Ќазаќстан республикасыныњ


КУЛЬТУРА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА



бет47/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

КУЛЬТУРА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ МЕН ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ


  1. - тақырып:



8.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯНЫҢ МӘНІ. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯНЫ ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

Кәсіпкерлік құпия – бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы. Кәсіпорын мен кәсіпкерлер таралуы олардың нарықтағы позициясын әлсірететін және бәсекелестері үшін қызығушылық тудыратын, өз қызметінің барлық жақтары туралы ақпаратты құпияда ұстауға құқықтары бар.

Кәсіпкерлік құпия – бұл ең алдымен өндірістік құпия, ғылыми-зерттеушілік, жобалық – конструкторлық, технологиялық зерттеулердің, қосалқы міндеттердің жеке шешімдері және нақты өндіріс үрдісінде пайда болатын нәтижелер. Ол өндірістің техникасы мен технологиясы, жобаланып және өндіріске дайындалып жатқан өнімнің жаңа түрлері , олардың өзіндік құны мен болжамдық бағасы, өндірісті ұйымдастыру және т.б.туралы ақпарат болуы мүмкін.Сонымен қатар нақты өндірістік үрдістердің басқару әдістеріне қатысты арнайы техникалық шешімдер де болуы мүмкін. Құпияның коммерциялық мәні мәмілеге қатысушыларыдың оны дайындауымен және жүзеге асыруымен тікелей байланысты. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі 28-суретте келтірілген.

Ірі кәсіпорындар ақпараттың таралып кетпеуін (оның ішінде өнеркәсіптік шпионаж нәтижелері), яғни бәсекелестерге қандай да бір артықшылықтар беретін немесе оларға өткізу мен табыс алудың көзі болуға айналатын кәсіпорынның ғылыми-техникалық, коммерциялық, өндірістік қызметтері мен бөлімшелерінің қызмет ету нәтижелерін қайтарымсыз түрде қолдануға мүмкіндік беретін жағдайлардың алдын алу мақсатында сақтық шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар кәсіпорындар өздері өз қызметінің нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға ақпарат береді, коммерциялық және өндірістік жетістіктері мәліметтер таратады. Дегенмен, өндірістік үрдістердің мәнін ашып көрсетпейді. Бұл жағдай кредиторлар мен сатып алушылар тарапынан оларға деген сенімді арттырады, өнім өткізу нарығын кеңейтеді, бағалы қағаздар нарығындағы акциялар курсын арттырады және т.б.

Ақпарат нарықтық экономикада тауар болып табылады. Сондықтан да оны алу, сақтау, беру, пайдалану нарықтық экономика заңдарына бағынуы керек.

Коммерциялық құпия кәсіпорын меншігі болып табылады. Оның мақсаты – бәсекелік күресте кәсіпорынға экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етіп отыру. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат бірқатар талаптарға жауап беруі керек.



  1. Ақпаратты ашық қолдану кәсіпорын үшін зиянмен байланысты.

  2. Ақпарат заңдық негіздік тұрғыдан жалпыға белгілі және жалпыға қол жетімді болып табылмайды.

  3. Кәсіпорын экономикалық және басқа да тиімділікті қамтамасыз ету үшін құпиялылықты сақтау бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.

  4. Ақпарат қорғауды қажет етеді.

  5. Бұл мәліметтерді құпияда ұстау кәсіпорынға зиян тигізбейді.



КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ

28-сурет. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі
Экономикалық жүйеде нарықтық механизмдерінің қалыптасуы коммерциялық құпияның құқықты негізінің қалыптасуын қажет етеді. Ол кәсіпорынды және ұйымды әділетсіз бәсекелестерден қорғау, интеллектуалды қызмет өнімдерін, яғни өнертабыстарды, инновацияларды, компьютерлік бағдарламаларды, басқарушылық шешімдерді қайтарымсыз қолдануды болдырмау мақсатынан туындайды.

Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын ақпаратты мемлекетттік органдарға бермеуге құқығы бар. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбегі кәсіпорын басшысымен анықталады.



Коммерциялық құпия келесідей ақпараттардан тұрады:

  • Кәсіпорынның сауда қатынастары;

  • қаражаттар айналымын ұйымдастыру мен олардың мөлшері;

  • өткізу нарықтарының жағдайы;

  • банктік операциялар;

  • жабдықтаушылар мен тұтынушылар;

  • патенттердің мазмұны;

  • капиталдар құрылымы;

  • инвестициялар жоспарлары;

  • жасалған контрактілер;

  • тауарға деген бағалардың қалыптасуы;

  • табыс мөлшерлері мен өндіріс көлемдері.

Өндірістік құпия келесідей ақпараттардан тұрады:

  • өндіріс пен технология тәсілдері;

  • еңбекті ұйымдастыру;

  • техникалық жаңалықтар мен өнертабыстар;

  • зерттеу жұмыстарының мақсаты мен сипаты.

Іскерлік ақпарат мыналарға қатысты:

  • кәсіпорын қаржылары (қаржылық есептілік, клиенттермен есеп айрысу жағдайы, қарыз, несиелер, төлемқабілеттілік, табыс, өнімнің өзіндік құны);

  • өндірісті дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары, оның ішінде жаңа технологияларды, өнертабыстарды, ноу-хауды пайдалану;

  • өнімді өткізу жоспарлары мен көлемдері (маркетинг жоспарлары, сауда операцияларының сипаты мен көлемі, бағалар деңгейі, қойма қорлары);

  • өз өнімінің бәсекеқабілеттілігін, экспорт пен импорт тиімділігін, нарыққа шығудың болжамды мерзімін талдау мәліметтері;

  • жарнама қызметінің жоспарлары;

  • сауда және басқа клиенттердің, делдалдардың, бәсекелестердің тізімі, олармен өзара қатынас туралы, қаржылық жағдайы туралы, контрактілердің шарттары туралы мәліметтер;

  • басқару әдістері мен ұйымдастыру;

  • кәсіпорын персоналының беделі мен сипатын бағалауы;

  • еңбекті ұйымдастыру жүйелері.




    1. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯНЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ

Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғау барысында кәсіпорын екі бірдей міндетті шешуі қажет. Бірінші, ол өз қызметі жайында тұтынушылар және жабдықтаушыларды жарнамалау және ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуі қажет. Екінші, кәсіпорын қызметінің көптеген аспектілерін жарнамалау үшін, оның нақты ақпараттық мәліметтерін ашық пайдаланбау мүмкін емес. Бұл жағдайда кәсіпорынның коммерциялық құпиясын ашу проблемасы туындайды (29-сурет).

Кәсіпорынның коммерциялық құпиясына жататын мәліметтердің тұрақты тізбегі

1


Құжаттарды көшіру және көбейту құралдарын бақылау жүйесі



Жаңа материалдар мен өнімдерді есепке алу мен қорғау жүйесі

2


Байланыс және есептеуші тех­ника құралдарында коммерция­лық құпияны қорғау тәртібі

Кәсіпорын аумағын қорғау жүйесі

3

Құпия ақпаратты беру кезінде байланыстың ашық каналдарын қолдану тәртібі

Кәсіпорынға басқа тұлғалардың келуін бақылау жүйесі

4

Коммерциялық құпияны қорғау тәсілдерін кәсіпорын персоналына оқыту және ынталандыру жүйесі






Коммерциялық құпияны құрайтын құ­жаттармен іс жүргізу тәртібі

5


Кәсіпорынның коммерциялық құ­пиясын қорғау бойынша маман­дандырылған қызметтер



29-сурет. Кәсіпорынның коммерциялық құпиясын қорғау механизмі
Құпияны қорғаудың барлық әдістеріне қарамастан, ақпараттың таралып кететін жағдайлары болады. Сондықтан да кәсіпорынның коммерциялық құпиясын қорғау бойынша заңнаманы бұзудағы кінәлілерге әсер етудің барлық құралдары болу керек (30-сурет).



30-сурет. Коммерциялық құпияны таратқаны үшін кінәлілерге әсер ету әдістері

ҚР Үкіметі шешімімен коммерциялық құпияны құрмайтын мәліметтер тізбегі анықталған. Ол:



  • кәсіпорынның құрылтай құжаттары, тіркеу куәліктері, патенттер, лицензиялар;

  • бюджетке төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелгенін тексеру үшін қажетті және есептіліктің орнатылған түрлері бойынша мәліметтер;

  • төлемқабілеттілік туралы мәліметтер; қызметкерлердің саны, құрамы, олардың жалақысы мен еңбек жағдайлары туралы, сонымен қатар бос жұмыс орындары туралы мәліметтер;

  • салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар;

  • қоршаған ортаның ластануы, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы немесе еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізетін өнімді өткізу туралы және заңнамаларды бұзғаны туралы мәліметтер.





Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік құпияның мәні неде?

  2. Кәсіпкерлік құпияның коммерциялық құпиядан ерекшелігі қандай?

  3. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын негізгі мәліметтерді атап өтіңіз.

  4. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің таралуы кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайына қалайша әсер етеді?

  5. Кәсіпкерлік құпияны қорғау механизміне сипаттама беріңіз.

  6. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізімін атап өтіңіз?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет