Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі



бет1/2
Дата08.10.2024
өлшемі43,96 Kb.
#205867
  1   2
Байланысты:
Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі


Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі
Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен, шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін:
1. Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия;
2. Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш өнімдері;
3. Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер анықтайды.
Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны әлі де болса төмен. Өкінішке орай, Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің тиісті деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді: инвестициялық сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз, көптеген машина жасау фирмаларының экспорттық белсенділігі төмен, т.б. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттайтын көрсеткіштердің қарқынын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістер, жалпы әлемдік экономикамен салыстырғанда елдің экономикалық даму қарқынын арттыратын және оны тежейтін факторлар анықтайды. Кеңес Одағы ыдырап, егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан 90-жылдардағы өндірістің терең құлдырауын бастан кешіріп, әлемдік экономиканың даму көшінен тым артта қалды. Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан өзінің жағдайын әлі де болса жақсарта алмаса да, республикада соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсу байқалып отыр (бұл әрине, 2008 жылы орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан кейін). Қазақстан ЖІӨ үлесі мен экономикалық даму бойынша 90-жылдары жоғалтып алған деңгейін қайта қалпына келтіре алды. Жыл сайын ЖІӨ өндірісі орта есеппен 7,0-7,5%-ға өсіп келеді. Осы уақытқа дейін, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының жылдамдауына салыстырмалы түрде қысқа және ұзақ мерзімді факторлар әсер етті. Қысқа мерзімді факторлар:
1) 1998 жылы болған Азиялық дағдарыс нәтижесінде теңгенің құбылмалы бағамын енгізу, бұл экспорттық өндірістің барлық түрлерін ынталандырды;
2) мұнай мен газға, көптеген шикізат түрлеріне және жартылай фабрикаттарға әлемдік бағалардың көтерілуі;
3) жақын шет мемлекеттерден еңбек ресурстарының ағылуы.
Ұзақ мерзімді факторлар:
1) біліктілігі жоғары жұмыс күші әлеуетінің бар болуы;
2) алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолданудың кең мүмкіндіктері;
3) Қазақстан территориясында Еуропа мен Азияны байланыстыратын трансұлттық көлік жолдарының дамуы;
4) жеке және мемлекеттік секторларда жинақталған ірі қаржы ресурстарының болуы. Қуат көздерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттауды әріқарай дамыту ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының факторы ретінде қарастырыла алмайтындығын атап өткен жөн. Өйткені ЖІӨ-ді арттыруда энергия мен материалды көп қажетсіну ұзақ мерзімде төмендейтін үрдіс болып табылады, олай болса, шикізат көздеріне әлемдік сұраныстың өсу қарқыны келешекте әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқынынан қалып отырады. Ұзақ мерзімді басымдықтарда Қазақстанның үдемелі экономикалық өсуі тиімділігі жоғары ғылымды көп қажет ететін өндірістерді және қызметтер көрсету салаларын дамыту негізінде ғана мүмкін болады. Осындай негізде ғана әлемдік технологияларды игеру, экономиканың тиімділігі мен халықтың табыстарын тұрақты түрде көтере алу мүмкін болады. Сыртқы сауданың қазіргі тауарлық құрылымы Қазақстанның ЖІӨ-ін өсірудің факторы бола алмайды. Енді өндірістің барлық секторларын жаңғыртуда инвестицияларды маңызды түрде арттыру және жалпы алғанда, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігін көтеру қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы кең мағынада халықтың денсаулығы, білім беру мен ғылым, инфрақұрылым жүйелерінің дамуы, қаржы-несие саласының жағдайы, қоғамдық тәртіп және басқалары сияқты жиынтық факторлардан құралады. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ашық экономика мен жаһандану жағдайында ұлттық шаруашылықтың әлемдік нарықта бәсекелік күрестің негізгі субъектісі ретінде сапалы тауарлар мен қызметтерді өндіруін және оларды әлемдік бағамен сатуын, шетел капиталы мен еңбек ресурстарын тарта алуын, өзгеретін сұранысқа тез бейімделе алуын білдіреді. Бірқатар халықаралық ұйымдар ұлттық шаруашылықтардың бәсекелік қабілеттілік рейтингісін анықтайды. Солардың ең негізгісі ретінде, бәсекелік қабілеттілік бойынша әлем елдерінің рейтингісін бағалау қазіргі уақытта, жыл сайын Швейцарияның Давос қаласында өтетін «Дүниежүзілік экономикалық форум» (ДЭФ) ұйымының баяндамаларында жүргізіледі. ДЭФ-тің экономикалық бағалау көрсеткіштері 200-ге жуық. Олар негізгі 8 топқа бөлінеді:
1) ашықтылық;
2) мемлекет;
3) қаржы;
4) инфрақұрылым;
5) технология;
6) басқару;
7) еңбек;
8) институттар.
Әр топтың өзіндік үлес салмағы бар: мысалы, «ашықтылық», «мемлекет», «қаржы» 16,7%, ал «басқару» мен «институттар» - 5,5%. Сегіз факторлық индекстің (оның ішінде көптеген субиндекстер бар) негізінде елдің бәсекелік қабілеттілік рейтингісі анықталады. ДЭФ-тің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің мәліметтері бойынша Қазақстан 1999 жылы 74-, 2000 жылы 68-, 2001 жылы 65-, 2002 жылы 71-, 2004 жылы 76-, 2005 жылы 68- орындарда болса, 2011-2012 жылдары 51-ші орыннан бір-ақ көрінді. Осыларға қарап, халықаралық айырбастың қатысушысы ретінде Қазақстан экономикасының салыстырмалы артықшылықтарын және әлсіз жақтарын қарастырып өту қажет. Біз білетініміздей, экономиканың салыстырмалы артықшылықтары сыртқы саудада ұлттық шаруашылықтың нақты бір саласының, аясының және қызмет түрінің әлемдік орташа деңгеймен салыстырғанда жоғары болғанда ғана соларға маманданудың тиімділігін көрсетеді. Қазіргі уақытта, әлемнің барлық елдері дамудың әртүрлі деңгейінде тұрса да және табиғи ресурстармен әртүрлі қамтамасыз етілгеніне қарамастан, ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспортын дамытуға тырысады. Мәселен, Қазақстанның қазіргі экспорттық құрылымының 75%-ын минералды-шикізаттық өнімдер алып отыр, ал қалған үлеске металлдар, химиялық тауарлар, азық-түлік өнімдері, машина жасау өнімдері ие. Қазақстан импортының құрылымында машиналар мен құрал-жабдықтардың үлесі 45%, минералдық өнімдер 14%, химиялық тауарлар 11% және тамақ өнімдері 7% болып табылады. Қазақстан тауарларын басты импорттаушылар болып Батыс Еуропа елдері, соның ішінде, Италия, Швейцария, Франция, Германия, Англия, сондай-ақ, Ресей, Қытай, АҚШ және Украина табылады. Осыған байланысты, мүмкіндігінше, машиналар, құрал-жабдықтар, дайын тауарлар экспортына өтіп, Қазақстанның сыртқы сауда құрылымын өзгерту қажет. Жоғары білікті мамандар Қазақстанның отын-энергетикалық және шикізаттық өнімдерді өндіретін салаларында салыстырмалы артықшылықтар тудыратын аса маңызды факторларға:
– бірқатар түрлері бойынша әлемдік маңызы бар ірі және кешенді минералды-шикізат қорларының болуын;
– отын-энергетика кешенінде әлемдік деңгейдегі өнеркәсіп қуаттарының болуын;
– сәйкес көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның бар болуы;
– біліктілігі жоғары маман кадрлардың және ғылыми-техникалық жетістіктердің бар болуын жатқызады.
Жалпы өңдеуші өнеркәсіп және машина жасау экспортында әлсіз жақтарды тудыратын факторларға:
– өндірісті ұйымдастырудың тиімсіз технологияларына және әдістеріне ие болуы, оның ресурсты көп қажет ететіндігі, ал бұл өнеркәсіп өнімін әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетсіз етеді;
– негізгі қорлардың өте жоғары дәрежеде тозуы және оларды жаңартудың шектеулі мүмкіндіктері;
– алдыңғы қатарлы озық индустрияны дамыту бойынша нақты мемлекеттік бағдарламалардың болмауы;
– өндірісті орналастырудың тиімсіздігі және жоғары көліктік шығындар;
– бизнес пен маркетингте тәжірибенің жетіспеушілігі, бірегей инфрақұрылымның болмауы жатқызылады. Бірқатар сарапшылар Қазақстан экономикасының және оның бәсекелік қабілеттілігінің әлемдік шаруашылықтағы қазіргі және болашақтағы орнын анықтауға талпыныстар жасауда. Мұндай болжамдық бағалаулар негізгі үш талапқа жауап беруі тиіс: елдің ішкі мүмкіндіктерін нақты бағалай алудан; жалпы әлемдік үрдістерді нақты бағалай алудан; қолданыстағы көрсеткіштер мемлекеттік реттеудің объектісі бола алуы үшін ішкі мүмкіндіктерді бағалаудың әдістемесін жеткілікті түрде анықтай алудан тұруы қажет. Қазіргі әлемде болып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамас тан, сарапшылар 2030 жылдан 2050 жылға дейін әлемдік экономиканың белсенді түрде өсуі байқалады деп болжайды. Мұндай экономикалық өсу ең алдымен, жоғары технологиялы салалар мен қызметтер аясы есебінен қол жеткізіледі және өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында өсу бәсеңсиді және олардағы жұмысбастылық қысқарады деген пікірлер көп айтылады. Мұндай құбылыстар бір топ дамыған елдер үшін қазірдің өзінде шынайылыққа айналып отыр. Дамыған елдерде әлемдік халықтың 20%-ы тіршілік етеді. Қалған 80%-ы халқы бар дамушы мемлекеттерде азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ұзақ пайдаланылатын заттарға, машиналар мен құрал-жабдықтарға қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі төмен. Сәйкесінше, ұзақ мерзімді басымдықтарда өнімнің осындай түрлерін жедел қарқынмен арттырудың әлеуетті мүмкіндік тері пайда болып отыр. Бірақ осындай мүмкіндіктерді іске асыру мәселесі әлі де болса дамыған елдер тұрғындарының төлем қабілеттілігі бар сұраныстарына келіп тіреледі. Егер келешек уақыттарда дамушы мемлекеттер өздерінің төлем қабілеттілігі бар сұраныстарын дамыған елдерге қарағанда тез қарқынмен кеңейте алса, онда әлемдік деңгейде өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс саласы жоғары технологиялар мен қызметтер көрсету салаларының өсу қарқынынан қалмайтын болады. Қазір БРИКС деп аталатын ұйымға мүше, өте тез қарқынмен дамып келе жатқан Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты бес мемлекеттің жиынтық ЖІӨ көлемі 2050 жылға қарай АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия, Канада және Жапония сияқты «Үлкен жетілік» елдерінің ЖІӨ көлемінен асып түсетін болады. 2050 жылға қарай болжамға сүйенетін болсақ, ЖІӨ көлемі бойынша елдер былайша жайғасатын болады:
1) Қытай;
2) АҚШ;
3) Үндістан;
4) Жапония;
5-6) Ресей және (немесе) Бразилия. Қазақстан Республикасы болса өзінің ұлттық бәсекелік қабілеттілігін әріқарай нығайта беретін болады және үдемелі құрылымдық алға жылжулар мен инфрақұрылымдық қайта құрулар негізінде экономикалық тиімділікті көтеруге бағытталған саналы іс-шараларды жүзеге асыра отырып, бәсекелік күрес жағдайында әлемдік экономикада өзінің лайықты орнын табатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет