Ќазаќстан республикасыныњ



бет62/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ
Ќазаќстан республикасыныњ, Д ріс №1 П нге кіріспе, Шыңғыс Алгоритм доклад
Экологиялық қағида мамандарды жұмыс орнының тазалығы мен ауасын таза ұстауға, эпидемия кездерінде кәсіби шараларды өткізуге, табиғат пен адамды қорғау шарттары ретінде жылуды, суды, электроэнергияны үнемдеуге міндеттейді.

Гедонизм этика қағидасы, оған сәйкес рахат алуға құштарлық пен жапа шегуді көрмеуге деген адамның ұмтылысы, оның табиғи құқығы болып табылады.

Гедонизм кәсіпкерлерді оптимизмге, жұмысқа, өмірге деген құштарлық пен ләззат алуға ұмтылдырады.

Ауызша және жазбаша сөз мәдениеті көбінесе кәсіби этиканың негізі болып табылады. Оның маңызды көрсеткіштері ретінде сөйлесу стилі, функционалдық сауаттылық көрініс табады.

Кәсіби әңгімелесуде тіл мен сөйлесу өнеріне деген этикалық талаптар өте қарапайым болғанымен, оларды орындау өте күрделі. Әрбір айтылған сөзге үлкен жауапкершілікпен қарау керек.



Іскерлік келіссөздер. Келіссөздер – бұл екі тараптың да өзара сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы, келісімге келу мақсаты үшін адамдардың өзара байланыс құралы.

Келіссөздер негізінен өзара ой - пікір алмасу (талқылауға ұсынылған мәселелерді шешу үшін алуан түрлі ұсыныстар) арқылы екі тараптың да мүдделеріне жауап беретін келісімге келу және барлық қатысушылардың көңілінен шығатын нәтижелерге қол жеткізуге арналады. Олар ой – пікір алмасудан қажетті сұрақ – жауап беру, қаралатын мәселелер бойынша ескертулер мен дәлелдерден тұрады. Келіссөздер жеңіл немесе өте күрделі жағдайда жүргізілуі мүмкін. Әріптестер келіссөздер кезінде күрделі мәселені шешуде өзара келісімге келуі немесе келмеуі де мүмкін. Сондықтан да әрбір келіссөздер жүргізу барысында арнайы тактикалық ұстанымдарды тұжырымдап оны жүргізу техникасын үнемі жетілдіре отырып жүргізу қажет.

Келіссөздердің алуан түрлілігіне байланысты олардың нақты моделін ұсыну мүмкін емес. Оларды өткізу негізінен төмендегідей тәртіп бойынша жүргізіледі:


  1. Келіссөздерге дайындық.

  2. Келіссөздерді өткізу.

  3. Мәселені шешу (келіссөздердің аяқталуы).

  4. Іскерлік келіссөздер қорытындыларын талдау.

Іскерлік келіссөздерді дайындау

Келіссөздердің табыстылығы сіздің оған қаншалықты мұхият дайындалғандығыңызға байланысты. Келіссөздер басталғанға дейін олардың дайындалған моделі болуы керек:



  • келіссөздер қандай мәселеге арналады және талқыланатын сұрақтардың нақты жүйесі болуы қажет. Келіссөздерде бастамашылық мәселені жақсы білетін және терең түсінетін тарап жағында болады;

  • міндетті түрде нақты бағдарламаны, келіссөздерді өткізу сценарийін құрастыру керек. Келіссөздердің қиындықтарына, күрделілігіне байланысты бірнеше жобалар болуы мүмкін;

  • келіссөз жүргізуші мақсатқа жету үшін қандай жағдайда қарсыласының уәжіне келісу немесе келіспеу кездерін анықтап алуы керек.

Аталған модельді жүзеге асыру кезінде төмендегідей жағдайлардың ескерілуі қажет:

1) келіссөздердің мақсаты;

2) келіссөздер бойынша әріптес;

3) келіссөздерді өткізу нысаны;

4) келіссөздердің жағдайы мен шарттары;

5) келіссөздерге қатысушылар;

6) келіссөздерді ұйымдастыру.

Келіссөздерді өткізу.Тәжірибе жүзінде іскерлік келіссөздерді жүргізудің келесідей негізгі әдістер қолданылады:


  • Вариациялық әдіс

  • Интеграция әдісі

  • Теңдестіру әдісі

  • Келісе отырып шешім табу әдісі

1.Вариациялық әдіс

Күрделі келіссөздерге дайындалу барысында (мысалға, қарсы тараптың оң реакциясын алдын-ала байқауға болатын кезде) келесідей сұрақтарды анықтау керек:



  • аталған мәселені шешудің ұтымды шешімі (жүзеге асыру жағдайларына тәуелсіз) неде?

  • ұтымды шешімдердің қандай аспектілерінен (кешенді түрде қаралатын мәселенің, әріптес пен оның болжамды реакциясын ескере отырып) бас тартуға болады?

  • күтілетін нәтиже бойынша кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жүйелеп және саралау, талдау тәсілдерін пайдаланып ұтымды (жүзеге асырудың жоғары дәрежесі) шешімді қалай қабылдауға болады?

  • шешімді біржақты жүзеге асыру кезінде мүдделердің (өзара тиімді, материалдық, қаржылық, заңды және т.б. қамтамасыз ету кезінде сәйкесінше шешімді қысқарту немесе кеңейту) қайшылығынан әріптестің сенім артқан болжамына әсер ету үшін қандай аргументтер қажет?

  • мерзімі шектеулі келіссөздер кезінде қандай мәжбүрлі шешім қабылдауға болады?

  • әріптестің қандай өте жоғары сұранысы мен ұсыныстарын міндетті түрде қабылдамау керек және қандай дәлелдердің көмегімен?

Мұндай талқылаулар келіссөздердің мақсаты мен мәнін баламалы талқылау шектерінен шығады. Олар қызметтің барлық түрлеріне, шығармашылық және шынайылық тұрғысынан бағалауды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет