Өнім сапасы – адам мен қоғамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген қабілетін анықтайтын, еңбек өнімінің пайдалы тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы.
П
Патент– мемлекет жеке адамға (кәсіпорынға) беретін және оның өнертабысы белгіленген мерзім бойына ерекше пайдалану құқығының мойындалуын қамтамасыз ететін құжат.
Процудент – өнім өндіруші, белгілі бір тауарды өндірумен айналысатын ел.
Пул– барлық қатысушылардың пайдасы ортақ қорға түсіп, кейіннен олардың арасында күні бұрын белгіленген үйлесімділікке сәйкес бөлінумен ерекшеленетін картельдердің ерекше түрі.
Р
Райтер – негізгі бағалы қағазды опционның уәделескен бағасы бойынша сату немесе сатып алу міндеттемесін өз мойнына алушы адам.