Редакция № 2 02.09.09. орнына
Редакция №3 13.09.12.
40 беттің
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-14.05.01.20.19
/03-2012
«Психологиялық кеңес беру негіздері» пәні бойынша
оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция № 3 13.09.12.
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Психологиялық кеңес беру негіздері»
«5В0503» – «Психология» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
Мазмұны 1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
№
Термин атауы
Термин мазмұны
1
Адаптация
Бейімделу
2
акцепт
Екпін
3
антипатия
Сүйкімсіздік, жиренішті
4
амбиция
Шамданғыш, ызақор
5
апатия
Енжарлық, селқостық
6
база
Негіз
7
валидті
Жарамды
8
гипотеза
Ғылыми болжам
9
диаграмма
Кесте
10
диагностика
Анықтау
11
интеллект
Ақыл-ой
12
инструкция
нұсқау
13
Интервал
Арақашықтық
14
интерпритация
Түсіндіру, талдау беру
15
классификация
Жүйеге келтіру
16
конфиденциалды
Жасырын
17
корректив
Түзету
18
критерии
Белгі
19
корреляция
өзара байланыстылық
20
концепция
Пікір
21
компетенттілік
Хабардарлық, жете білушілік
22
манипуляция
Басқару
23
мотив
Себеп, дәлел
24
мода
Үлгі
25
норма
Норма, ереже, шама, мөлшер
26
потенция
Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің жеткіліктілігі
27
реприза
Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау
28
репрезентативті
Дәлдігі
29
фиксация
Жазып алу, белгілеп қою
30
этап
кезең
2 Дәрістер Психологиялық кеңес беруге кіріспе.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты, міндеттері.
Психологиялық кеңес берудің түрлері.
Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.
Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.
Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.
Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.
Психолог-кеңесшіні адамдар не үшін іздейді? Неліктен олар оған барады?
Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.
Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.
Кеңес беру процесін басынан аяғына дейін белгілі бір тәртіппен кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар.
Кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:
Дайындық кезеңі. Бұнда психолог клиентпен жазбаша түде танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол туралы ақпаратты басқа адамдардан да алуы бойынша. Мысалы: өтініш қабылдаған кеңесшіден, әріптестерінен т.б. адамдардан. Осы кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге дайындалады. Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты – 20-30 минутқа созылады.
Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог клиентті өзі қарсы алады, онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. Бұл кезең кеңес өткізуге барлығы дайын болса, 5-7 минутқа дейін созылады.
Диагностикалық кезең. Бұнда психолог клиенттің мәселесін тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің негізгі мазмұнына клиенттің өзі туралы, мәселелері жайлы ақпараттары кіреді (баяндау арқылы). Сондай-ақ бұл этапта психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің мәселесін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге нақты уақыт тағайындау қиын, сондықтан жұмыс 4 сағаттан – 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
Нұсқау беру кезеңі. Психолог кеңес беруші өткен этаптарда клиент жайлы жинаған ақпараттарды онымен бірлесе отырып, мәселені шешуге, практикалық нұсқауғалар жасақтайды. Бұл кезеңде барлық нұсқаулар тексеріледі, түсіндіріледі, нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт – 40мин-1 сағатқа дейін.
Бұнда психолог пен клиент алынған кеңестер мен нұсқаулардың қалай бақыланатыны мен бағаланғандығы жайлы келіседі. Осы жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды кімнен, қашан, қайда біле алатындығы жайлы, келесі жолы қай кезде кездесетіндігі туралы да келіседі. Уақыт – 20-30 минут.
Егер жоғарыда аталғандардың барлығын ескеретін болсақ, онда барлық 5 этапқа орташа есеппен (тестке жіберген уақытты қоспағанда) 2-3 сағат – 10-12 сағат уақыт берілуі мүмкін.