Дара кәсіпкерлік –жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделген, олардың тәуекелімен және өз мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке тұлғалардың ынталы қызметі.
Дивиденд– акционерлік қоғамның балансында көрсетілген, пайдаға байланысты болатын акциялар бойынша төлемдер шамасы.
Дилер– өз атынан және өз есебінен тауарды қайта сатуды жүзеге асыратын делдалдық құрылым (заңды немесе жеке тұлға).
Дисконттау – пайыз нормасының белгілі бір мерзімі арқылы төленетін капиталды активтер табысының сомасын ағымдық баламасын есептеу.
Джоббер – дайын өнім қорлары бар, тауарлардың тасымалы мен сақталуын қамтамасыз ететін делдалдық сфера субъектісі.
Е
Еңбек биржасы – жұмыс күшін сату-сатып алу мақсатында жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы дедалдыққа мамандандырылған ұйым.