Психологиялық кеңес берудің түрлері Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет ететіндіктен және әр түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес беруді клиенттердің жекелей ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап, бірнеше түрлерге бөлуге болады:
Интимдік-жеке бастық психологиялық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі жиі және көп адамдарда кездеседі. Бұндай кеңес беру адамның тұлғалық сұрақтарымен, уайымдарымен айналысады. Бұндай кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады. Мысалы: психологялық немесе мінез-құлықтағы жетіспеушілік, маңызды адамдармен қарым-қатынас, әр түрлі қорқыныштар, сәтсіздіктер, психогендік аурулар (дәрігердің қарауын қажет етпейтін) және т.б. Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңлі толмаушылығы, интеллектік мәселелерін, қарым-қатынастарын жатқызуға болады.