Ќазаќстан республикасыныњ



бет1/145
Дата07.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#95129
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Байланысты:
Seidahmetov-Kasipkerlik


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


А. С. СЕЙДАХМЕТОВ, Қ. Ж. ЕЛШІБЕКОВА,
А. Қ. ІЗМАҚАНОВА


КӘСІПКЕРЛІК
Оқулық
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен

Алматы, 2011


УДК
ББК




Пікір жазғандар:


Н. А. Нұрсейт – ҚБТУ-ің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.
Г. И. Маянлаева – ҚазЭУ-нің «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор
Ж. О. Тұмбай – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Менеджмент және бизнес» кафедрасының доценті, э.ғ.к.
А. С. Сейдахметов, Қ. Ж. Елшібекова, А. Қ. Ізмақанова
Кәсіпкерлік. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 251 б.

ISBN

Ұсынылып отырған оқулық «Кәсіпкерлік» типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.
Оқулықта кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, оның түрлері, ерекшеліктері мен функциялары, кәсіпкерлік қызметтің обьектілері, субъектілері және кәсіпкерлік орта құрудың маңызы қарастырылады. Онда бизнес – жоспарлау, қаржылық және кадрлық тұрғыдан кәсіпкерлікті қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударылған. Сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелді төмендету, кәсіпкердің жұмысын бағалау мәселелеріне біршама назар аударылған. Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін тоқтату механизмдеріне, серіктестермен өзара қарым – қатынастарға және серіктестер мен олардың арасындағы келісімшарттық қатынастарға, кәсіпкерлік мәдениеті мен құпияға, шаруашылық субъектілер алдындағы кәсіпкерлердің жауапкершіліктеріне жеке тараулар арналған. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау механизмдеріне және кәсіпкерлік аясындағы бәсекеге қабілеттілікке ерекше назар аударылған.
Оқулық студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға, сонымен қатар кәсіпкерлік аясында өз білім деңгейін арттырғысы келетін азаматтарға арналған.

УДК
ББК


ISBN
© А. С. Сейдахметов, Қ. Ж. Елшібекова,
А. Қ. Ізмақанова, 2011
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2011


КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін арттыру мәселелері ұлттық экономика жүйесінің үйлесімді қызмет етуіне және оның ұйымдастырушылық – экономикалық механизмдерін жетілдірумен байланысты. Бұл жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін дамыту ерекше рөл атқарады. Ол, өз кезегінде, кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін терең меңгерген, жоғары білікті экономистер мен басқару жүйесіне кадрлар дайындау сапасына тікелей байланысты. Сондықтан да Қазақстанның экономикалық жүйесінің шаруашылық жүргізу объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың кәсіпкерлік қызметіндегі ұйымдастырушылық – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық мәселелерін зерттеу мен меңгеру үшін оқу – әдістемелік материалдарды дайындау мен жариялау қажеттілігі туындап отыр.


«Кәсіпкерлік» оқулығында ұлттық экономиканың аялары мен салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.
Оқулықта кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен оның тиімділігін бағалаудың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қолдаудың мемлекеттік механизмдерін пайдаланудың инновациялық нысандары мен әдістері көрініс тапты. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мәселелерін жүйелі тұрғыдан сипаттау мен зерттеуге, маман-кадрлармен қамтамасыз ету мен кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Кәсіпкерлік қызмет аясында келісімшарттық және іскерлік қатынастарды ұйымдастыру мәселелеріне; кәсіпкердің жауапкершілігіне; кәсіпкерлік құпияға, оны қорғау тәсілдеріне, тәуекелді бағалау мен басқаруға, тиімділікті талдауға, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті тоқтату механизмдеріне ерекше мән берілген. Оқулықта кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау механизмдерін пайдаланудың әдістері көрсетілген, кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілікті арттырудағы рөлі де жүйелі түрде келтірілген.
Оқулықта ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпкерлік қызметтің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік материалдарды оқып-үйренуді жеңілдету үшін суреттер, кестелер мен көрнекті құралдардың басқа да түрлері кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар қарастырылатын тақырыптар бойынша студенттер өздерінің білімін бақылауына арналған сұрақтар мен пән мазмұнына қатысты глоссарий да енгізілген.
Оқулықтың мазмұны, құрылымы Қазақстан Республикасының экономикалық мамандықтарына арналған мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартының типтік оқу құралына сай келеді.
Оқулық студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға, сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет аясында өз білім деңгейін арттырғысы келетін азаматтарға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет