Гуманизмгебағдарланған кеңес беру Аталған бағыт практикалық психологияда тұлғалық қиыншылықтарға деген психоаналитикалық, бихевиористік және когнитивті тәсілдердің жиынтығына жауап ретінде пайда болды.
Психоаналитикалық тәсілдерде бұл бағыттың өкілдері үшін жануарлардағыдай төменгі деңгейдегі құштарлықтардың адамдарда да болуын, яғни адам әрекет-қылығының детерминизмі, сонымен қатар кіші жастағы әлеуметтену ерекшеліктеріне тәуелді ересек жастағы тұлғаның әрекет-қылығының алғышартталғандығын қолдану пайдалы нәтиже бермейді.
Бихевиористік тәсілдерде бұл бағыттың өкілдері үшін адам әрекет-қылығының әлеуметтік контекст ерекшелігінің алғышартталғандығы, адам мен жануар арасындағы әрекет-қылықтың ұқсастығын қолдануға болмайды.
Когнитивті тәсілдерде адамды ақпаратты жинақтау мен өңдеу құрылысы ретінде тану және адам жанының өмірі мен компьютер жұмысының шындықтары арасындағы ұқсастықтар тиімсіз болып келеді.