Әртараптандыру – кәсіпорында өнім өндіру барысында негізгі өнім өндіруден басқа жаңа өнімдер өндіру, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейту.
Б
Банкроттық – жеке немесе заңды тұлғаның (фирманың, банктің, кәсіпорынның) күйреуі, төлемқабілетсіздігін, өзінің міндеттемелері бойынша борыштарын төлеуден бас тартуын ресми түрде (соттың) мойындауы.
Банктік несиелеу – төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық болған жағдайда кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыру әдісі.
Бәсеке – табиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьекттің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.