Ќазаќстан республикасыныњ



бет98/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ

Заңды тұлғалар үшін банкроттықтың келесідей процедуралары заң тұрғысынан белгіленген:

  • бақылау борышкер мүлкін сақтап қалуды қамтамасыз ету, борышкердің қаржылық жағдайына талдауды өткізу, несие берушілер талаптарының реестрін құрастыру және несие берушілердің алғашқы жиналысын өткізу мақсатында борышкерге қатысты қолданылатын банкроттық процедурасы;

  • қаржылық сауықтыру қарызды өтеу графигіне сәйкес қарызды өтеу мен төлемқабілеттілігін қалпына келтіру мақсаттарында өткізілетін банкроттық процедурасы;

  • сыртқы басқару төлемқабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында борышкерге қатысты қолданылатын банкроттық процедурасы;

  • конкурстық өндіріс басқару несие берушілердің мөлшерлі талаптарын қанағаттандыру мақсатында, банкрот деп танылған борышкерге қатысты қолданылатын процедура;

  • бітімгершілік келісім борышкер мен несие беруші арасында келісімге қол жеткізу жолымен банкроттық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату мақсатында банкроттық туралы істі талқылаудың кез-келген сатысында қолданылатын банкроттық процедура.

Банкроттық процедураларды сауықтыру процедурасын жүргізу мерзімін және таратудың соттан тыс процедуларын, конкурстық (тарату) процедураны немесе таратудың соттан тыс процедурасын жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін төлемқабілетсіз борышкердің барлық органдары басқару құқығынан айрылады және борышкер істері мен мүліктерін басқару функциялары сауықтырушы немесе конкурстық басқарушыға (таратушыға) беріледі.

Сауықтырушы немесе конкурстық басқарушы (таратушы) борышкерді басқарудың жалғыз құзіретті органы болып табылады. Сауықтыру процедурасы борышкердің өзімен, борышкер мүлкінің иесінің немесе оған құзіретті органның өтінішімен ұйымдастырылған жағдайда, оны өткізу несие берушілер комитетінің келісімімен құзіретті органмен борышкердің басшысына берілуі мүмкін. Және де мұнда мұндай басқарушыға ҚР «Банкроттық туралы» Заңымен бекітілген сауықтыру басшысының құқықтары мен міндеттері таралады.

Сауықтырушы, конкурстық басқарушы болып жеке тұлға – банкроттық процедураларында төлемқабілетсіз борышкерлердің істері мен мүлкін басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға құзіретті органмен берілетін лицензиясы бар дара кәсіпкер тағайындалады.



Төлемқабілетсіз борышкерді тарату (конкурстық өндіріс):

Конкурстық өндірісті басқарудың негізгі мақсаты несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін және банкроттың қарызы жоқ деп жариялау болып табылады.

Тарату процедурасының конкурстық өндірісін өткізу мерзімі сот шешімімен анықталады және тоғыз айдан аспауы қажет. Несие берушілер комитетінің келісімімен конкурстық басқарушының өтініші бойынша бұл мерзім құзіретті органмен 3 айдан аспайтын мерзімге созылуыда мүмкін. Конкурстық өндіріс мерзімі борышкерді заңды күшіне сәйкес банкрот деп таныған күннен бастап есептеледі.

Таяу кезеңдегі дағдарыстық жағдайдың белгілерін алдын-ала анықтау мен бақылау жүйесінің маңызы ерекше.



Кәсіпорынның таяу арадағы қолайсыз жағдайы туралы күрделі ескертуі ретінде бизнес бойынша әріптестер, жабдықтаушылар, несие берушілер, банктер, өнім тұтынушылары тарапынан теріс реакция ретінде бағалау керек – мүмкін болатын қайта ұйымдастырулар, жабдықтаушылардың жиі және негізсіз ауысуы, жаңа нарықтарға шығу, шикізат пен материалдарды тәуекелге бара отырып сатып алу.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру банкроттық пен дағдарыстық жағдайды басқарудың құраушы бөлігі ретінде нақты жағдай мен нақты кәсіпорын үшін қажетті стратегиялар мен тактикалардың ең тиімді құралдарын мақсатты түрде таңдауды қарастырады. Көптеген кәсіпорындардың дағдарыстық жағдайларын жеңіп шығу тәжірибесін зерттеу әрбір кәсіпорын үшін жалпы, міндетті процедураларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Олардың негізінде кеңінен таралған тактиканың екі түрін бөліп көрсетуге болады.



Қорғаушы тактика жинақтаушы шараларды өткізуге негізделген. Олардың бастысы өнім өндірумен және өткізумен, негізгі қор мен персоналды ұстаумен байланысты барлық шығындарды қысқарту болып табылады. Ол өз кезегінде жалпы өндірістің қысқаруына алып келеді.

Көптеген кәсіпорындармен қорғаушы тактиканы жаппай қолдану ұлттық экономиканың тереңдетілген дағдарысын тудырады.Сондықтан да оны қолданатын кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруына алып келмейді, өйткені дағдарыстық жағдайдың басты себептері кәсіпорыннан тыс орналасқан. Кәсіпорынның қорғаушы тактикасына сәйкес жедел шараларды қолданумен шектеледі: зияндарды болдырмау, шығындарды қысқарту, ішкі резервтерді анықтау, кадрлық қайта орын ауыстырулар, тәртіпті күшейту, жабдықтаушылармен және несие берушілермен істерді реттеуге деген ұмтылыс (қарызды төлеу мерзімін создыру) және т.б.



Басушы тактика тиімдірек, яғни тек қана жедел емес, стратегиялық шараларды өткізу. Бұл жағдайда ресурсты үнемдеу шараларымен қатар белсенді маркетинг, өткізудің жаңа нарықтарын зерттеу мен жаулап алу, жоғары бағаларды орнату, модификациялау, негізгі қорларды жаңарту, перспективті технологияларды енгізу есебінен өндірісті жетілдіру шығындарын көбейту.

Бірмезгілде кәсіпорын басшылығының күшеюі немесе ауысуы жүргізіледі. Жағдайды кешенді талдау мен бағалау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кәсіпорын қызметінің философиясы, негізгі қағидалары түзетіледі. Яғни, оның стратегиясы ауысады, соған сәйкес бағдарламалар қайта қаралады. Нарықтағы кәсіпорын позицияларын күшейту мен жаңа сегменттерді жаулап алу, шығарылатын өнім номенклатурасын жаңарту іс – әрекеттері жүргізіледі. Мұның барлығы жасап шығарылатын қаржылық, өндірістік және кадрлық сауықтыру тұжырымдамасында көрініс табады. Осыған сәйкес кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін қаржылық, маркетингтік, техникалық және инвестициялық бағдарламалар жасап шығарылады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет