Ќазаќстан республикасыныњ



бет64/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ

2. Келіссөздерге қатысушылардың назарын өзіне аудару (келіссөздердің іскерлік бөлігінің басталуы). Ақпарат пайдалы болған жағдайда әріптесіңіз сізді мұқият тыңдайды. Сондықтан да сіз әріптесіңізді қызығушылығын тудыруыңыз қажет.

3. Ақпаратты беру. Бұл іс-әрекеттің мәні келіссөздер барысында пайда болған қызығушылық негізінде әріптеске ұсынылып отырған келісімнің тиімділігін көрсету, оны жүзеге асыру, оған және оның ұйымына әлеуметтік – экономикалық тиімділік әкелетіне көзін жеткізу.

4 Ұсыныстарды жан – жақты түрде негіздеу (дәлелдеу). Әріптеске ұсынылған идеялар мен ұсыныстар қызығушылық тудыруы мүмкін және олардың мақсаттылығын да түсінуі мүмкін. Бірақ, ол өз ұйымында ұсынылған идеялар мен ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігін бірден көре алмауы мүмкін. Сондықтан да іскерлік келіссөздерді өткізу барысындағы келесі қадам, қызығушылықтарды анықтау және күмәндарды жою (ескертулерді болдырмау, жоққа шығару) болып табылады.

Келіссөздердің іскерлік бөлігінің аяқталуы әріптестер мүдделерін ескере отырып нақты шешімдер (шешім ымыралық негізде қабылданады) қабылдаумен аяқталады.



Келіссөздердің аяқталуы. Егер келіссөздер барысы жемісті болса, онда олардың соңғы сатысында қозғалған жайларды қорытындылап, негізгі ережелерді қысқаша қайталау қажет. Келіссөздер қатысушылары болашақ келісімнің негізгі ережелерін жан – жақты талқылап қабылдау барысында үлкен жетістікке қол жеткізілді деген пікір қалыптасады. Сонымен қатар келіссөздердің оң нәтижелеріне негізделе отырып, жаңа кездесулерді дамыту аясын да талқылаған да жөн.

Келіссөздер теріс нәтижемен аяқталған жағдайда да әріптеспен субъективті байланысты сақтап қалған жөн. Аталған жағдайда, келіссөздердің мағынасына емес, болашақта іскерлік байланыстарды сақтап қалуға мүмкіндік тудыратын тұлғалық аспектілерге назар аударылады. Яғни, оң нәтижелерге қол жеткізілмеген келіссөздердің тараулары бойынша қорытынды жасаудан бас тарту қажет. Екі тарап үшін де қызығушылық туғызатын жағдайды жеңілдететін және достық қатынасты қалыптастыратуға септігін тигізетін тақырыпты табу қажет.

Хаттамалық шаралар келіссөздердің айнымас құраушысы болып табылады. Келіссөздер барысында қойылған міндеттерді шешуде үлкен рөль атқарады. Іскерлік хаттамада келесідей іс – әрекеттер қамтылады: кездесулерді ұйымдастыру және келіссөздерге қызмет көрсету, әңгімелерді жазып алу, базарлықпен қамтамасыз ету, киім нысаны, мәдени бағдарлама және т.б. Осы мәселелерді шешу үшін ұйымда хаттамалық рәсімдермен айналысатын хаттамалық топты (2-3 адам) құру қажет.

Іскерлік келіссөздердің қорытындыларын талдау.Келіссөздер аяқталған деп санауға болады, егер олардың нәтижелері мұқият және жауапты түрде талданса. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қабылданса, келесі келіссөздерге дайындалу үшін белгілі бір тұжырымдар жасалса:

1) Келіссөздердің қорытындыларын талдау келесідей мақсаттарды көздейді:



  • келіссөздердің мақсаттарын олардың нәтижелерімен салыстыру;

  • келіссөздер нәтижелерінен шығатын шаралар мен іс-әрекеттерді анықтау;

  • болашақ келіссөздерді өткізу үшін немесе өткізілгендерді жалғастыру үшін іскерлік, жеке және ұйымдастырушылық тұжырымдар.

2) Іскерлік келіссөздерді қорытындылауды талдау келесідей үш бағыт бойынша жүргізілу керек:

- келіссөздер аяқталғаннан кейін бірден жүргізілетін талдау. Мұндай талдау келіссөздер барысы мен нәтижелерін бағалауға, пікір алмасуға және келіссөздердің қорытындыларымен (атқарушыларды тағайындау мен қол жеткізілген келісімді орындау мерзімдерін анықтау) байланысты алдыңғы қатарлы іс-шараларды анықтауға септігін тигізеді;

- ұйым басшылығының жоғарғы деңгейіндегі талдау. Келіссөздер нәтижелерінің мұндай талдауының мақсаты келесілер:

    1. келіссөздер нәтижесі туралы есепті талқылау және алдын-ала орнатылған директиваларды анықтау;

    2. қабылданған шаралар мен жауапкершілік туралы ақпаратты бағалау;

    3. келіссөздерді жалғастырумен байланысты ұсыныстардың негізділігін анықтау;

    4. келіссөз бойынша әріптес туралы қосымша ақпарат алу.

  1. Іскерлік келіссөздерді дара түрде талдау — бұл жалпы ұйымдастыру және өз міндеттеріне деген әрбір қатысушының жауаптылығын анықтау. Бұл жағдайда бақылау және келіссөздер жүргізуден сабақ алу мақсатында сыни тұрғыдан өзін іс - әрекетін талдау.

Дара талдау барысында келесідей сұрақтарға жауап алуға болады:

  • келіссөз бойынша әріптестің мүдделері мен мотивтері дұрыс анықталды ма?

  • келіссөздерге дайындық қалыптасқан жағдай мен талаптар, нақты жағдайларға сәйкес болды ма?

  • ымыралық туралы ұсыныстар мен дәлелдер қаншалықты дұрыс анықталған?

  • мазмұнды және әдістемелік түрдегі дәлелдеудің нақтылығын қалайша арттыруға болады?

  • келіссөздер нәтижесінде не анықталды? Болашақта келіссөздерді жүргізу барысында теріс жағдайларды қалайша болдырмауға болады?

  • келіссөздердің тиімділігін арттыруды жүргізетін адамдар не істеуі қажет?

Соңғы сұраққа объективті және толық жауап алу ұйым болашағы үшін шешуші маңызға ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет