Ќазаќстан республикасыныњ



бет46/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128
Байланысты:
касипкерлик
Глоссарий
Форс-мажорлы жағдайларға жоғарғы мемлекеттік органдардың шешімдері (импорт немесе экспортқа тыйым салу, валюталық шектеулер және т.б.), шерулер, соғыстар, революциялар және т.б. жатады. Форс-мажорлы жағдайлар болған жағдайда келісімшартты орындау бойынша міндеттемелер кейінге қалдырылады.

Жеңе алмайтын күшке стихиялы апаттар (жер сілкіністер, су тасқындары) немесе болуын алдын-ала көре алмайтын немесе біле алмайтын, тоқтатуға болмайтын басқа да жағдайлар жатады. Жеңе алмайтын күш жауапкершіліктен босататын міндет болып табылады (аталған жағдайда – келісімшарттық міндеттемелерден).

Жалпы шарттары


  • келісімшарттың өз күшіне енуі, мысалға, келісімшарт мына күннен бастап өз күшіне енеді:

  • несиелік қаражаттардың қарыз алушының есеп айрысу шотына түсуі (несиелік келісімшарт)

  • хаттармен, телеграммалармен, факстермен, телекстермен келісімшарттың өз күшіне енгендігі туралы ақпарат алмасу

  • аккредитив ашу

  • орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою

  • жұмыстарды орындауды нақты бастау

  • затты нақты беру, ал беру болған жағдайда келісімшартқа қол қою кезінен бастау – және кепілдемелік заңнама

  • келісімшартты тіркеу мерзімінен бастап

  • келісімшартқа қол қою кезінен бастап.

Қорытынды шарттары

  • үшінші тұлғаға құқықтар мен міндеттемелерді беру немесе бермеу мүмкіндігі

  • келісімшарттың қол қойылған орны

  • келісімшарт беттерінің саны және барлық данасының саны және т.б.

Тараптардың реквизиттері мен қолдары

  • фирмалардың реквизиттері көрсетіледі: мекен-жайы, почталық бөлімі, есеп-айрысу шоты, банк коды, МФО, телефондары

  • директордың немесе сенімхат бойынша жұмыс істейтін тұлғаның лауазымы мен толық аты-жөні

  • келісімшарттың әр бетіне қол қойылады (беттің шынайылығы екенін дәлелдейді)

Келісімшартты бұзу


►міндеттемелерді орындамаудан біржақты бас тартуға немесе келісімшарт шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді

►келісімшартты бұзуды қалайтып тарап басқа тарапқа сәйкес ұсыныс жібереді. Мұндай ұсынысты қабылдаған тарап үсынысты алғаннан кейін 10 күннің ішінде жауап беруі керек. Келісімге келмеген, сонымен қатар жауап алмаған жағдайда сот третейлік сотпен немесе ведомство бойынша басқа органмен шешіледі



  • бұз үшін негіз – затты беру бойынша міндеттемені орындамау, сатып алушының сатып алынған затты алуынан бас тартуын

Міндеттемелердің тоқтатылуы


Міндеттемелер тоқтатылады, егерде:

►талап лайық емес атқарылған жағдайда, ол орындауды қабылдағаны туралы кредиторлық қолхатпен дәлелденеді. Егер кредитор распискаларды бермесе, қарыз беруші орындауды тоқтатуға немесе мерзімін созуға құқы бар (кредитордың мерзімі қарыз берушіге зияндардың орнын талап ету құқын береді



  • мерзімі болған немесе уақыты анықталған қарама-қайшы біржақты талапты ескерумен. Бірақта сұрау мерзімі өтіп кеткен талаптарды есепке алу жүргізілмейді (қарыз алушы өмірлік ұсталуы немесе өлімге,денсаулығына зиян келуіне қатысты өзіне тиесілі талаптарды орындай алмауы мүмкін)

  • қарыз беруші мен кредитор бір тұлға болған жағдайда;

  • тараптардың келісуімен

  • орындай алмау мүмкіндігімен (жеңе алмайтын күш жағдайларымен)

Сату-сатып алу келісімшартының шарттары келісілген болып саналады, егерде келісімшарт тауардың аталуы мен санын анықтауға мүмкіндік берсе. Сату- сатып алу келісімшарты бойынша тауарды беру кезінде сатушы бір мезгілде тауарды берумен қатар сатып алушыға оның қажетті құралдарын, сонымен қатар оның заңмен қарастырылған құжаттарын (техникалық паспорты, сапа сертификаты, іске қосу бойынша нұсқаулар және т.б.) беруі керек. Сату-сатып алу келісімшартында ақшалай сипттағы тауардың саны, ассортименті, қораптары туралы мәліметтер және т.б. мәліметтер көрсетілуі тиіс.



    1. КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ДЕЛДАЛДАРДЫҢ РӨЛІ

Нарықтық жүйе экономикалық өнім өндіруші мен тұтынушының қатынастарының аясы болып табылады. Соған байланысты нарықта өндіруші мен тұтынушының өздері, немесе олардың заңды өкілдері қатысуы керек. Өндіруші мен тұтынушының мүдделерін қорғайтын (кейде олардың атынан жұмыс істейтін), бірақ өнім өндіруші немесе тұтынушы болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлғалар делдалдар деп аталады.

Делдалдық аясындағы кәсіпкерлік белсенділік ең қысқа мерзімдерде өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Өндіруші көзқарасы тұрғысынан, делдалдық оның жұмысының тиімділігін арттырады. Өйткені, тауарды тұтынушыға жеткізудегі қызмет функцияларын делдалға жүктей отырып, өнім өндіруші өз белсенділігін толығымен тек өндіріске жұмылдыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, делдалдың өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастарға араласуы капитал айналымының мерзімін біршама қысқартады және өндірістің пайдалылығын арттырады.

Тауарды бөлу каналы – бұл тауар қозғалысының өндірушіден тұтынушыға (сатып алушыға) жеткізілу жолы. Бөлу каналдары тиімдірек болады, егер ол тікелей байланыстармен ғана шектелмейді, делдалды қосу негізінде жүргізілсе (26-сурет).

Делдалды пайдалану ең алдымен, оның қызметінің жоғары тиімділігімен анықталады. Оған тауар өндіруші көптеген жағдайда өзі қол жеткізе алмайды. Делдалды «өндіруші-тұтынушы» тізбегіне қосу арқылы тауардың барлық тұтынушылары үшін кеңейтілген қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, делдал өндіруші тауарын мақсатты нарықтарға жеткізуді тиімді түрде жүргізе алады.

Тұтынушы көзқарасы жағынан делдалдық - тауарды тиімді каналдар арқылы жеткізіп, оның қажеттіліктерін мүмкіндігінше тез және толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Делдалдықтың ең кеңінен таралған түрі агенттік болып табылады, яғни онда агент өндіруші мен тұтынушы арасында делдал ретінде шығатын қатынастар типі. Агент – бұл тауарды өндіруші немесе тұтынушы мүдделерін қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет ететін тұлға. Агенттің мүдделерді қанағаттандырудағы іс-әрекет ететін тұлғасы принципал деп аталады.

Принцпипал ретінде агентке сатуды тапсыратын тауар иесі немесе агентке сатып алуды тапсыратын тауар тұтынушысы шығуы мүмкін. Осылайша, агенттің қатысуымен жүргізілетін делдалдық екі немесе, үш субъекттің өзара қатынастарынан тұрады. Агенттер бірнеше түрге бөлінеді: өндірушілердің агенттері; өткізу бойынша құзіретті агенттер; сатып алу бойынша агенттер.



26-сурет. Өнімді өткізу үшін делдалдар желісін пайдалану

Биржалық кәсіпкерлікті, кәсіби кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерімен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Сондықтан оны ерекше тип ретінде және іскерлік тәжірибенің өз бетінше жүзеге асырылатын бағыты ретінде бөліп көсетуге болады (27-сурет).



27-сурет. Биржалардың түрлері мен қызмет ету механизмі

Біріншіден, биржалар делдалдық құрылымдар болып табылады. Бұл жағдайда олардың бірқатар делдалдардан айырмашылығы, оларға жүгінсіз бірде бір кәсіпкердің қызмет ете алмайтындығы. Екіншіден, биржаның басты функциясы – клиенттерге қызмет көрсету. Қазақстанда биржалардың бұл функциясы өзінше сипатқа ие – биржалар тек қана қызмет көрсетіп қана қоймай, өндірушіні бағалар жүйесін қамтамасыз ету арналары арқылы бақылайды. Кәсіпкерлік қызметті биржалар қызметінің мазмұны мен қағидаларын ескермей тиімді түрде жүргізу мүмкін емес.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік қызметте әріптестік қатынастар қалайша жіктеледі?

  2. Кәсіпкерліктің алуан түрлі аясындағы әріптестік ынтымақтастықтың қандай түрлері қолданылады?

  3. Мәмілелердің мәні неде және қандай түрлері бар?

  4. Қандай мәмілелер жарамсыз деп танылуы мүмкін?

  5. Кәсіпкерлік келісімшарттардың мәні мен түрлері.

  6. Тараптар келісімінің заты бойынша келісімшарт түрлерін сипаттап беріңіз.

  7. Кәсіпкерлік келісімшарттарды жасау тәртібі қандай?

  8. Келісімшарттарды өзгерту мен бұзу қалайша жүзеге асырылады?

  9. Келісімшарттың негізгі бөлімдерін атап өтіңіз және бөлімдерге қысқаша сипаттама беріңіз.

  10. Коммерциялық мәміленің қатысушысы болып қандай тұлғалар танылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет