Нейтралды двойник- протагонистің сезімдерін қолдайды немесе біраз күшейтеді.
Ирониялы двойник- протагонистің рөлін ирониялы, юмористік түрде орындайды және проблеманы тереңірек зерттеуге итермелейді.
Құмаршыл двойник-протагонистің сезімдерін күшейтеді, оларды ашығырақ, нақтырақ қылады.
Двойник- оппозиционер- протагонист позициясына қарсы позицияны ұстауға тырысады. Ол оның зейінін альтернативті қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.
4.Рөлдермен ауысу.Рөлдермен ауысу кезінде протагонист психодрамада қандай да бір фигура рөлін ойнайды, ал көмекші «мен» протагонист рөлін алады. Рөлдермен ауысудың мақсаты- көмекші «мен» ретінде ойнайтын адам протагонистің орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.
Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің қиындықтарын түсіну, өзінің ойларын нақты білдіруге көмектесу болса, екінші жағынан- көмекші «менге» жағдайды өзіндік түсіну мен оған өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу.
Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста эффективті қолданылады. Балалар ата- ана мен үлкендер рөлін қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.
Үлкендерде рөлдермен ауысу- инсайтқа жетудегі эффективті және тез әдіс болып табылады.