Бақылау сұрақтары:
Инвестиция дегеніміз не?
Инвестиция нысандарын атаңыз.
Инвестицияны жоспарлауды қалай түсінесіз?
Инвестиция қалай жіктеледі?
Инвестициялық қызмет субъектілерін сипаттаңыз.
Инвестициялық қызметті анықтайтын факторларды атаңыз.
Инвестициялық нарықтың құрылымы қандай?
Қаржылық инвестиция дегеніміз не?
Нақты инвестиция мен қоржындық инвестиция арасындағы айырмашылықты атаңыз.
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Инвестициялық климат және инвестициялық қауіп-қатердің өзара тығыз байланысы бар ма?
А) иә
В) жоқ
С) байланыстары жоқ
D) В және С жауабы дұрыс
Е) дұрыс жауабы жоқ
2. Инвестициялық қызметті анықтайтын факторларды көрсетіңіз:
А) экономикалық қаржылық факторлар
В) әлеуметтік саяси фактор
С) құқықтық фактор
D) барлығы дұрыс
Е) А және С жауаптары дұрыс
3. Экономикалық қаржылық факторларды қарастырғанда инвестициялық қызметтерде жағымсыз ықпал тигізетінді көрсетіңіз:
А) банктің инфляциядан шығуы
В) банк жүйесін қалыптастырудағы нашар болуы
С) өндірістің өркендеуі
D) өндірістің ресурстарға қатысатын баға
Е) фирманың дағдарыстан шығуы
4. Қандай факторлар инвестициялық прогреске жағымсыз ұзақ мерзімге созылатын әлеуметтік саяси тұрақсыздық факторларға әсер етеді?
А) экономикалық факторлар
В) құқықтық факторлар
С) әлеуметтік саяси
D) қаржылық факторлар
Е) экономикалық қаржылық факторлар
5. Қандай факторлар құқықтық базаның жеткілікті өнделмеуінен туындайды?
А) инвестициялық факторлар
В) қаржылық факторлар
С) экономикалық қаржылық факторлар
D) әлеуметтік факторлар
Е) құқықтық факторлар
6. Инвестициялық қызметті анықтайтын неше фактор бар?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
7. Инвестициялық нарық өзіне қандай нарық түрлерін бекітеді?
А) инвестициялық нарық
В) бағалы қағаздар нарығы
С) нвестициялық қызмет көрсету нарығы
D) басқалай объектілерге инвестициялық нарық
Е) жауаптардың барлығы дұрыс
8. Қандай нарық түрі өзіне негізгі қорлар мен жылжымайтын мүлік түрлерін бекітеді?
А) инвестициялық нарық
В) қаржылық нарық
С) экономикалық нарық
D) әлеуметтік нарық
Е) құқықтық нарық
9. Қандай нарық өзіне жер нарығын, қаржылық қаражат нарықтарын бекітеді?
А) инвестициялық нарық
В) инвестиция ресурстар нарығы
С) қаржылық ресурстар нарығы
D) экономикалық құқықтық нарық
Е) әлеуметтік экономикалық нарық
10. Жер нарығына қандай нарықтар кіреді?
А) жер нарықтарын сату нарықтары
В) жер учаскелерін қорғау нарығы
С) жер учаскелерін кәсіпкерлерге тарату нарықтары
D) жер учаскелерін пайдалану немесе ие болу құқығын сату нарығы
Е) А және В жауаптары дұрыс
Өз бетімен шешуге берілген есептер
Қолда бар ақша сомасын 2,5 есеге өсіру үшін қандай мерзімге салу керек, егер жай жылдық пайыздық қойылым 20 % тең болса?
Жылдық қойылымы 40 % -бен несие берген кезде қарыздың 2 % мөлшерінде комиссиялық төлем ұсталып қалды. Жай нақты пайыздар бастапқы сомасына есептеледі және де бір жыл 366 күнге тең. Несие қанша уақытқа берілді, егер қарыз берушінің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 100 % құраса?
345 күннен кейін төленетін депозиттік сертификаттың дисконттық түрі жай есепке алу қойылымы 32 % - бен, бір жылда 360 күн деп есептеліп сатылады. Банктің тартылған ақша сомасын жылда 365 күн деп есептейтін жай жылдық пайыздық қойылымның мәнін анықтаңыздар.
Қайсысы тиімді: 4 жылдан кейін 4,6 мың тг алған немесе 5 жылдан кейін 5,2 мың тг алған, егер ақшаны 16 % жылдық күрделі пайыз бойынша депозитке орналастырса? Болашақтағы және қазіргі кездегі тұрғыдан жағдайды бағалаңыз.
Салымшы 4 жыл ішінде банктің депозитіне салған бастапқы сомасын екі есе көлемінде қайтарып алуды көздеді. Тоқсан сайын күрделі пайыздар есептегенде банк қандай жылдық номиналды пайыздық қойылымды ұсынады?
Тақырып 2 Дамыған нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметі.
Мақсаты: Инвестициялық қызметтің нақты кәсіпорында атқаратын ролін, инвестициялық құралдарды айқындау.
Жоспар:
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
Инвестициялық құралдар.
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
жалпы даму стратегиялары;
инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесіп және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті ор түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
Кесте 1
Экономикалық дамудың өзара байланыстылығы мен үйлесімділігі
Сатылары
|
Стратегиясы
|
Пайда
|
Өсуі
|
Жетілуі
|
Ескеруі / пайда болуы
|
Жалпы
|
Нарыққа еніп, бекітілу процесінде өмір сүру
|
Нарық сегментінің кеңеюі, іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету
|
Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы, пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау.
|
Пайда нормасын сақтау және іс-әрекетінің бағыты мен нысандарының бір уақыттық жаңалануының қаржылық тұрақтылығы, дәстүрлі іскерліктің масштабтарын сақтау
|
Инвестициялық
|
Бастапқы нақты инвестицияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету
|
Өндірістің және нақты қаржыдық инвестиция масштабтарының кеңеюі
|
Өндірістің техникалық қайта қамтамасыздандырылуы және кең масштабты қаржылық инвестицияландыру
|
Жаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвести-цияландыру
|
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымының орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынының да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
2. Инвестициялық құралдар
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады. Инвестициялық кызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырады. Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнымен қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық қызметі дегеніміз "Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттерінің жиынтығы" болып табылады
Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырылады: а) күрделі құрылыс; о) инновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары ж.б.), айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б.) айналым қорларынан тұрады.
Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе - инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабелділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмашылығын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезіндегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі:
Sd = mt / (1 + а) n
бұл жерде:
Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі қүны;
mt – ақшаның келешектегі құны;
а – пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
п – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік денгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.
Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс-әрекеті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық (мемлекеттік) деңгейде де қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегідей (кесте 2).
Кесте 2
Инвестициялық үрдіс моделі
Стратегиялық жоспарлау
|
Идеясын іздестіру
|
Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау
|
қаржылық талдау және шешім қабылдау
|
Жобаны жүзеге асыру
|
Мониторинг және инвестициялық бақылау
|
Бақылау
|
Еңбек ресурстары
|
Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар "шектеушілерді" түрінде көрініп тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі, ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған оз қаржыларының есебінен толтырылады. Осы көрсеткіштердің динамикасын Қазақстан бойынша төменде келтірілген мәліметтер арқылы байқауға болады (3-кесте).
Кесте 3
Қазақстан бойынша көрсеткіштер динамикасы
жылдар
|
Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция
|
Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар
|
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға
|
Тұрғандарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға
|
Млн теңге
|
%
|
Млн теңге
|
%
|
Млн теңге
|
%
|
Млн теңге
|
%
|
2000
2003
2007
|
13059
148590
404175
|
100
100
100
|
12541
66780
53755
|
95,3
44,9
13,3
|
383
80029
342188
|
2,9
53,8
84,6
|
225
1781
8232
|
1,7
1,2
2,0
|
Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған (95,3 пайыздан 13,3 пайызға дейін), керісінше, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған (2,9 пайыздың 84,6 пайызға дейін). Бұндай жағдайдың қалыптасуына. әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекет тік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікті - өткендігі себеп болып отыр.
Енді қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу көрсеткіштерін талдайық, (4-кесте).
Кесте 4
Қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу, %
|
2000
|
2003
|
2007
|
Күрделі құрылысқа инвестициялар,
|
|
|
|
барлығы
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
Бюджеттік қаржылар
|
38,9
|
5,0
|
10,1
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
республикалық бюджеттің
|
|
3,5
|
3,2
|
жергілікті бюджеттің
|
|
|
6,8
|
бюджеттен тыс қаржылардың есебінен
|
|
0,4
|
|
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз
|
|
|
|
қаржылары
|
59,4
|
92,3
|
49.4
|
Жеке құрылыс салушылар
|
1,7
|
1,2
|
2,0
|
Шет ел инвестициялары
|
-
|
1,5
|
-
|
Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рөл атқарады.
Шетел инвестицияларында жетекші орындарды Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарылатуға ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айбынсыздық т.б. кедергі болуда.
Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізгі болып саналады. Осы қағиданы басшылыққа алу яғни, инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен, жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.
Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы — ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, біржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақтан қалуы мүмкін.
Біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады. Осыған байланысты, экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдануға болмас.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет инновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Достарыңызбен бөлісу: |