Ќазаќстан республикасыныњ


КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДЫ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



бет35/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДЫ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



  1. - тақырып:



6.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МӘНІ
Ұйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі персоналды басқару болып табылады және оның экономикалық жетістігінің негізгі көзі ретіндегі мәнге ие. Кәсіпорында жаңа технология пайдаланғанмен, біліксіз персонал қызмет атқарған жағдайда шаруашылықтың тиімділігі төмендейді. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің маңызды құраушысы- кадрларды басқару, персоналды басқару технологиясы болып табылады.

Персоналды басқаруға деген жаңа тәсіл өндіріс, табыс, ұйым мүдделеріне қарағанда тұлғаның басымдылығын тануға негізделеді. Осы жағдайға сәйкес басқарудың барлық жүйелері өндіріс үрдісінде қызметкердің қабілеттерін толығымен пайдалануға бағытталған, өз кезегінде ол ұйымның тиімді қызмет етуінің негізі болып табылады.

Жалпы түрде «кәсіпорын персоналы» түсінігі белгілі бір міндеттерді орындайтын, аталған кәсіпорынның жалдамалы қызметкерлерінің барлық жиынтығын қамтиды.

Ұйым персоналыбұл жалға алу келісімшартымен реттелетін, заңды тұлға ретінде ұйыммен қатынаста тұрған жеке тұлғалар жиынтығы.

Басқару объектісі ретінде кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің персоналы болып табылады. Объект ретінде тек бір ғана жеке қызметкерді емес, еңбек ұжымын қарастыру керек. Өйткені тек ұжым ғана нақты дайын өнімді шығаруға мүдделі және жалпы жүйенің іс – әрекетін анықтайтын, заңдар мен ережелердің барлық кешеніне бағынышты болады.

Персоналды басқару субъектісі деп келесілерді айтамыз:


  1. өндірістік кадрларды дайындау, қабылдау, бейімдеу, орын ауыстыру үрдістерін және т.б.басқаратын функционалды аппарат;

  2. бағынышты бөлімшелер мен ұжымдарға басшылықты жүзеге асыратын желілік басқарушы персонал;

  3. ұжым мүшелерін біріктіру, жұмысшыларды тәрбиелеу және т.б. бойынша бірқатар функцияларды орындайтын әртүрлі жұмысшылар, кәсіподақ және т.б. қоғамдық ұйымдар;

  4. ұжымдағы бейресми жетекшілер ( лидерлер).

Еңбек потенциалыбұл адамның еңбекке қатысу шектері мен мүмкіндіктерін, белгілі бір жағдайларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу қабілетін, сонымен қатар еңбек үрдісі барысында жетілу мүмкіндіктерін анықтайтын адамның жеке және интеллектуалды қасиеттерінің жиынтығы.

Жүзеге асырылған еңбек әлеуеті адами капиталды құрайды.



Адами капитал –белгілі бір уақыт аралығында табыс табуға мүмкіндік беретін және салынған инвестициялардың нәтижесі болып табылатын адамның өндіруші активтері (қабілеттер, білім, бейімдер).

Персоналды басқарусыз кәсіпорындардың, кез – келген меншіктегі мекемелердің қалыпты қызмет етуі мүмкін емес. Бағытты анықтау мен персоналмен жұмыс істеудің бағыттарымен негіздерін анықтау үшін, оған қойылатын жалпы және ерекше талаптарды анықтау үшін кәсіпорынның кадрлық саясаты жасалынады.



Кәсіпорынның кадрлық саясаты деп персоналмен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтайтын теориялық көзқарастардың, талаптардың, қағидалардың жүйесін, сонымен қатар жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу әдістерін айтады. Кәсіпорынның персоналыды басқару жүйесі туралы жалпы сипаттаманы 16 – суреттен көруге болады.

Кадрлық саясатты жүзеге асыру үшін жоспарлар жүйесі, нормалар мен нормативтер, әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және басқа да шараларды қажет етеді.

Ірі компаниялар мен ұйымдарда персоналды жұмысқа алу мен таңдауды әдетте кадрлар бөлімі жүзеге асырады, ал шағын кәсіпорындарда персонал бойынша менеджер немесе олардың тікелей басшысы жүзеге асырады.

Кез – келген менеджер үшін өз қызметінде кадрларды жұмысқа қабылдау, яғни белгілі бір лауазымдық қызметке сәйкес келетін адамдарды іздеу мен жұмысқа тарту үрдісі маңызды орын алады. Персоналды таңдаудағы жетістік кәсіпорынға адами факторға деген өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Таңдаудың ең маңызды талаптары:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет