Абжанова А. К. Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар



бет1/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,48 Mb.
#33830
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті

Банк ісі кафедрасы

Абжанова А.К.

Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар

оқу -әдістемелік құрал

Қостанай, 2011


ББК
Автор: Абжанова А.К. - банк ісі кафедрасының аға оқытушысы



Пікір берушілер:

Абаева Гульдер Ивановна, экономика ғылымының кандидаты, банк ісі кафедрасының доценті

Байкадамов Нуркен Турарович, экономика ғылымының кандидаты, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, экономика және басқару кафедрасының доценті

Майкопова Гульнара Суиндиковна , экономика ғылымының кандидаты, қаржы кафедрасының доценті

Абжанова А.К.


Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар, оқу әдістемелік құрал.- Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ,2011 ж.- 89 б.
«Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар» пәні жұмыс оқу бағдарламасы және типтік бағдарлама тақырыптарына сәйкес құрастырылған, бакалавр дайындау бойынша жоғары оқу орнының талабына сәйкес келеді. Экономикалық факультеттің 050509 – Қаржы мамандығының студенттері үшін «Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар» пәні бойынша әдістемелік көмек көрсету және дәріс өткізу үшін арналған.
ББК

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.


Хаттама № «____ » _________201__ ж

© Абжанова А.К.



Мазмұны





Кіріспе.................................................................................................................

5

1

Инвестициялық процесс және нарықтық экономика жағдайындағы банктік жүйе.......................................................................................................

6

1.1

Инвестиция туралы түсінік және олардың түрлері......................................

6

1.2

Инвестицияның белгілері бойынша топтасуы...............................................

8

1.3

Инвестицияға әсерін тигізетін факторлар.......................................................

10




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

13




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


15


2

Дамыған нарықтық экономикадағы банктік институттардың инвестициялық қызметі....................................................................................

15

2.1

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі..........................................................

15

2.2

Инвестициялық құралдар.................................................................................

17




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

21




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


23


3

Экономиканың нақты секторындағы ұйымның жаңа әдісі ретінде жобалық несиелеу..............................................................................................

24

3.1

Жобалық несиелеу маңызы мен несиенің жіктелуі.......................................

24

3.2

Жобалық несиелеу принциптері, әдістері және нысандары.........................

25

3.3

Инвестициялық жоба түрлері...........................................................................

28




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

31




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


33


4

Инвестиция процестің мемлекеттік ретке келтіруін дамытудағы банктік институттардың қатысу формасы....................................................................

34

4.1

Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.....

34

4.2

Банктік институттардың қатысу формалары..................................................

36

4.3

Инвестициялық тәуекел түрлері және маңызы..............................................

39




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

41




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


42


5

Ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар...........................................................

43

5.1

Инвестициялық жоба және оның құрылымдары............................................

43

5.2

Жобаны өндеу кезеңдері...................................................................................

49

5.3

Инвестициялық цикл оның құрылымы...........................................................

53




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

54




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


56


6

Ұзақмерзімді инвестициялық жобаны қаржылық экономикалық талдау....

56

6.1

Инвестициялық жобаны қаржылық талдау....................................................

56

6.2

Инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтау.....................................

58

6.3

Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау үрдістері...............................

61




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

63




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


64


7

Банктің ұзақ мерзімді инвестициялық жобасын несиелеу............................

65

7.1

Ұзақ мерзімді несие бойынша инвестициялық операцияны жүзеге асырудың қажеттілігі мен мәні........................................................................

65

7.2

Ұзақ мерзімді несиелеу шарттарының объектілері және субъектілері........

66

7.3

Ұзақ мерзімді несиені дамытудың проблемалары мен оның даму келешегі..............................................................................................................

68




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.......................................................................................................

71




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


72


8

Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция.........................................................

73

8.1

Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция түсінігі...........................................

73

8.2

Халықаралық инвестиция түрлері..................................................................

75

8.3

Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция сипаттамасы..................................

77




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

79




Өз бетімен шешуге берілген есептер...............................................................


80





Глоссарий...........................................................................................................


82





Есептердің жауаптары......................................................................................


87




Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

89



Кіріспе
Адам баласы жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа ұран етіп кірген жаһандандыру тенденциялары бүгінгі таңда әлемдік экономиканың қаржылық жүйесінде нақты көрініс табуда. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар мен байланыс құралдары прогрессінің арқасында капиталдың трансшекаралық ағымдары еркін қозғалатын жаһандық қаржылық кеңістік қалыптасып болды деуге болады. Қазіргі валюталық нарықтар айналысатын қаржылық ресурстар көлемі әлемнің ірі елдері бюджеттерінің көлемдерін бірнеше есе асып түседі. Бұл жағдайлар ұлттық банктік жүйелерге жаңа талаптар қояды, себебі олардың сыртқы жағымсыз әсерлер алдындағы дәрменсіздігі бірнеше есе өсіп отыр және оқу пәні болып табылатын халықаралық банктік жүйені қалыптастыру үшін алғышарттар құрып отыр.

«Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар» пәні кәсіптенген пәндер циклын таңдау бойынша компанент болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайына көшудің өтпелі кезеңінде инвестициялық процесс тиімділігін арттыруда қаржылық-несиелік механизм басты рол атқарады. Оның қатысуымен халық шаруашылығын дамыту өтуде, еңбек, материалдық және ақшалай ресурстарды ұтымды пайдалану жүзеге асырылуда.

«Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар» пәнін оқып-үйренудің тақырыптық жоспарына келесі тақырыптар енгізіледі:


  1. Инвестициялық процесс және нарықтық экономика жағдайындағы банктік жүйе.

  2. Дамыған нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметі.

  3. Экономиканың нақты секторындағы ұйымның жаңа әдісі ретінде жобалық несиелеу.

  4. Инвестиция процестің мемлекеттік ретке келтіруін дамытудағы банктік институттардың қатысу формасы.

  5. Ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар.

  6. Ұзақ мерзімді инвестициялық жобаны қаржылық-экономикалық талдау.

  7. Банктің ұзақ мерзімді инвестициялық жобасын несиелеу.

  8. Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция.

«Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар» пәнін Қаржы мамандығы бойынша студенттері оқып-үйренеді.

Оқу материалының мазмұнын есептерді шешу талдау кезінде, студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалары кезінде ой-өрісінің дамуын инвестиция үрдісінде студенттердің қажетті білімдерін қалыптастыру қарастырылады.


Тақырып 1. Инвестициялық процесс және нарықтық экономика жағдайындағы банктік жүйе.
Мақсаты: Инвестициялық процестің нарықтық экономикадағы атқаратын ролін айқындау.

Жоспар:

  1. Инвестиция туралы түсінік және олардың түрлері.

  2. Инвестицияның белгілері бойынша топтасуы.

  3. Инвестицияға әсерін тигізетін факторлар.

1. Инвестиция туралы түсінік және олардың түрлері

Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде, ұдайы өнеркәсіпке капитал салудың нәтижесінде «инвестиция» мен «инновация» түсініктері негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.

Сонымен, өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өсім беретін, тұтынушылардың талабын жаңа әдіспен қамтамасыз етілуін айтамыз.

Ал инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағылшын «investments» сөзін қазақшаға аударғанда) – «күрделі қаржы салу» деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайда «күрделі қаржы салу» ұғымына қарағанда кең мағыналы ұғым.

Инвестиция Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған. Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар ретінде анықталады. Инвестиция термині латынның «investire» сөзінен, яғни «жұмылдыру» деген сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Инвестициялар – бұл ақшалай құралдар, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, лицензиялар, сол сияқты кәсіпкерлік қызмет нысанына салынатын несиелер, кез келген мүлік құқығы, интеллектуалды құндылықтар және тағы да басқа пайда алу мақсатындағы қызмет түрлері.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестиция нақты және қоржынды немесе қаржылық инвестиция болып бөлінеді. Нақты инвестиция – бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін жарғылық капиталға өзінің салымын салу, шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қоржындық инвестиция – бұл өзінің қоржынын құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқалай активтерді сатып алу болады. Қоржындық инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Қоржын - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Қоржындық бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді. Нақты инвестиция бірінші жағдайда – инвесторлар өзінің өндіріс көлемін кеңейтуде – өндірістік негізгі және айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда – инвестор құнды бағалы қағаздар үлесінен дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды. Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік және өндірістік емес етіп жіктеуге болады.

Өндірістік күрделі қаржы – кәсіпорынның дамуына бағытталған салым, ал өндірістік емеске әлеуметтік шеңбердегі дамуды қамтамасыз ететін қаржы жатады.

Ұдайы өндірісте негізгі қорлар өзінің түрлері бойынша күрделі қаржыны жұмсауда төмендегідей болып ажыратылады:


  • Жаңадан салынатын құрылысқа жұмсалатын қаржылар;

  • Істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру және техникалық қайта қарулануына арналған қаржылар;

  • Істеп тұрған кәсіпорынды кеңейтуге арналған қаржылар;

  • Жабдықтарды талапқа сәйкес жаңалауға арналған қаржылар.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:


  • жеке инвесторлар (жеке адамдар);

  • институттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

Инвестиция гиперинфляция жағдайында банк несиесінің пайызы өте жоғары болады. Мұндай жағдайда күтілген таза табыс мөлшері банк несие пайызынан жоғары болса кәсіпорынға пайдалы болады.

Дәл қазіргі кезде осындай жобаны кәсіпорынға тауып беру өте қиын мәселе болып саналады. Сондықтан, гиперинфляция инвестиция жұмысының жаңдануына елеулі кедергі әкелетіні сөзсіз.

Инвестиция саясатынада ең маңызды жағдайдың бірі – шетел капиталын тарта білу. Жер жүзі бойынша жыл сайын экспортқа шығатын капитал саны 160-180 млрд АҚШ доллары есебінде құрайтын көрінеді. Ал біздің Қазақстан Республикасында инвестиция салушыларға жақсы жағдай жасаудың арқасында инвестиция тарту көлемі ТМД мемлекеттерінің ішінде көрнекті орында, яғни бұл көлем бізде 10 млрд АҚШ долларын құрайтын көрінеді.

Кәсіпорында инвестицияны жоспарлау – бұл өте маңызды және күрделі үрдіс. Кәсіпорында инвестицияны салу терең экономикалық талдау жүргізу арқылы негізделіп жоспарлануы тиіс.

Инвестицияны жоспарлағанда төменде келтірілген ереже ескерілуі тиіс.


  • инвестицияланатын қаржының мән-мағынасының болуы;

  • инвестиция рентабельдігі инфляция қарқынынан асып түсуге тиіс;

  • кәсіпорын ақшасын банкте сақтаудан гөрі, инвестиция ретінде жұмсау арқылы көп пайдаға жетеді;

  • жобаның дисконттауды есепке ала отырып, жоғары рентабельді болуы;

  • ең үлкен экономикалық пайданы қамтамасыз етіп, төменгі деңгейдегі тәуекелдікке жету.

Инвестиция – бұл ақшаны оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып орналастыруға болатын кез-келген құрал болып табылады. Әр түрлі экономика саласына капиталды ұзақ мерзімді жұмсауды білдіреді.
2. Инвестицияның белгілері бойынша топтасуы.

Инвестиция әр түрлі формада жүзеге асады. Инвестицияны жоспарлау мен талдау мақсатында келесі 6 белгілері бойынша топтастыруға болады:



  • Қаражатты жұмсау объектілері бойынша :

    • Нақты инвестиция – бұл нақты активтерге жұмсалу, яғни жаңа рекранструкция құру.

    • Қаржылық инвестиция -өзіне әр түрлі қаржы активтерінің жұмсалуын, яғни бағалы қағаздарды, пайларды, банктік дипозиттерді көрсетеді.

  • Инвестициялау мақсаты бойынша:

    • Тікелей инвестициялау – кәсіпорынның жарғы капиталына тікелей бақылау орнату мақсатында жұмсалады.

    • Портфельдік инвестициялау – кіріс алу мақсатында экономикалық активтеріне жұмсалуын көрсетеді (дивиденттер, пайыздар тағы басқа ақшалай бұйымдар).

  • Инвестициялау мерзімі бойынша:

  • Қысқа мерзімді - 1 айдан – 1 жылға дейін.

  • Орташа мерзімді – 1 жылдан – 3 жылға дейін.

  • Ұзақ мерзімді – 3 жылдан жоғары.

  • Инвестициялық ресурстарға меншік формасы бойынша:

  • Жеке меншік – жеке инвестиция қаражатты жеке инвесторлардың өз мақсатына жұмсалуын білдіреді.

  • Мемлекеттік инвестиция – мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын қаржылық жұмсалымды көрсетеді.

  • Шетелдік инвестиция – шетел азаматтарының фирма және ұйымдарының қаражатын көрсетеді.

  • Аралас инвестиция – отандық және шетелдік субъектілермен жүзеге асырылатын жұмсалым.

  • Аймақтар бойынша:

  • Ұлттық инвестиция – еліміздің ішкі ортасында инвестициялау объектілеріне жұмсау қаражатын білдіреді.

  • Валюталық немесе шетелдік инвестиция – елімізден тыс аймақтарда орналасқан объектілеріне инвестициялауды білдіреді.

  • Қауіп – қатер дәрежесі бойынша:

  • Агрессивтік инвестициялау – бұл жоғары қауіп – қатер дәрежелері жоғары пайда және төмен өтімділігімен сипатталады.

  • Шектелген инвестиция – орташа қауіп – қатер дәрежелері жеткілікті пайда және жұмсау өтімділігімен сипатталады.

  • Консервативтік инвестиция – азайтылған қауіп – қатер дәрежелері сенімділік және өтімділігімен сипатталады.

Инвестициялық қызмет субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жабдықтаушылар банктік сақтық ұйымдары жатады. Инвесторлар инвестиция формасында жұмылдыру жеке қаражатын жүзеге асырудағы жеке инвестициялық қызмет субъктілері. Инвесторлар болып еліміздің үкіметі өзін - өзі басқару органы отандық кәсіпорындар бірлескен Қазақстандық шетел кәсіпорындар халықаралық ұйымдар табылады. Инвесторларға өз қаражатын, акцияны сатып алуға және кәсіпорын ұйымдарға басқалай бағалы қағаздарға сатып алуға жұмсайтын нақты және заңды тұлғалар жатады.әр түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда тапсырыс берушінің бұл қызметін инвесторлар өздері немесе заңдық, делдалдық немесе заңды тұлғаға жүктейді.Өндірістік инвестициялау жобаны жүзеге асыру технологиялық жабдықтар, бұйымдар үлкен көлемде құрылыс материалдарын пайдаланумен байланысты. Инвестиция қызметінің субъектілерінің жоғарғы тобын институционалдық инвесторлар құрайды. Сақтық компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қоры, пайлық, инвестициялық қорлар жатады.
3. Инвестицияға әсерін тигізетін факторлар.

Инвестициялық қорлар объектісі болып барлық саланың өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлары мен айналым қаражатына жаңадан құрылуы табылады. Салымшылар үшін басқалай инвестициялау объектілеріне бағалы қағаздар мақсатты ақшалай салымдар жатады. Сонымен қатар дайын ғылыми техникалық өнім және оны өндеу жер учаскісіне ие болу құқығы сауда маркалары жатады. Инвестиция объектісін екі жақты қарастыруға болады:



  1. Инвестициялық ресурстар – бұл кірісті пайдалану үшін қолданылмаған көлемін көрсетеді.

  2. Инвестиция кәсіпкерлік немесе басқалай қызмет объектісіне кеткен қаражатты (шығынды ) көрсетеді.

Мемлекеттік инвестициялық стратегияны дайындау және оны жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу жүйесіне бейімдеу. Онда ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімдегі инвестициялық саясат мақсаттары көрініс табуы керек және барлық ұлттық инвестициялық ресурстар мен тартылған шетелдік инвестициялардың жұмылдырылуына бағытталған кешенді шаралары анықталған. Мемлекеттің барлық бюджеттік, салықтық, несиелік, ақшалай, сыртқы экономикалық саясат құралдары алға қойылған міндетті шешуге бағытталуы керек.

Демек, инвестициялық саясаттағы негізгі міндет ұзақмерзімдегі инвестицияға экономикалық жағдай жасау және шетел капиталын тарту, қаржы құралдарын жұмылдыру негізінде экономиканы құрылымдық және технологиялық жағынан қайта құру керек және инвестициялаудың өсу тиімділігін қамтамасыз ету қажет.

Инвесторлардың пікірінше, Қазақстандағы инвестициялық климат перспективалы, бірақ тұрақты емес. Атап айтатын болсақ, қаржы тәуекел факторы инфляция мен валюта курсының құбылмалығына байланысты шетел инвестициясының ағылуына кедергі жасауда. Сонымен қатар заңдылық тәуекелді құқықтық тәртіптің үнемі өзгеріп отыруы. Осыған қарамастан, 1993-2002 жж. аралығында республикада жалпы тікелей инвестицияның көлемі 21 млрд. долларды құрады, Орталық Азияға келіп түсетін тікелей шетелдік инвестицияның 80 пайызын құрады. 2000 жылы «Euromoney» журналының рейтингісі бойынша инвестицияны тарту деңгейі бойынша Қазақстан алғашқы 100 елдердің қатарына кіреді: Ресей (95), Қырғызстан (106), Өзбекстан (110), Украина (115), Түркіменстан (125), Белорусия (129), Армения (135) елдерін басып озып, әлемде 81-ші орынды алады. ЕБРР –дің бағалауы бойынша Қазақстан шетел инвестициясын тарту көлемі ТМД елдері арасында бірінші орында және Шығыс Еуропа елдері арасында – үшінші орында.

Мұндай көрсеткіштердің инвестициялық белсенділікті арттыру үшін маңызды екендігі түсінікті. Сондықтан құқықтық, саяси және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету экономикалық өсудің бір факторы болып табылады.

Инвестициялық қызметті анықтайтын көптеген факторлар арасына келесілерді бөліп көрсетуге болады:


  1. экономикалық және қаржылық фактор

  2. әлеуметтік саяси фактор

  3. құқықтық фактор

Экономикалық және қаржылық факторларды қарастыра отырып инвестиция қызметіне жағымсыз ықпалын тигізетін жақтарын бөліп көрсетуге болады:

    • банк жүйесінің қалыптастырудағы сенімділікпен тұрақтылықтың жоқ болуы;

    • банк жүйесінің қалыптасуының нашар болуы (немесе дамуы);

    • энергетикалық ресурстарға қойылатын жоғарғы баға;

    • өндірістің жалпы құлдырауы немесе құнсыздануы.

Әлеуметтік саяси инвестициялық процеске жағымсыз ұзақ мерзімге созылатын әлеуметтік саяси тұрақсыздық факторыда әсерін тигізеді. Нәтижесінде жұмыссыздық жалақыны уақытында төлемеу туындайды.

Құқықтық факторы құқықтық базаның жеткілікті түрінде өнделмеуінен құрылады. Соңғы кезде ҚР елімізге қолайлы жағдайлар құру үшін әр түрлі нақты шаралар өндеуге талпыну үстінде. Оларға нарықтық инфроқұрылымдар, банкиер, биржалар, инвестициялық қорлар, сақтық қоғамдары, жарнама агенттері жатады. Инвестициялық процеске жағымды ықпалын тигізетін факторға информациялық технологияның дамуын жатқызуға болады.

Инвестициялық нарық өзіне келесі нарық түрлерін бекітеді:


  1. Инвестициялық ресурстар нарығы - өзіне жер нарығын (жер учаскісін пайдалану немесе ие болу құқығын сату нарығы) қаржылай қаражат нарығын (қатысушылары, банктер, сақтық және қаржылық компанияларын)бекітеді.

  2. Инвестициялық қызмет көрсету нарығы - өзіне құрылыс ұйымын және құрылыс монтаж жұмыс өндірісі бойынша қызмет көрсету нарығын жобалау жұмыс нарығын құрылыстық технология нарығын бекітеді.

  3. Негізгі қорлар мен жылжымайтын нарық – инвестициялық қызмет көрсету нарығымен тығыз байланысты және бірінші кезекте капитал құрайтын инвестициялық қызметтің түпкі өнім нарығы болып табылады.

  4. Бағалы қағаздар нарығы – бірінші кезекте өзіне акционерлік кәсіпорынмен, ұйымдардың акциясын сату және сатып алу процесін білдіреді.

  5. Басқалай объектілерді инвестициялау нарығы – коллекциялау заттарын инвестициямен байланысты.

Инвестиция қызметіндегі нысан барлық салалар мен халық шаруашылығы салалары бойынша қайта құралған қорлар және айналым құралдары, құнды қағаздар, мақсатты қаржы салымдары, ғылыми-техникалық өнімдер, сол сияқты мүлік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы болып табылады.

Инвестициялық қызмет инвестиция нарығында жүзеге асырылады, ол өз кезегінде ұдайы өндірістің негізгі қорына күрделі қаржы салымын, қозғалмайтын нарықты, құнды қағаздар нарығын, интеллектуалдық құқық және меншік нарығын, инвестициялық жоба нарығын қамтитын жеке бөліктерден тұрады.

Инвестиция нарығының жағдайы және оның бөлігі сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Көбісі өз бөліктерінде инвестиция нарығының қалыптасу кезеңінде болғандықтан, жоғарыдағы көрсеткіштер әрдайым өзгеріп отырады.

Инвестиция нарығында нарық коньюнктурасын зерттеу әсіресе, инвесторлар үшін маңызды. Бұл тәуекелділік себебінен келген төмен табыс немесе инвестицияланатын капиталдың жоғалуына байланысты болады. Барлық нарықтағы сияқты, инвестициялық нарық бөлігі дамудың төрт негізгі сатысымен – коньюнктуралық көтерілу, коньюнктуралық тойтарыс, тұрақтылық кезеңі, коньюнктуралық құлдыраумен сипатталады. Барлық нарықтар үшін инвестициялық нарық құрамының сатылары бірдей емес (кесте 1).

Кәсіпорын инвестиция нарығының коньюнктурасын зерттеу үшін оның мониторинг жүйесін құру керек. Әлемдік тәжірибеде инвестиция нарығында жұмыс істеу жүйесі дамыған, әрдайым инвестицияланатын нысанның рейтингісі жарияланып отырады. Біздің елде бұл тәжірибе енді ғана даму үстінде.

Инвестициялық нарықта макроэкономикалық зерттеу елдің инвестициялық ахуалын бағалауға бағытталған және келесідей болжамды зерттейді:



  • жалпы ішкі өнім серпінін, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімінің өндірістік көлемі;

  • ұлттық табысты бөлу серпіні (қор жинау және тұтыну);

  • жекешелендіру үрдісін дамыту;

  • инвестициялық қызметті заңды түрде зерттеу;

  • жеке инвестиция нарығын, оның ішінде, қор және ақшалай.

Кесте 1 - Инвестициялық нарықты зерттеу




Инвестициялық нарық коньюнктурасын зерттеу

1. Инвестициялық нарықты дамыту бағытында макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау және бағалау

2. Экономика салаларына инвестицияны тартуды болжамдау және бағалау

3. Аймаққа инвестициялық тартуды болжамдау және бағалау

4. Жеке инвестициялық жобаға, инвестицияның нарық бөлігіне инвестицияны тартуды бағалау

5. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінде стратегияны дайындау

6. Нақты күрделі қаржы салымы, қаржылық және инновациялық инвестициясын қамтитын кәсіпорынның тиімді инвестициялық портфелін қалыптастыру

7. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару (оның ішінде инвестиция диверсификациясы, капиталды реинвестициялау және басқа да)

Экономиканың жеке салаларына инвестицияны тартуды зерттеу осы салаларға деген өнім қажеттілігін, келешегін, серпінін және коньюнктурасын зерттеумен сипатталады. Кәсіпорынның әрбір өнім түрі белгілі тіршілік циклінен, оның ішінде туылуы, өсім, кеңейту және құлдыраудан өтеді. Қоғамның қажеттілігі жеке салаларды дамытуды анықтайды, яғни олар отын-энергетикалық кешен, машина құрылысы, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет