шынына келгенде Sb203 негіздік қасиеті басымырақ. Үш валентті сурьманың гидроксидін алу үшін тұзын сілтімен әрекеттейді:
SbСІ3 + 3NaOH = Sb(OH) + 3NaCI
Sb(OH)3 амфотерлі болғандықтан сілтіде де, кышкылда да ериді, өйткені оны сурьмалы қышқыл деп атайды
Алынуы және Қолданылуы
Сүрмені сульфидті кентастарды күйдіргеннен қалған өнімдерді немесе тотыққан кентастарды тотықсыздандыру арқылы алады.
Сүрменің бас пайдаланушысы полиграфия өндірісі (Sb қосылған қорытпа қатайған кезде ұлғайып, ұяқалыптың бөлшектерінің көшірмесін нақтылы қалыптастырады). Сүрменің қорғасын, қалайы, мыспен құймалары өнеркәсіпте, таза сүрме және антимониттері жартылай өткізгіш ретінде қолданылады. Сондай-ақ бұл элемент мойынтіректі қорытпаларда (баббиттерде) пайдаланылады.