Ќазаќстан республикасыныњ



бет4/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды функциясы болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы ұдайы өндірістің қарқынына, сонымен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалды және материалды емес өндіріс факторларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.

Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми-техникалық идеяларды, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс күші мен ресурстарды ұштастыру жағдайында пайдалануына байланысты болады. Алайда максималды табыстың (пайданың) соңынан түсу көбінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мұндай кәсіпкерлер өз қызметімен қоршаған ортаға және тұрғындарға зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дұрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші рөлі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір – бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалық еркіндігі деңгейінен шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет