Ќазаќстан республикасыныѕ


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі



бет20/36
Дата14.12.2021
өлшемі443 Kb.
#126700
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
П нні О У дістемелік кешені «Балалар психологиясы»

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейде көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4н бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалықтүрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.

Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.

Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.

Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.

Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.

Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.

Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.

Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.

Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.

І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.

ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.

Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің маңызды көрсеткіші тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен мнемоникалық мақсат қоя білуі ғана емес, сонымен қатар дұрыс есте сақтауын қадағалап, өзін-өзі бақылауын жүзеге асыруы қажет.

Өзінің есте сақтауын тексеругек тұтастай мүмкіншілігінің болуы 6 жасқа келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі бейнелік есте сақтау сияқты сөзді есте сақтау кезінде өзін-өзі тексеруді тиімді пайдалана біледі.

Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығанын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзіменөайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.

Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұнын өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.

Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген көзқарасына байланысты болады. Егер кейіпкерді жақсы қарым-қатынас кезінде оның жаманшылық жақтарып ұмытып кетеді де, тек жақсылығын өзіне ұнаған жерін ғана есінде сақтайды.

Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің жүзеге асуының өзі үш кезеңнен өтеді:

Практикалық

Сөздік әрекеттік

Ақыл-ой әрекеті негізінде

6-7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып, қорытынды жасапе, есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен есінде қалған материалға талдау жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.

Баланы ңсөздік қорының аөдығы да есінде сақтап қалғанын қайтадан толық жаңғыртып, айтып беруге кедергі келтіреді. Сондықтан да баланың сөздік қорын дамыта отырып, материалды өз бетімен айтып беруге үйрету керек.

6-7 жас бала қимыл-қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.

Осы кезеңде қимыл-қозғалыс есінің дамуына байланысты күрделі қозғалыстарды нақты анық етіп қиындықсыз жылдам меңгереді және де өзгертіп орындауға да икемді болады. Сондай-ақ эмоциялық есіде ерекше дами бастайды, оны бейнелік естен бөліп қарау болмайды.

Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бавс миының сол жақ бөлігінің дамуытез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.

Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымдыэмоцяны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті, сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрліматериал естесақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.

Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне, қатесізқайта жаңғыртуға, ұзақ есте сақтауына, іс-жүзінде әрекет ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды есте сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс-жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.

Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды,есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие үдерісін дұрыс дамытуға тікелей байланысты.

Бала ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:


  1. 2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіндер дейді. 1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады. Өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақскат қоюдың маңызы ерекше.

  2. Бала материалдың мән мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жақсы сақтайды.

  3. Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.

Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп қабылдау және көріп қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ материалды қайталату арқылы есте сақтау тиімді. Мысалы, күрделі материалды балаға бірден жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып қайталап жаттатудың маңызы зор.

Онша көп қайрат күш жұмсауды талап етпейтін көркем сөз үзінділерді, тарихи даталарды, географиялық атауларды бала жаттамай тұрып, жақсылап оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірудің маңызы зор.

В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресемектепке дейінгі еревектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет