Сабақ 1 Модуль Іскерлік этикет Тақырып Этика және бизнес мәдениеті



Дата02.12.2023
өлшемі22,65 Kb.
#194762
түріСабақ
Байланысты:
Прак сабақ1
м25 список

Практикалық сабақ 1
Модуль 1. Іскерлік этикет
Тақырып 1. Этика және бизнес мәдениеті

Сұрақтар:


1. Іскерлік қарым-қатынастың негізгі түрлері.
2. Кәсіби этика. Бизнес мәдениетінің мәні.
3. Корпоративтік дәстүр.
4. Корпоративтік мәдениеттің түсінігі мен құрылымы.
5. Академиялық адалдық.

Этика – мораль туралы ғылым. Этика терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті. Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.


1) Іскерлік қарым-қатынас түрлері: 1. Сөйлеу нысаны тұрғысынан: ауызша, жазбаша 2. Сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы сөздің бір немесе екі бағыттылығы тұрғысынан: диалог түрінде, монолог түрінде 3. Қатысушылардың саны тұрғысынан: тұлғааралық, көпшілік (публичное) 4. Делдал аппараттың болмауы/болуы тұрғысынан: тікелей, делдал арқылы 5. Қарым-қатынасқа қатысушылардың кеңістіктегі орны тұрғысынан: тікелей бауланыс, қашықтықтан
2) Кәсіби этика нормалары:
1. Сыпайылық: мінез-құлықтың нақты ережелерінде көрініс табады (сәлемдесу, адамға жүгіну (обращение), оның аты мен әкесінің атын есте сақтай білу, оның өмірінің маңызды күндері (тілектестік, шынайылық);
2. Әдептілік және сезімталдық назар. Біз қарым-қатынаста болған адамдарға терең құрмет, оларды түсіну ниеті мен іскерлігі, оларға рахат, қуаныш немесе керісінше тітіркену, ренжіту сезімін тудыруы мүмкін екенін сезіну.
3. Қарапайымдылық. Адам өзін жақсы көруге ұмтылмайды. Басқалардан әлдеқайда ақылды, өзінің артықшылығын көрсетпейді, өзіне ешқандай артықшылық, ерекше ыңғайлылық, қызмет көрсетуді талап етпейді.
4. Адалдық. Мәселенің мәнін бейнелейді.
5. Міндеттілігі. Уәделер мен шарттарды сақтау.
6. Еңбекқорлық
7. Әділдік.

3) Корпоративтік мәдениет — белгілі бір ұжымның не компанияның ішкі моделі. Ал ішкі модель — әрбір қызметкер бағынатын құндылықтар, ережелер, дәстүр мен қағидалардан тұратын жүйе. Компанияның пәлсапасы, оның табысқа жетуі, клиенттермен қарым-қатынасы корпоративтік мәдениетке тікелей байланысты.


4) Корпоративтік мәдениеттің элементтеріне: компанияның ұстанатын бағыты, компанияға ең маңызды құндылықтары, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлері, әр қызметкердің өзін-өзі ұстау мәдениеті, кеңселерінің стилі, өзіндік таңбасы, бренді, бір-біріне деген сенімі, бірлігі және ең негізгісі сол компанияның құндылықтарын бөлісетін қызметкерлері жатады.


Бизнес әлемі корпоративтік мәдениетті ХХ ғасырда зерттей бастаған. Қазіргі таңда оның мынандай түрлерін қарастыруға болады:
1. «Басқарушы модель». Барлық қызметкерлер заңға бағынып, әркім өз жұмысын атқарады. Барлық қызметкерлер компанияның механизмін құрайды.
2. «Dream Team». Командалық жұмыс, қызметтік лауазымдарға бөлінбейді, басшылыққа бағынбайды, әр қызметкер команда мүшесі ретінде маңызды рөл атқарады, өз ойын еркін айтады, жауапкершілігі мол болады және командамен бірігіп жұмыс істейді. Олардың қағидасы: «Үлкен табысқа бірігіп қана жете аламыз!».
3. «Отбасы». Әріптестердің арасында достық, жылы қарым-қатынастың болуы. Компания үлкен отбасы, ал басшылар жастарға жол көрсететін ұстаз секілді, олардан кез келген нәрсені сұрап, үйренуге болады. Корпоративтік мәдениеттің бұл түрінде қызметкерлерге әлеуметтік көмектер көрсетіледі, құттықтаулар, жайлы жұмыс орындары қамтамасыз етіледі және әрбір қызметкер өз жұмысына адал болады.
4. «Саудалық модель». Бұл корпоративтік мәдениеттің түрі көбінесе табыс табуға бағытталған компанияларда болады. Әрбір қызметкер өзі үшін жұмыс атқарады, бір-бірімен бәсекелестікке түседі. Компания үшін қызметкер табыс әкелген жағдайда ғана құнды. Корпоративтік мәдениеттің бұл түрі компанияның табысты болуымен, көшбасшылық қасиеті бар қызметкерлерімен және бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленеді.
5. «Нәтижеге бағытталған». Компанияның әрбір қызметкері өзін дамытуға тырысады. Басты мақсаттары белгілі бір нәтижеге жету. Корпоративтік мәдениеттің бұл түрінде қызметкерлер кәсіби шеберлігімен, нәтижелілігімен, корпоративтік рухымен, мақсатқа ұмтылуымен және кезкелген жағдайда шешім қабылдай алуымен ерекшеленеді.
Міне, корпоративтік мәдениетті осындай бес түрге бөліп қарастырып көрдік. Оның түрлері мұнымен шектелмейді. Әлемде қанша ұйым, қанша компания болса, соншалықты корпоративтік мәдениет бар. Сонымен қатар корпоративтік мәдениет жылдам, заман ағымына сай ауысып отырады.
Университеттер сияқты бизнестегі және басқа ұйымдардағы корпоративті немесе ұйымдастырушылық мәдениетті білу 1960 жылдары пайда болды. Корпоративті мәдениет термині 1980 жылдардың басында дамыды және 1990 жылдары кеңінен танымал болды. Корпоративті мәдениетті сол кезеңдерде менеджерлер, әлеуметтанушылар және басқа академиктер компанияның мінезін сипаттау үшін қолданды.


5) Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір оқу орны студенттер мен педагогтарға өз қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді. Көпшілік еститін плагиат, алдау, бұрмалау және көшіріп алу дегендерден басқа, академиялық жалғандыққа сонымен қатар басқаның орнына немесе сыйақы үшін жазбаша жұмысты орындау, жалғандық, алаяқтық және «рұқсат етілмеген ынтымақтастық» деп аталатындар жатады. Академиялық жалғандықтың ең көп кездесетін көрінісі – плагиат. Алғаш рет «плагиат» термині б.з. 80-ші жылдарында Рим ақыны Мартиаль өз шығармаларын оқып, оларды өзінің шығармасы деп ұсынған ақын Фединтинусты әшкерелеген. Мартиаль Фединтинусты «плагиат», шын мәнінде – «ұры» деп атаған. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Дүйшон Шаматовтың осыған қатысты өз пікірі бар: «Посткеңестік кеңістікте «плагиат» деген ұғымды жақында ғана пайдалана бастады. Біріншіден, кеңес кезеңінде зерттеу жұмыстарына және жазу жұмыстарының дамуына өте аз уақыт бөлінді, ал емтихандар көп жағдайда ауызша түрде қабылданды. Студенттерден дербес шығармашылық мәтіндерді жасау талап етілмеді. Екіншіден, студенттерге Б. Блумның таксономиясы бойынша төмен тәртіптегі ойлау дағдылары болып табылатын ақпаратты есте сақтау және түсіну талап етілді. Соңғысы – бірлескен ұжымдық жұмыс мадақталды, ал жеке өзімшілдік ретінде қабылданды». Академиялық жалғандықтың басқа түрлеріне көшіріп алу, шпаргалкалар, сыбырлап айту және т.б. жатады. Плагиаттың екі түрі бар: ойластырылған және ойластырылмаған. Профессордың пікірінше, плагиаттың басым бөлігі шын мәнінде әдейі емес болып табылады және академиялық адалдықты қалыптастыруға көмектесетін ережелерді түсінбеуі салдарынан пайда болады, сондықтан студенттерге академиялық адалдық қағидаттарын нақты түсіндіру өте маңызды. Әрбір оқу орнында академиялық адалдық саясатын бұзудың салдарын реттейтін нормативтік құжаттар бар (мысалы, санкциялардың түрлері, санкциялардың ауырлығы және т.б.). Мәселен, көптеген университеттерде академиялық бұзушылықтар мен тәртіптік рәсімдерді реттейтін «Студенттердің мінез-құлық кодексі», «Корпоратвиті мәдениет кодексі» жұмыс істейді, тәртіп бұзушылықтар кезінде мәселелерді тиімді шешу тетіктері мен қолданылатын шаралар қарастырылады. Бұл ретте негізгі басымдық – студенттердің конституциялық және заңды құқықтары мен академиялық еркіндік қағидаттарын қатаң сақтау болып табылады. Осылайша, студенттердің академиялық бұзушылықтары мәселелерін шешу кезінде Университеттер студенттерден және Университеттің Қамқоршылық кеңесінен бастап бүкіл қазақстандық қоғамға дейінгі барлық стейкхолдерлердің алдында жауапты (құқықтық және қоғамдық мағынада). Академиялық бұзушылықтар студенттердің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді және жалпы білім беру ортасының сапасын төмендетеді. Вирджиния Virgina Tech Политехникалық Мемлекеттік университетінің деректері бойынша, плагиат әсеріне бастауыш және бітіруші курс студенттері көбірек бейім, бұл тапсырмалардың күрделілігімен және оқу бітіру курсы үшін жауапкершілік деңгейімен түсіндіріледі. Әсіресе, плагиат қаупі қашықтықтан немесе онлайн оқыту жағдайында өседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет