Бесінші негізгі топтың ішіндегі мышьяк, сурьма, висмут
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің негізгі тобына- азот, фосфор, мышьяк, сурьма және висмут жатады. Бұл топтағы элементтердің электрондық формуласы ұқсас, демек басқа топтар сияқты химиялық қасиеттері де өзара ұқсас. Атомның сыртқы электрондық қабатында бес электрон болуы, бұлардың электрон қосып алуға бейім екендігін көрсетеді, демек оларды бейметалл деп сипаттауға мүмкіндік береді. Бұлар металдармен және сутекпен қосылғанда, теріс үш валентті бейметалл болып реакцияланады.