналысы

А) Суретшілік, сәулетшілік дене ойыны


Б) футбол ойнау
В) Хор, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимыл, муызкалық сауат
Г) муз коньки тебу
39. Музыканың негізі

А) Мүсіншілік


Б)Әуен, ырғақ, динамика, екпін т.б.
В) Сәулетшілік өлең айту
Г)Дене ойыны, серуен
40. Сөз дегеніміз не?

А) Тұтас не бірінші буынды екінші жолға көшіру


Б) Жай сөйлем, құрмалас сөйлем
В) Бір-біріне қарама – қарсы
Г) Белгілі заттың құбылыстың, оқиғаның сапа белгілерінің қимылдың т.б ұғымының атауы

11.ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

  3. Петрушин В.И. Музыкальный психология М., Владос 1994.

  4. Сұлтанова М.С. Педагогическая рефлексия в формировании речевых на выков учитель музыканта поиск., А., 1999.

  5. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

  6. Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982

  7. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

  8. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

  9. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ құжаты 3 деңгей

ПОӘК

ПОӘК


042-18.1.32/01-2013

ПОӘК

Оқытушыларға арналған «Концерт пен мейрамдар ұйымдастыру» пәннің оқу - әдістемелік материалдар



28.08.2013 ж.

№1 редакциясы



Оқу - әдістемелік материалдар

« Концерт пен мейрамдар ұйымдастыру»

050106 «Музыкалық білім» мамандығы

4 курс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет