Тақырып 13. Басқарудағы кеңес беру.
Ұйымдарға кеңес беру деңгейлері.
Басшыларға кеңес беру.
Персонал-технологиялар: таңдау, оқыту, аттестациялау.
Басқару саласындағы кеңесшінің жұмыс ерекшеліктері.
Тақырып 14. Бизнестегі кеңес беру.
Бизнес процесстер мен бизнес технологиялар.
Бизнес-құрылымдардағыкеңес беру процесінің спецификасы.
Фирмадағы кеңесші жұмысына қойылатын талаптар.
Тақырып 15. Кейбір практикалық психокоррекция әдістері.
Арттерапия.
Ойын терапиясы.
Психогимнастика.
Психодрама.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |