КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ ПЕН ЭТИКА
- тақырып:
10.1 КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің, өнімдер мен қызметтердің сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.
«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің біршама анықтамалары бар.
1) Кәсіпкерлік мәдениет – бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді үйлестіре отырып жүзеге асырудың жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім – кәсіпорын қалай қызмет ету қажет және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік тудырады (32-сурет).
Нарық
Қоғам
Кәсіпорын мәдениеті
арқылы танылады
құндылықтар туралы түсінік
олардан шығады
мінез-құлық нормалары мен ережелері
олар әсер етеді
нақты мінез-құлыққа
32-сурет. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы
2
) Ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенің көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелердің жиынтығы жатқызылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі:
Кәсіпкерлік мәдениет – белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез – құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады.
Адамдарға әсер етудің, яғни оларды басқарудың үш түрлі құралы бар, олар:
иерархия (ұйым), онда адамға әсер етудің негізгі құралы бағындыру болып табылады;
нарық, онда көлденең түрде тепе – теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады;
мәдениет – жасап шығарылған және қоғаммен танылған құндылықтар, мінез – құлық ерекшеліктері, әлеуметтік нормалар.
Мәдениет қызметтің әртүрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әртүрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп көрсетеді: рухани және материалды. Материалдық мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық - өндірістік база, оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық – заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және тұтыну барысындағы материалдық – заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады.
Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады. Оған басқару мен ұйымдастыру, айырбастау мен үлестіру, технологиялар, еңбек жағдайларының және т.б. мәдениеті жатады. Яғни, ол кәсіпкерлік қызмет үрдісінің барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:
мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;
ұжым мүшелерінің мінез – құлқын реттейді;
адамдармен құрылады;
барлық қызметкерлермен қабылданады;
дәстүрлерді ұстануға негізделген;
танымды сипатқа ие болады;
өзгеруге бейім;
көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;
сезілмелі және сезілмейтін;
тұрақты даму үстінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |