Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Карменова Кымбат Алдабергеновна
Аға оқытушы, психология магистрі
Тарих және педагогика факультеті, «Психология» кафедрасы
Байланыс ақпараты: №3 оқу корпусы, кабинет № 102
Пәннің қысқаша мазмұны
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Білім беру мекемелерінде диагностикалық-коррекциялық жұмыстар» пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус) келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстары негізінде әзірленді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР МЖБС және Типтік оқу жоспары негізінде жасалған №343 бұйрығымен бекітілген 16.08.2013ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016жылғы «05» шілде №425 бұйрығына «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013жылғы 16 тамыздағы №343 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы;
КП ТК пән ЖОО-ның ОӘК отырысының шешімімен 03.09.2019ж. №1 хаттамамен бекітілген.
Қазіргі педагог-психологтің кәсіби даярлығына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру концепциясында айқын көрсетілген. Концепцияда қазіргі педагог - ол рухани қамтыған, шығармашыл кәсіби дағдыларды жетік меңгерген және үнемі ізденісте болуы керек. Дегенмен болашақ маманның кәсіби даярлығы жоғары оқу орнындағы барлық оқу жылдарында мақсатты бағытта жүзеге асырылуы қажет. Әр оқу жылы нақты мақсатқа бағытталады. Осы мақсаттың дұрыс жүзеге асырылуы әр оқу пәнінің, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық пәндер кешенінің болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы мүмкіндіктерін дұрыс қолдануға байланысты.
Психологиялық ғылымдардың кез-келген мәселесі адам өмірінің сан алуан салаларымен тығыз байланысты.
Соңғы жылдары психология ғылымдарының аса мән беріп отырған маңызды мәселелерінің бірі - ол адамдар психологиясын зерттеу.
Психологиялық диагностика - ғылымдар жүйесінде ерекше орын алатын, тұлғаның даралық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін дербес ғылыми психологиялық пән.
Студенттерде түрлі әлеуметтік педагогикалық практикада психологиялық диагностиканы ұйымдастыру, қолдана алу технологиялары туралы түсінік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |