Ќазаќстан республикасыныњ



бет43/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Мақсатты байланыстық мәмілелер – мазмұнынан оның тараптары қандай мақсатты көздейтіндігі көрсетілетін мәмілелер. Каузальды мәміленің шынайылығы оның мақсатына байланысты қойылады. Мақсат заңды және қол жетімді болуы керек. Каузальды мәміле абстрактілі мәміленің қарама-қайшы түрі болып табылады.

Мәміленің жарамдылық шарттары 21- суретте көрсетілген.



МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ

21-сурет. Мәмілелердің жарамдылық шарттары
Мәміленің жазбаша түрі (келісімшарт) тараптармен қол қойылған бір құжатты құрастыру жолымен, сонымен қатар электронды, телефонды, телеграфты, почталық немесе басқа да байланыс құралымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мәміленің нотариалды куәландырылуы жазбаша түрде орындалған құжатқа, нотариалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы нотариустың немесе басқа лауазымды тұлғаның куәландырылатын қолының қойылуымен жүзеге асырылады. Мәмілелерді нотариалды куәландыру келесідей жағдайларда міндетті: заңда көрсетілген жағдайларда, заң бойынша аталған қызмет түрлері үш тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайда. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуымен, басқа біреуге өтуімен немесе тоқтатылуымен және басқа да құқықтармен байланысты мәмілелер мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Жылжымайтын мүлікке жер участкелері, жер астындағы байлықтар, су объектілері, ормандар, көпжылдық өсімдіктер, үйлер, ғимараттар және т.б. жатады.

Мәміленің жарамсыздық шарттары 22-суретте көрсетілген.




22-сурет. Мәміленің жарамсыздық шарттары
Мәміленің қарапайым жазбаша түрін ұстанбау оның жарамсыздығын білдірмейді, алайда талас болған жағдайда, тараптарды оның жасалуын, мазмұнын немесе куәгерлік көрсетулермен орындалуын растау құқықтарынан айырады.

Алайда тараптар куәгерлік көрсетулерден, дәлелдеулерден басқа жағдайларда оның жасалуын, мазмұнын немесе жазбаша немесе басқа да дәлелдеулермен негіздеуіне құқықтары бар. Заннамалық актілерде тікелей көрсетілген жағдайларда немесе тараптардың келісімі жағдайында, мәмілелердің қарапайым түрлері ұстанбау оның жарамсыздығына әкеледі. Сыртқы экономикалық мәміленің қарапайым жазбаша түрін ұстанбауда мәміленің жарамсыздығына алып келеді.




    1. КЕЛІСІМШАРТ – КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТЫ. КЕЛІСІМШАРТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Келісімшарт кәсіпкерлік мәмілелерді жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ететін жетекші механизм болып табылады. Кәсіпкерлердің (ұйымдардың) барлық шаруашылық серіктестермен жасалатын келісімшарттары, кәсіпорындар қызметін реттеудің жетекші түрлерінің бірі болып табылады. Келісімшартты жасау барысында міндеттемелердің орындалу мерзімін, қамтамасыз ету түрін (тұрақсыздық айыбы, кепілзат, ұстап қалу, кепілдендіру, банктік кепілдеме, алдын-ала төлем) және орындалу орнын қарастыратын, келісімшарт мәнінен шығатын міндеттемелерді орындау туралы ережелер ерекше маңызға ие болады. Келісімшарт туралы жалпы сипаттама 23-суретте көрсетілген.



23-сурет. Келісімшарт туралы жалпы ереже

Келісімшарт тараптардың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бекітетін заңды құжат (егер ол заңға сәйкес құрастырылса). Егер келісім жасалғаннан кейін жаңа заң қабылданып, келісім шарт жасалған кезге қарағанда тараптар үшін басқа ережелер белгіленген болса, бұрынғы келісім шарт өз күшін сақтап қалады. Әдетте, келісімшарт жасау тараптардың келісімі ретінде үш сатыдан тұрады: жасалуы, орындалуы және тоқтатылуы (24-сурет).



24-сурет. Келісімшартты жасасу, келісімшартты өзгерту немесе тоқтату

Келісімшарт бір тарапқа екінші тараппен оферта (келісімшартты жасау туралы ұсыныс) және акцептті (осы ұсынысты қабылдау) жіберу арқылы жасалады.



Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.

Акцепт – бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы (коммерциялық ұйымның, дара кәсіпкердің). Акцепт толық және сөзсіз қабылдануы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет