Бақылау сұрақтары:
Инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштері мен негізгі критерийлерін атаңдар.
Экономикалық тиімділігі қалай анықталады?
Ұзақмерзімді инвестиция қалай анықталады?
Ақша ағымы қандай қызмет ағымынан құралады?
Инвестициялық шешім тиімділігін анықтау үшін көрсеткіштерін атаңдар.
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырамалар
1. Rt нені білдіреді?
А) таза келтірілген кіріс
В) мерзімді қаражаттарды жұмсау
С) t мерзім ақшалай формасы
D) жылдық ақшалай формасы
Е) сома
2. Іt нені білдіреді?
А) t мерзім ақшалай формасы
В) t мерзімді қаражатты жұмсау
С) таза келтірілген кіріс
D) таза құн салығы
3. Құндық өзгерісі бар тікелей инвестициялық жобаға қатысушылар шегіндегі жобаны жүзеге асырумен байланысты нәтижелері мен шығынды не деп атаймыз?
А) коммерциялық тиімділік
В) бюджеттік тиімділік
С) экономикалық тиімділік
D) өндірістік тиімділік
Е) қаржылық тиімділік
4. Жергілікті және аймақтық бюджет үшін жобаның қаржылық жағдайын қалай атаймыз?
А) экономикалық тиімділік
В) коммерциялық тиімділік
С) бюджеттік тиімділік
D) қаржылық тиімділік
Е) өндірістік тиімділік
5. Жобаны жүзеге асыруда қаржылық жағдайын жүзеге асыруды қалай атаймыз?
А) бюджеттік тиімділік
В) қаржылық тиімділік
С) экономикалық тиімділік
D) өндірістік тиімділік
Е) коммерциялық тиімділік
6. Бүгінгі құнына болашақтағы құнын келтіру тәсілі қалай аталады?
А) форфейтинг
В) дисконттау
С) своп
D) бизнес-жоспар
Е) кәсіпорын
7. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы несие алудың қандай түрі бар?
А) мемлекеттік несие
В) ипотекалық
С) тұтынушылық
D) коммерциялық
Е) қысқа мерзімді несие
8. Ипотекалық несие ерекшеліктерін көрсетіңіз:
А) қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қарыз
В) қатаң мақсатын тағайындауға ие
С) 10 жылдан жоғары мерзімге беріледі
D) бір мақсатқа бағытталуы тиіс
Е) барлық жауап дұрыс
9. Ипотека алған кезде қойылатын кепілзатты көрсетіңіз:
А) жер учаскесі
В) үй, ғимарат
С) кәсіпорын
D) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын кез келген жылжымайтын мүлік
Е) барлық жауаптар дұрыс
10. Ипотеканың берілу мерзімін көрсетіңіз:
А) 1-3 ай
В) 1 жылға дейін
С) 10 жылдан жоғары
D) 1-3 жыл
Е) 1-5 жылға дейін
Өз бетімен шешуге берілген есептер
Вексель өтеу мерзіміне дейін 21 ай бұрын есепке алынған және вексельдің иесі вексельде жазылған соманың 0,8 алады.Осы вексель қандай күрделі жылдық есептік қойылыммен есепке алынған?
5 жылдан кейін 80 мың тенге алу үшін банктің депозитіне қандай соманы салу керек, егер пайыздар үзіліссіз 22 % қойылымыменқосылып отырса.
Салымшы банктің депозитіне салатын соманы 6 жылдың ішінде 2,5 есе өсіргісі келеді. Орналастырылатын соманы 4 есе өсіру үшін өсірудің екпінділігі қандай болу керек?
10 жылдан кейін міндеттемелер бойынша 10000000 тенге сомасы төленеді. Міндеттеменің ағымдағы құнын анықтаңыз, егер жылына 10 % күрделі қойылымы қолданылатын болса?
20 жыл бойы жылына 1000 табыс алып келетін құнды қағазды 5500 тенгеге сатып алу керек пе, егер банк 18 % күрделі жылдық пайызды ұстанса?
Тақырып 7. Банктің ұзақ мерзімді инвестициялық жобасын несиелеу.
Мақсаты: Қаржыландырудың негізгі қайнар көздерін, басты кезеңдерін қарастыру.
Жоспар:
Ұзақ мерзімді несие бойынша инвестициялық операцияны жүзеге асырудың қажеттілігі мен мәні.
Ұзақ мерзімді несиелеу шарттарының объектілері және субъектілері.
Ұзақ мерзімді несиені дамытудың проблемалары мен оның даму келешегі.
1. Ұзақ мерзімді несие бойынша инвестициялық операцияны жүзеге асырудың қажеттілігі мен мәні.
Инвестиция саласында орын алған құрылымдық өзгерістердің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік берді: несие және салық әдістерімен орталықтандырылған капитал салымдарының азайтылғанына және орталықтандырылмаған капитал салымдарының шектелгеніне қарамастан ұзақ мерзімді инвестицияның және олардың қаржы-несие тұрғысынан қамтамасыз етілу проблемалары бүгінгі таңда өткір күйінде қалып отыр. Бұл мыналарға байланысты:
тұтынылатын тауар өндірісінің жиынтығында шоғырланған шаруашылық жүргізудің бірқатар салаларында инвестициялық қызмет жанданды, аймақтық басқару органдарының әлеуметтік инфрақұрылымды инвестициялаудағы кызметі жанданды, халық инвестициясының рөлі артты;
«инвестициялық тастандының» есебінен құнды қағаздағы, жалға берудегі, құрал-саймандағы, жекешелендірудегі инвестиция өсті;
мамандандырылған қаржы-несие институттарының, инвестициялық банктердің және капитал салымдарын жеңілдікті қаржыландыруға және несиелеуге арналған қорлар құрылды;
негізгі элементтеріне ақша-несие тұрғысынан реттеу тетігі жататын экономиканы басқарудың нарықтық тетіктері қолданысқа енді.
Осы заманғы жағдайда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банктік несиелеудің нарықтарын, сондай-ақ, ақша-несие саясатын жүргізуде негізгі тұтқа ретінде пайдаланылатын құнды қағаздар нарығын бөліп көрсетуге болады.
Бұл ұзақ мерзімді несиелерді бөлумен ҚР территориясында несие салымдарының анықталған мақсатты, шекті мөлшерінен, құнды қағаздармен операцияларды шектеудің және ынталандырудың арнайы тетігін, коммерциялық банктердің қатер деңгейі жоғары активтерін (ұзақ мерзімді несиелер мен құнды қағаздардағы банктің салымын) шектейтін белгіленген экономикалық нормативтерден көрініс тапқан.
Салыстырмалы түрде аса ірі жарғылық капиталға ие коммерциялық банктер ұзақ әрі қатерлі ссудаларды ұсынуы мүмкін.
Мұнда ссудалық саясатты әзірлеу барысында маңызды фактор ретінде болатын активтердің пайдалылығы ескеріледі.
Банктер, егер ұстай алатын болса немесе банктегі резервтің өсімі кемісе, депозит тұрақты болса, ұзақ мерзімді несиенің проценті бойынша демеуқаржы берсе, артықшылықты бағыттары болса, қарыз алушыларының төлем қабілеті бар болса, ырықтандырылған ссуда саясатын ұстануы мүмкін.
Қазiргi нарықтық жағдайда, банктің қысқа және ұзақ несиесiнiң шартын атап өтуге болады. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың нарығы ақша-несие саясатын жүргізуге қолданылады. Бұл өзiнiң мiндетiн, несие көлемiнiң бүтін шектелген салымын негiзiнде, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi несиесін беру болып табылады.
Банктің ұзақ мерзiмдi несиесiнiң объектiсi болып, кәсіпорындардың капиталдық салымдары, азаматтар мен ұйымдардың құрылымдық шығындары, кәсіпорындардың және тұрмыстық жағдай объектісін құрастыру немесе техникалық қаржыландыру, техниканы иемдену, жабдықтар мен көлiк құралдары, ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ортақ кәсіпорындар құру, ғылыми-техникалық өнім, интелектуалдық бағалар және басқа да меншік объектісі болуы мүмкін.
2. Ұзақ мерзімді несиелеу шарттарының объектілері және субъектілері.
Ұзақ мерзімді банк несиесі берілетін объектілерге капитал салымы үшін кәсіпорындар, ұйымдар және құрылыс бойынша шығындары үшін азаматтар жатуы мүмкін, сондай-ақ, ұзақ мерзімді банк несиесі өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық тағайындаудағы объектілерді қайта құруға және оны техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, техниканы, құрал-сайманды және көлік құралдарын, үй-ғимарат пен құрылғыларды сатып алуға, сонымен бірге бірлескен кәсіпорынды құруға, ғылыми-техникалық өнімдерді, интеллектуалдық құндылықтарды және өзге де меншік объектілерін жасауға берілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді несиедегі қажеттіліктерді ірі қарыз алушылар, әдетте, қаражатты пайдаланбастан бұрын жоспарлап қояды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың несие өтінімі негізінде банк әр кезең жылдарында сұралуы мүмкін несиенің ықтимал сұранысын анықтайды, өзге ссуда бойынша мерзімдерді және талап етілген ресурстардың сомасын есептейді. Несие өтінімі ресурстардың шегінен асып түсетін болса, банк мыналардың бірін таңдауына тура келеді: несиенің бір бөлігін өз мойнына алатын корреспонденттік банктермен өзара пайдалы келісімшартқа отыру немесе банк өзіне аса қажетті клиенттен бас тарту.
Бұл онымен (клиентпен) банктің өзара қарым-қатынасын қауіп төндіреді.
Ұзақ мерзімді ссуданы беру барысыңда банктердің кәсіп орындармен, ұйымдармен және азаматтармен құратын негізін несие қатын асынының несие келісімшарты жатады.
Әдетте, ұзақ мерзімді несие берудің несие келісімшартының ресімделуі техникалық-экономикалық негіздемесінің ұсынылуымен бірге жүреді. ТЭН-де несиенің қандай мақсат үшін сұралғаны рет-ретімен көрсетіледі, ең сыйымды баптарды (материалдық шығындар, еңбекақы және т.б.), ажыратумен несие есебінен төлеуді көздейтін ұйғарынды шығындардың (сметаның) есеп айырысуы жүргізіледі.
Шикізаттың, несиеленетін шараны жүзеге асыруға қажетігі материалдардың, жиынтықтаушы бұйымдардың, құрал-жабдықтың және басқадай материалдардың жоспарланған түсімі жеткізілімдердің мөлшерін, кұнын, мерзімін көрсететін жеткізушімен жасалған тиісті келісімшартпен (жекелеген жағдайда - құндылықтарды жеткізуді, жұмыс өндірісін, қызмет көрсетуді жүзеге асыратын олардың кепілдемесімен) нығайтылуы керек.
Есеп айырысулар мен келісімшартта қолданылатын бағасы сілтеме (прейскуранттық келісімшартты және т.б.) жасалуы керек
ТЭН-нің жеке бөліміне несиеленетін шараны жүзеге асы рудан немесе егер ссуданы өтеудің көзіне әр түрлі қызмет бағыты бойынша барлық түсімдер жататын болса, барлық қызмет түрлерінен түсетін клиенттің болжалды табысының есеп айырысуы кіреді.
Табыстың есеп айырысуын жалпы табысты да және таза табысты да (қажетті шығындарды, аударымдарды, салықты және басқадай міндетті төлемдерді ескерумен) көрсете отырып, несиені пайдаланудың барлық жоспарлы кезеңіне жасау қажет.
Клиент сатып алушылармен жасасқан келісімшарттың деңгейінде және жеткізілімнің мөлшері мен құнын көрсету арқылы олардың өтінімі деңгейіңде несиеленген шаралардың (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) нәтижелерін жүзеге асырудың бір бөлігінде өзінін істегендерін де ұсынуы тиіс.
Бұл мәлімет ссуданың қаншалықты тиімді болатындығын анықтаудың және оның өтелетін нақты мерзімін анықтаудың бастапқы негізі болып табылады. Банк әдетте залалды, пайдалылығы темен, коммерциялық емес немесе нақты әлеуметтік бағыты жоқ жобаларды несиелемейді.
Несиенің өтелуі мен қайтарылуын қамтамасыз ететін, басқа қызмет түрлерінен түсетін клиенттің табысы арқылы орны толтырылатын бағдарламалар ғана несиеленуі мүмкін. Алайда бұл жобалар банк қызметінің жарғысына, міндеттемелері мен бағдарламасына қайшы келмеуі керек.
Егер жоба қандай да бір мүліктің жалгерлігімен немесе жаңа құрылыс салумен байланысты болатын болса, банкке, сонымен қатар жалдау келісімшартының көшірмесін және осы мақсат үшін тиісті жер учаскесін бөлу жөніндегі жергілікті үкімет органының шешімін ұсынуы қажет.
Несие есебінен жүзеге асырылатын аса ірі инвестициялық бағдарламамен байланысты жобалар алдын ала сараптауға берілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді несиені пайдаланудың проценттік мөлшерлемесі, комиссиялық сыйақысы және басқа да төлемдер келісім-шарт негізінде белгіленеді.
3.Ұзақ мерзімді несиені дамытудың проблемалары мен оның даму келешегі.
Процент мөлшерлемесі тұрақты әрі өзгермелі болуы мүмкін. Тұрақты мөлшерлеме ссуданың барлық мерзімінде өзгеріссіз қалады, ал, өзгермелісі нарық жағдайына, депозит (салып ақша) бойынша проценттің өзгерісіне, ресми жарияланған инфляция индексіне және өзге де себептерге қарай қайта қарастырылып, кезең сайын (3-6 айда бір рет) өзгертіледі.
Ұзақ мерзімді несиенің базистік мөлшерлемесін' анықтау барысында мына факторлар ескеріледі:
Қаражатты тартудың шығыны;
Қатер деңгейі;
Ссуданы от еудің мерзімі, бақылаудың (несиені өтей алатын қабілетін талдау, кепілге салынғандарды кезең сайын тексеру, төлем индексациясы және т.б.) және ссуданы ресімдеудің шығындары;
Коммерциялық банктердің мөлшерлемелері, сондай-ақ, облигация нарығындағы мөлшерлемелері, банк пен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынастың сипаты;
өзге активтерді инвестициялау барысында алынуы ықтимал пайданың нормасы.
Ұзақ мерзімді ұсақ ссуда бойынша проценттер әдеттегі ше келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне белгіленеді.
Керісінше, аса ірі ссуда туралы келісім өзгермелі мөлшерлемені қарастырады.
Несиенің пайдаланылған кезеңі үшін алынатын процентке тиесілі сома ссуданы беру барысында бір мезгілде немесе бөліктеп (біртіндеп) ұсталуы мүмкін, сондай-ақ, оны қарыз алушы несие келісімшартымен анықталған мерзімге олардың есептелуі бойынша төлеуі мүмкін.
Жекелеген құрылыс бойынша құрылыс кезеңі үшін есептелген процент өндіріліп алынбауы мүмкін, оның сомасы аталмыш құрылысқа берілген ссуда бойынша жалпы берешекке қосылатын болады әрі ссуданы қайта қайтарудағы алғашқы төлем барысында өтеледі.
Банк жекелеген қарыз алушыларға немесе шаралар үшін жеңілдікті несие беруді жүзеге асыру барысында оған осы бағдарламаны жүзеге асыруға несиені тарту жөнінде шешім қабылдайтын органның есебінен алынбаған процентті біртіндеп төлеу туралы мәселе алдын-ала шешіледі.
Ұзақ мерзімді ссуда жеткізушілер мен мердігерлердің шотын төлем немесе қарыз алушылардың есеп айырысу шотына төлем қаражатын аудару жолымен ТМҚ-ны сатып алуына, құрылыс-монтаждау жұмысының орындалуына қарай кезең бойынша немесе бір мезгілде берілуі мүмкін, ал жалгерлерге, фермерлерге, жеке қарыз алушыларға олардың азаматтармен есеп айырысуы үшін ссуда қолма-қол ақшамен беріледі.
Несие берудің нақты формалары несие келісімшартында қарастырылады.
Берілген ұзақ мерзімді ссуда әрбір жекелеген жағдайда немесе несиеленген шара аяқталғаннан кейін қарыз алушының өз міндеттемесін (міндеттеме - тапсырманы) өтейтін аталмыш мерзімін ресімделеді.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және кооперативтерге берілетін ұзақ мерзімді несиені өтеудің нақты мерзімі мен кезеңділігі қарыз алушының қаржылық жағдайына, төлем қабілеттілігіне, шығының өтелуіне, несие қатеріне, сондай-ақ, қосымша қаржыландыру көздерінің айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қарай банктің қарыз алушымен жасасқан келісімшарты бойынша анықталады.
Ішінара алғанда, жер учаскесі, дача, гараж және өзге де қосымша кепілге салынатын мүліктер арқылы банк беретін қосымша несие, кәсіпорындар мен азаматтардың қаржылық қаражаты муниципалитеттің демеуқаржы, жекешелендіру сертификаттары секілді қосымша қаржыландырудың көздері де ұзақ мерзімді несиені өтеудің мерзіміне және кезеңділігіне өз әсерін тигізуі мүмкін.
Оған жаңа құрылыс мерзімінде меншік құқығын берумен мерзімі ұзартылған қолда бар жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу аукционы немесе делдалдық фирмалар арқылы контактіні бекіту жаңа құрылысты жылжымайтын мүліктің фьючерлік сатылуынан түсетін түсімнің есебінен қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Бұл жүйе құрылыстағы бағаның тұрақсыздығымен байланысты коммерциялық қатерді кемітуге мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзiмдi ссудалар тек қана iрi және ұсақ кәсiпорындарға ғана тиiмдi. Олар сыртқы капитал салымдарын қаржыландырудың ең жақсы құралы ретiнде қаралуы мүмкiн, егер кәсiпорын өзiнiң ағымдағы табысынан өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алмаса немесе облигацияны белгiленген бағамен шығу жолымен ұзақ мерзiмдi ссудалар капиталының нарығына қаражат таратады.
Ұзақ мерзiмдi ссудалар экономиканың әр түрлi саласында қолданылады, бұнда қаражаттың бөлiгi өндiрiстiк объектiлерге, жаңа технологиялар мен құрал жабдықтарға бөлiнедi. Оларға: ұзақ уақыт қолданылатын заттар шығарумен айналысатын кәсiпорындар, химикаттар, мұнай өнiмдерi, транспорттық ұйымдар коммуналдық комплекстер жатады. Депозиттi сақтандыруды енгiзгеннен берi банктердiң тұрақты болуына сенiмдiлiк жоғарылады, ол ликвидтiлiкке талап етудi азайтуға мүмкiндiк бередi.
Банктiң кәсiпорындар мен ұйымдарға және азаматтарға ұзақ мерзiмдi ссуда берудiң маңызы болып келiсiм шарт табылады.
Пайыздық ставка. Ұзақ мерзiмдi несиенi қолданғаны үшiн, комиссиондық марапаттау және басқа да төлемдер келiсiм негiзiнде қойылады. Пайыздық ставкалар тұрақты және өзгермелi болады.
Тұрақты ставка ссуданың мерзiмi аяқталғанға дейiн өзгермейдi, ал өзгермелi ставка нарықтық жағдайға байланысты (3-6 айда бiр рет), депозиттiң проценттерiнiң өзгеруi бойынша (салымдарға), арнайы айтылған инфляцияның индексi бойынша және басқа жағдайларға байланысты өзгередi. Ұзақ мерзiмдi несиенің базистік ставкасын анықтаған кезде келесі факторлар қабылданады: қаражаттың тартуын ұстау, ұстап тұру, тәуекелдiлiк көлемі, ссудаларды жабу мерзiмi, ссудаларды рәсiмдеу мен бақылаудың шығындары (несие қабiлеттiлiгi; төлемдердiң индекстелуi және тағы басқалары); коммерциялық банктердiң ставкалары; нарықтағы облигациялар; банкпен қарызгер арасындағы қатынастың мiнездемесi; басқа активтерді инвестициялау кезiнде алуға болатын табыс нормасы.
Ұсақ, ұзақ мерзiмдi ссудалардың процентi келiсiм-шарт мерзiмiнiң барлық уақытына қабылданады. Керісiнше болған жағдайда, iрi келiсiм ссудалары өзгермелi ставканы қарастырады. Несие қолдану мерзiмiнде есептелетiн пайыздық сома ссудаларды берген кезiнде бiр уақытта және бөлек-бөлек ұсталып отыруы мүмкiн, сондай-ақ уақытында беру тәртiбiнде байланысты ссуда алушы белгiленген несиелiк келiсiм-шарт негiзiнде төленедi.
Банк жеке қарызгерлерге льготалық несие берудi жүзеге асырады. Ұзақ мерзiмдi ссуданы беруді, бір уақытта немесе саты бойынша жүргiзiледi, құрылыс-монтаж жұмысының орындалуына байланысты, тауарлы-материалдық құндылықтарды алу жабдықтаушы мен мердігер шотын төлеуге аударылады, ал жалға алушыларға, фермерлерге, жеке қарызгерлерге ссуданы берген кезiнде – азаматтар мен қолма-қол ақшамен есеп айрысады. Несие берудiң негiзгi формасы несиелік келiсiм-шартта қарастырады. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және кооперативтерге берiлетiн ұзақ мерзiмдi несиені төлеу мерзiмi, банк пен қарызгердің келiсiмi бойынша анықтайды, қарызгердiң төлей алу қабiлеттiлiгiне және қаржыландыру мүмкiндiгiне, несиелiк тәуекелдiлiкке, сондай-ақ нақты несие ресурсының жедел айналымы мен басқа да несиелiк қатынас жағдайына байланысты.
Ұзақ мерзiмдi ссуданы мерзiмiнен бұрын төлеу мүмкiндiгi, ол клиенттің жұмыс жағдайына, жақсылығына және оның тұрақты қаржы жағдайына байланысты төленеді. Егер, ссуданы төлеу кәсіпорынның қызметінен түскен қаражатымен жүзеге асатын болса ғана, банк оны төлеуге қарсы болмайды.
Бірақ, қарызгер басқа бір жерден алынған төмен пайызды қарызбен, ссуданы мерзiмiнен бұрын жабасың деген жағдайда, банк оған қарсы болады, осындай қарызгерге айыппұл төлетедi.
Көп жағдайда ұзақ мерзiмдi ссудалар бiртiндеп төленедi, аудару арқылы банкке, ай, квартал, жарты жылда бір рет және жыл сайын төленедi. Төлемнің қысқартылуы, оның барлық салымының көлемі бойынша, бiрдей немесе бiркелкi түсiп отырады дегенді бiлдiредi. Олар әрқашанда бiрдей емес және әр түрлі уақытта түсiп отырады.
Кейде, ссуданы төлеу мерзiмi аяқталған кезде келiсiм - шарттың жағдайы iрi төлемді қарастырады. Бұл жағдайда осы төлемнің белгiлi бiр көлемiнде жаңа ссуданы беру, банкке түскенге дейін қарастырылады. Соңғы iрi төлем, банкке клиенттің несие қабiлеттiлiгiн ссуда мерзiмiнiң аяқталған кезінде қайта қарастырылуына мүмкiндiк береді деп есептеледі.
Банктің бұйрығы негiзiнде несиені жабу, төлем мерзiмiнiң аяқталған кезінде, қаражатты қарызгердің есебінен шығару жолымен немесе қарызгердің төлем тапсырмасына ссуданы төлеу үшін қаражаттарды аудару. Құрылыстың тоқтатылу және берілген несиені дұрыс қолдану жағдайында, банк несиелік шартта қаралған экономикалық санкцияны қарызгерге қолданады.
Бақылау сұрақтары:
Инвестициялық жобаны несиелеудің негізгі қайнар көздерін атаңдар.
Инвестициялық жобаны несиелеу ұйымының кезеңдерін атаңдар.
Инвестициялық жобаны несиелеудің қамтамасыз етілу формасын атаңдар.
Пайыздық ставка дегеніміз не?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырамалар
1. Ипотеканы тіркеуді жүзеге асыратын органға құжаттар түскен күннен бастап, құжаттар неше күнде тіркелуі тиіс?
А) 15 күн
В) 3 күн
С) 1 апта
D) 31 күн
Е) 1 ай
2. Несие деген термин ең алғаш рет қай елде қолданылды?
А) Египет
В) Греция
С) Англия
D) Италия
Е) Қытай
3. Несие беру принциптерін көрсетіңіз:
А) ақылылығы
В) қауырт мерзімді
С) қайтарымды
D) бір мақсатқа бағыттылығы
Е) барлық жауаптар дұрыс
4. Ипотекаға тән ерекшеліктерді көрсетіңіз:
А) қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қарыз
В) қатаң мақсатты тағайындалуға ие
С) 10 жылдан жоғары мерзімге беріледі
D) бір мақсатқа бағытталуы тиіс
Е) барлық жауаптар дұрыс
5. Несие институттарын белгілеңіз:
А) банктік және банктік емес несие мекемелері
В) сақтандыру компаниялары
С) инвестициялық банктер
D) несие жинақ мекемелері
Е) барлық жауап дұрыс
6. Егер кепіл ретінде жылжымайтын мүлік алынып, қаражат ұзақ мерзімге берілсе, онда ол несиенің қандай түріне жатады?
А) ипотекалық
В) тұтынушылық
С) коммерциялық
D) мемлекеттік
Е) лизинг
7. Лизингтік келісім-шарт мерзімі біткен соң, қанша мүмкіншіліктер қарастырылады?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
8. Арендатордың ірі құрал-жабдықтарды қалдық бағасымен сатып алуы қалай аталады?
A) лизинг мақсаты
B) лизингтік келісм-шарт мерзімі біткен соң, болатын мүмкіндіктер
C) лизингтің негізгі қызметі
D) лизингтің бағыты
E) лизингтік келісім-шарт
9. Қаржылық лизингтің неше белгілері бар?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
10. Төмендегілердің қайсысы лизингтік келісім-шарт мерзімі біткен соң, қарастырылатын мүмкіндіктерге жатады:
A) арендатордың ірі құрал-жабдықтарды қалдық бағасымен сатып алуы
B) жаңа келісім-шарт жасалуы
C) келісім-шарт мерзімін ұзартуы
D) лизингтік компанияларға материалдық құндылықтарды қайтаруы
E) барлығы дұрыс
Өз бетімен шешуге берілген есептер
Несиелік мерзім 4 жылға жасалған. Бастапқы қарыз сомасы 2000000 тенге. Келісім-шартта бірінші жылы 10 % жылдық қойылым, оның келесі жылдары 10% артуымен анықталатын айнымалы күрделі пайыздық қойылым көзделген. Келісім-шарттың соңында өсірілген соманы анықтаңыз.
Банк тоқсан сайын жылына 32% күрделі пайыздар қойылымымен қосылатын қарызды9 жылға берді.Банк 9 жылдан кейін осындай табысты алу үшін қандай үзіліссіз қойылым орнату керек? Алынған нәтиже өзгере ме, егер қарыз мерзімі 3 жыл болса?
Фирма 10 жылдан кейін ғимараттан офис алу үшін 2 млн долл. Жинау қажет. Жинаудың ең қауіпсіз әдісі- бұл тәуекелдсіз мемлекеттік бағалы қағаздарды алу, жарты жылдық пайыздармее салымдар жүргізілетін 8% қойылым бойынша жылдық табыс генерацияланады, Фирманың бастапқы салымы қанша болуы қажет?
Салымшы 2 жыл ішінде 30000 тенге жинау мақсатында банкке ай сайын күрделі номиналдық жылдық 12 % қойылым бойынша теңгедей салым салып отырады. Егер пайыз ай сайын есептелетін болса, ай сайынғы салым сомасын анықтаңыздар.
Жыл сайын жылдың басында банкке кезекті 14 мың тенге салынады. Банк 36% жылдық номиналды пайыздық қойылым белгілейді. 6 жыл өткеннен кейін шотта қандай сома болады, егер күрделі пайыздардың қосылуы мына нұсқа бойынша жүзеге асырылса: а) жыл сайын; ә) тоқсан сайын; б) ай сайын?
Тақырып 8. Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция
Мақсаты: Ұзақ мерзімді инвестицияның түсінігін ашу, түрлерін анықтау.
Жоспар:
Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция түсінігі.
Халықаралық инвестиция түрлері .
Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция сипаттамасы.
1. Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция түсінігі және түрлері.
Капиталды шығару кәсiпкерлiк және ссудалық капитал формасында жүзеге асады, соңғысы сыртқы қарыз түрінде болады.
Халықаралық жеке несие 50–шi жылдардан бері халықаралық инвестиция қатынасының осы түрі бірден–бір маңыздысы болып табылады. Халықаралық қаржы несиенің тез дамуы Батыс Европаның көп елдерiнiң және Жапонияның соғыстан кейiнгi жылдардағы болған экономикалық қиындықтар әсерінен болды. Соғыстың әсерiнен қираған шаруашылықтарды қалпына келтіру үшін iрi материалдық шығындарды жабу керек болды. Сол жылдары жалғыз төлем қабiлеттiлiгi бар ел болып АҚШ табылады. Бастапқы кезде қарыз алушы елдер АҚШ–тан несие алу үшiн сол жерден тауар сатып алу керек болды. Бiртiндеп барлық доллардың үлкен бөлiгi басқа елдерден тауар алуға қолданылды, бұл Батыс Европалық банктердiң және басқа елдердiң шоттарында доллар қолданылуының азаюына әкеліп соқтырды. Осылайша, евродолларлық нарық қалыптасты, ал осының негiзiнде жеке меншiк қаржылық несиелер және қарыздар институты пайда болды.
Халықаралық жеке меншік қаржы несиелері және қарыздың басты қайнар көзі болып халықаралық депозиттер және халықаралық облигациялық қарыздары болып табылады. Соңғысы, 60–шы жылдары үлкен деңгейге жеттi және ұзақ мерзiмдi инвестициялық капитал сферасында алдыңғы қатарға ендi. Олар нарықтық евровалюталық базада өткiзiледi және оны жиi еврооблигациялық деп атайды. Әлемдiк экономикалық институттың ақпараты және халықаралық қатынастар бойынша, егер 1985 жылы облигациялық қарыздың көлемi 167,8 млрд. доллар болса, ал 1989 жылы ол 254 млрд. доллар, немесе 51,4 % өстi.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде жеті триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 миллион тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 миллион тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан – табиғат ресурстарына өте бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел.
Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына, жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң жұмыс істейді. Ол — ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден-бір құқықтық-эконо-микалык негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан, кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген "Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы" Заңымыз 1997 жылғы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен "Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы" Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық базасын жетілдіре түсуде.
Жоғарыда көрсетілген жетістіктерді – инвестицияның экономиканы дамытудағы тиімділігін бағалай отырып, оның ақшалай табыстан басқа да та-быстарға әсерін қадағалау қажет. Әсіресе, инвестицияның білім, ғылым, денсаулық, т.б. әлеуметтік салаларға әсерін зерттеген жөн. Себебі, экономиканы дамытудың негізгі мақсаты елдің жағдайын жақсарту, әлеуметтік саланы көтеру екенін білеміз.
Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық құрылымдарды қатар қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады.
Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000—2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфракұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылып жатыр. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге поселкасында жаңа мектеп салынып, іске қосылды. 2001-2002 жылдары ОКИОК компаниясы Маңғыстау мен Атырау облыстарының әлеуметтік салаларының дамуына 10 млн. АҚШ долларын бөлген. Мұндай мысалдар жетерлік.
Сонымен қатар мұнай-газ, металлургия және басқа да шикізат көздері инвесторларға былай да тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің рөлі ерекше.
2. Халықаралық инвестиция түрлері
Халықаралық несие бiрiншiден несиенің субъектiлiк қатынасы арқылы ажыратылады. Сыртқы инвестициялық несиенің қарызгері ретінде:
өндiрiстiк және басқа жеке меншік кәсіпорындар;
басшылық муниципалдар және өзге де құқықтық ұйымдар жатады.
Сыртқы қарыздың инвестиция берушiсi болып:
жеке капиталистер және банктер, облигациялық қарыз иемденушiлер;
басқа елдерге қарыз беретін, мемлекет;
халықаралық ақша – инвестициялық ұйымдар болып табылады.
Осыған байланысты халықаралық ұзақ мерзiмдi инвестиция және жеке мемлекеттiк болып бөлiнедi.
Әлеуметтік жобалар тез қайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды мемлекеттік кепілдік беру арқылы, бюджеттен каржы бөлу арқылы жүзеге асыру қажет.
Әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың бір түрі — ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқару органдары тек қана аймақтық инвестициялық жоспарлар бойынша тікелей қарыз алуға мүмкіншіліктері бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу негізінде қаржыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.
Сонымен қатар шет ел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағы да бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптеген корпоративтік құнды қағаздардың тиімсіздігін ескере отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Қазақстан құнды қағаздар нарығында инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн.
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың жоғарыда көрсетілген бағыттарынан басқа да тетіктеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру және де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына сай заңдық негіздерін құру жатады.
Сонымен, инвестициялық процесті пайда тауып, жоғары әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс ретіңде қарастыру керек. Инвестициялық іс-әрекетті таңдауды оның тиімділігіне экономикалық факторлардан кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды есептемей жасау мүмкін емес.Әрбір елдің инвестициялық тартымдылығын казіргі кезде кредит рейтингісінің өлшемімен бағалау кең орын алуда. Рейтинг эмитенттің несие беру қабілетін көрсететін қолайлы құралы ретінде инвесторлар арасында жан-жақты қолдау табуда.
Несие рейтингісі — карыз алушының сол қарызды өтеу қабілетін және өзіне алған міндеттерін уақытында орындау мүмкіншіліктерін зерттейтін рейтинг агенттіктерінің пікірі. Бұндай пікірлерді қалыптастыруға елдің экономикалық ахуалы, саяси жүйесінің сипаты және әлеуметтік жағдайы негіз болады. Осы негіздерді ескере отырып, әлемге әйгілі "Муддис" және "Смәндард энд Пуурс" рейтинг агенттіктері 2002 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде ең жоғары кредит рейтингісіне ие деп пайымдады. Расында да, біздің мемлекетіміз ішкі саяси тұрақтылық, шетелдік инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу, мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері тәрізді көрсеткіштер тұрғысында Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан, ТМД-ның басқа да елдерінен көш ілгері. Сондықтан да дүниежүзілік қауымдастық. Қазақстанды нарықтық экономика мемелекеті ретінде танып отыр.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде жеті триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 миллион тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 миллион тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан — табиғат ресурстарына өте бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел.
Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына, жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң жұмыс істейді. Ол — ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден-бір құқықтық-эконо-микалык негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан, кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген "Ше-телдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы" Заңымыз 1997 жылғы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен "Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы" Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық базасын жетілдіре түсуде.
Жоғарыда көрсетілген жетістіктерді — инвестицияның экономиканы дамытудағы тиімділігін бағалай отырып, оның ақшалай табыстан басқа да та-быстарға әсерін қадағалау қажет. Әсіресе, инвестицияның білім, ғылым, денсаулық, т.б. әлеуметтік салаларға әсерін зерттеген жөн. Себебі, экономиканы дамытудың негізгі мақсаты елдің жағдайын жақсарту, әлеуметтік саланы көтеру екенін білеміз.
Әлеуметтік саланы, әсіресе білім, ғылым, денсаулық салаларын жеткіліксіз қаржыландыру, оның материалдық-техникалық базасының нашарлауы тек қана рухани және интеллектуалдық мүмкіншіліктерді құлдыратып қана қоймайды, ол тікелей экономикалық шығындарға соқтырады. Себебі, дүниежүзілік тәжірибеден байқағандай, жалпы ұлттық өнімінің өсуіне тек қана білім жүйесі 33%-ға дейін үлес қосса, ал ғылымның жетістіктері барлық дамыған елдердің экономикалық гүлденуін қамтамасыз ететіні белгілі жәйт.
Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық құрылымдарды қатар қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады.
3. Халықаралық ұзақ мерзімді инвестиция сипаттамасы.
Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000—2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфракұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылып жатыр. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге поселкасында жаңа мектеп салынып, іске қосылды. 2001-2002 жылдары ОКИОК компаниясы Маңғыстау мен Атырау облыстарының әлеуметтік салаларының дамуына 10 млн. АҚШ долларын бөлген. Мұндай мысалдар жетерлік.
Сонымен қатар мұнай-газ, металлургия және басқа да шикізат көздері инвесторларға былай да тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің рөлі ерекше.
Әлеуметтік жобалар тез қайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды мемлекеттік кепілдік беру арқылы, бюджеттен каржы бөлу арқылы жүзеге асыру қажет.
Әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың бір түрі — ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқару органдары тек қана аймақтық инвестициялық жоспарлар бойынша тікелей қарыз алуға мүмкіншіліктері бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу негізінде қаржыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.
Сонымен қатар шет ел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағы да бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптеген корпоративтік құнды қағаздардың тиімсіздігін ескере отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Қазақстан құнды қағаздар нарығында инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн.
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың жоғарыда көрсетілген бағыттарынан басқа да тетіктеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру және де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына сай заңдық негіздерін құру жатады.
Сонымен, инвестициялық процесті пайда тауып, жоғары әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс ретіңде қарастыру керек. Инвестициялық іс-әрекетті таңдауды оның тиімділігіне экономикалық факторлардан кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды есептемей жасау мүмкін емес.Шетелдiк және отандық инвесторлар үшiн бiрдей жағдайларды жасауға болады, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiруде, оның iшiнде инвестициялық келiсiм-шарттарды жасау процесiн оңайлатуға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған “Инвестициялар туралы” жаңа Заң қабылданды.
Инвестициялық салада осы уақытқа дейiн iске асырылған шаралардың нәтижелерi ретiнде мыналарды атап өткен жөн: негiзгi капиталға инвестициялар көлемiнiң жыл сайын ұлғайюы, “Mood’s Investors Service” рейтинг агентiнiң Қазақстанға инвестициялық санатқа жатқызылатын кредит рейтингін беруi, мемлекеттiк инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру жүйесін ретке келтіру, мемлекеттiк даму институттарын құру.
Сонымен бірге, инвестициялық саясат саласында мынадай проблемалар сақталып отыр: экономиканы өндеуші салаларына инвестициялардың төмен деңгейі, елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым салаларына инвестициялық ресурстарды шоғырландыру және қайта бөлу институттары мен тетiктерiнiң жеткiлiксiз тиiмдiлiгi, мемлекеттiк қаржы институттарының қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды басқару мен iске асырудың тұтас құрылымдық-институционалдық жүйесiнiң болмауы.
Алдағы кезеңде мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыру Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2015 жылға дейiнгi стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасына және салалық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Отандық және шетелдік инвестициялар қызметтің басым түрлеріне ағылуы көлемдерiн ұлғайту және инвестициялық міндеттемелер мониторингiнiң тиiмдi жүйесiн құру мақсатында мыналар:
жеке инвестицияларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету үшін қызметтің басым түрлерін айқындау жөнiндегi кешенді әдіснаманы әзiрлеу;
инвесторлардың келiсiм-шарт мiндеттемелердiң мониторингі бойынша деректердің электрондық базасын жасау жүзеге асырылады;
2003-2006 жылдардағы кезеңде;
инвестицияларды сақтандыру жүйесiн құруға және дамытуға;
жеке инвестициялық заңнаманы жетiлдiруге бағытталған белсендi шаралар қабылданады.
Мемлекеттiк басқару функцияларын тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету, әлеуметтiк секторды, инфрақұрылымды дамытуды, аграрлық секторды дамытуға жәдемдесу, Астана қаласын дамыту бюджеттiк инвестициялардың басылымдықтары болады.
Бұдан басқа, алдағы кезенде экономиканы дамытудың салалық және өңiрлiк басылымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды сапалы әзiрлеудi көздейтiн мемлекеттiк инвестицияларды жоспарлаудың бiртұтас жүйесi құрылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |