Ќазаќстан республикасыныњ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет100/145
Дата07.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#95129
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   145
Байланысты:
Seidahmetov-Kasipkerlik

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметі қандай нысандарда тоқтатылады?

  2. Кәсіпкерлік ұйымдардың қайта құрылуы дегеніміз не және оның нысандары қандай?

  3. Беру актісіне қандай ақпаратты қосу ұсынылады?

  4. Ұйымдарды таратудың қандай нысандары қолданылады?

  5. Заңды тұлғаны тарату кезеңдерін атап өтіңіз.

  6. Тіркеу органына таратуды тіркеу үшін қандай құжаттар ұсынылады?

  7. Ұйым тұрақсыздығының (банкроттығының) негізгі белгілерін атап өтіңіз.

  8. Банкротқа қандай процедуралар қолданылады?

  9. Реабилитациялық басқарушы дегеніміз кім?

  10. Тарату процедурасының (конкурстық өндірістің) мәні неде?




1. Кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіпкерлік ұйымдардың объективті рөліне негізделген функциясы:
1) жалпыэкономикалық
2) материалдық
3) технологиялық
4) басқарушылық
5) жаңашылдық
2.Кәсіпкерліктің ұдайы өндіріс қарқынының шектеулі ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген функциясы:
1) ресурстық
2) жалпыэкономикалық
3) әлеуметтік
4) ұйымдастырушылық
5) инновациялық
3. Кәсіпкерлік жүйесінде әрбір қабілетті тұлғаның іс – әрекет жүргізуші ретінде, өзінің дара қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсетуге деген мүмкіндігімен сипатталатын функциясы:
1) әлеуметтік
2) экономикалық
3) интеллектуалдық
4) шығармашылық
5) саяси
4. Кәсіпкерлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда байқалатын функциясы:
1) ұйымдастырушылық
2) басқарушылық
3) қаржылық
4) адами
5) тұлғалық
5. Кәсіпкер идеясын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жататын қызметкер:
1) жалдамалы
2) үйде жұмыс істейтін
3) клерк
4) үй қызметкері
5) мүлдем жоқ
6. Кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкерліктің негізін құраушы элементтері:
1) кәсіпкерлік қағидалары
2) кәсіпкерлік әдістері
3) кәсіпкерлік функциялары
4) кәсіпкерлік критерийлері
5) кәсіпкерлік мақсаттары
7. Кәсіпкерлердің жеке бәсекеқабілеттілік әлеуеті оның кәсіби:
1) қабілеттері, құзіреттілігі және жеке қасиеттерінің жиынтығы
2) құзіреттілігі
3) жеке қасиеттерінің жиынтығы
4) іскерлік
5) ресурсы
8. Кәсіпкерлік бәсекеқабілеттің (КБК) әлеуеті олардың субъектілерінің:
1) артықшылықтары
2) кемшіліктері
3) артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасы
4) қызметі
5) бейімделуі
9. Кәсіпкерліктің жүйелік белгілері:
1) кәсіби құзіреттілік
2) даму
3) қалыптасу
4) орындалу
5) сапалық
10. Кәсіпкерлік заңды тұлғаны құру үшін төмендегідей құжаттарды дайындауы керек:
1) жарғы мен құрылтай келісімшартын жасау
2) жарғысын жасау
3) келісімшарт жасау
4) контракт жасау
5) мәміле жасау
11. Жаңашылдық функциямен байланысты кәсіпкерлік қызмет моделі
1) инновациялық кәсіпкерлік
2) қаржылық кәсіпкерлік
3) ірі жобаларды қаржыландырумен байланысты қызмет
4) жеңілдік кәсіпкерлік
5) делдалдық кәсіпкерлік
12. Заңды тұлғаны құру үшін не істеу қажет
1) әділет органдарында тіркеуден өту
2) атауын таңдау
3) территорияны бөлу
4) газета арқылы өзін заңды тұлға деп жариялау
5) әріптестерін анықтау
13. Тауарларды өткізудің мониторингі барысында басты міндет болып табылады
1) рекламацияларды анықтау
2) тестілеу орнын таңдау
3) сату көлемін қолдау мақсатында өнімді өткізу барысында ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету
4) тұтынушылардың мінез-құлқын талдау
5) факторингтік талдау
14. Мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік:
1) толық серіктестік
2) коммандитті серіктестік
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
5) акционерлік қоғам
15. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен (толық серіктестермен) қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды (салымшыларды) да енгізетін серіктестік:
1) коммандитті серіктестік
2) толық серіктестік
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
5) акционерлік қоғам


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет