Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.
тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;
мазмұнды дәлелдеу;
материал мазмұның ақпараттығы;
материалдың проблемалылығы.
Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық – оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады.
Дәріс мазмұнына дайындық
І – кезеңде дәріске дайындық:
- мақсат қалыптастыру;
- аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады;
- студенттердің даярлық деңгейін анықтау;
- теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады.
Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек.
Ғылымилық. Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады.
Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады.
Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті.
Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |