Абсолютті талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды-заттық (физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.
Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің аталған түріне жұмсалған ресурстардың жалпы құнына қатысты шығынның сомасы ретінде анықталады.
Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін. Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары – орташа күтілетін мәні, дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.
Вариация – нәтиженің бір нұсқасынан екіншіге өту барысындағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі.
Дисперсия – нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы.
Осылайша, тәуекел дәрежесі екі критериймен өлшенуі мүмкін: орташа күтілетін мәнмен, мүмкін болатын нәтиженің құбылуымен (өзгергіштігімен).
Орташа күтілетін мән – белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің (жағдайдың) мәні. Ол әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәннің жиілігі, немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкін болатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін нәтиже есептеледі.
Экспертті бағалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен мамандардың ой-пікірлерін өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Ол статистикалықтан тек тәуекел қисығын сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.
Есептік – аналитикалық әдіс – шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруға және кәсіпкерлік тәуекел көрсеткіштерін бағалауға негізделген.
3.3 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
Кәсіпкерлік қызмет қолайсыз нәтижелердің, оң салдардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олардың пайда болуын азайтатын немесе теріс салдарды болдырмайтын әдістер мен тәсілдерді жасап шығару қажеттілігі туындайды. Экономикалық ғылымда мұндай сипаттағы іс-әрекеттерді тәуекелді басқару жүйесі деп атайды. Кәсіпкерлік фирманың қызметінің шекті нәтижелеріне тәуекелдің әсерін жұмсартуға бағытталған қызметтің ерекше түрі.
Тәуекелді басқару тұжырымдамасы үш негізгі айқындамадан тұрады:
Тәуекел жағдайында кәсіпкерлік қызмет салдарын анықтау;
Бұл қызметтің мүмкін болатын теріс салдарына әсер ету қабілеті;
Жасалатын іс-әрекеттердің оң нәтижелері жойылатын немесе теріс нәтижелердің орны толтырылатын шараларды жасап шығару мен жүзеге асыру.
Тәуекелді басқару шешімді қабылдау барысында нұсқаларды іздеуді білдіреді. Тәуекелді сапалық бағалау кәсіпкерлік фирманың ұзақ мерзімді перспективада кәсіпкерлік фирманың табысқа жету мүмкіндіктерін арттырады, оның қаржылық жағдайының нашарлау қаупін біршама төмендетеді.
4-кестеде кәсіпорын тәуекелін басқарудың негізгі әдістерінің жіктемесі келтірілген. Аталған әдістердің бір бөлігі болашақта тәуекелді төмендетуді, ал қалған бөлігі дереу төмендетуді кепілдендіреді. Бір әдістерді шамаға тікелей әсер ету шаралары ретінде, ал қалған әдістерді – жанама әсер ету шаралары ретінде қарастыруға болады.
4-кесте – Тәуекелді басқару әдістерінің жіктелуі
Тәуекелді ескерту әдістері
|
Тәуекелді болдырмау әдістері
|
Тәуекелді локальдау әдістері
|
Тәуекелді әртараптандыру әдістері
|
Тәуекелдің экономикалық салдарын төмендету әдістері
|
Тәуекел туралы қажетті ақпаратты алу
Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау
Белсенді мақсатқа бағытталған маркетинг
Сыртқы орта дамуын болжау
Персоналды оқыту мен оның инструктажы
Ескерту шараларын жүзеге асыру (аварияға қарсы, өртке қарсы)
|
Сенімсіз әріптестерден бас тарту
Гаранттарды іздестіру
Тәуекелді жобалардан бас тарту
Мүліктің консервациясы
Қабілетсіз қызметкерлерді жұмыстан босату
|
Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін еншілес кәсіпорындарды құру
Арнайы құрылымдық бөлімшелерді құру (негізделген балансы бар)
Тәуекелді жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен қызметті жүзеге асыру туралы келісімшартты жасау
|
Жеке жобалардың қатысушылары (бірігіп орындаушылар) арасында тәуекелдерді үлестіру
Өткізу мен тасымалдарды әртараптандыру
Инвестицияларды әртараптандыру
Қызмет түрлерін әртараптандыру
Уақыт бойынша тәуекелді үлестіру
|
Лимиттеу
Өзін-өзі сақтандыру (қорларды құру мен резервілеу)
Өзара сақтандыру
Сақтандыру
|
Қазақстанның шаруашылық жүргізу тәжірибесінде тәуекелді болдырмау мен локальдау әдістері кеңінен тараған. Бұл әдістерді сенімсіз әріптестер қызметінен бас тартатын, тек сенімді контрагенттермен жұмыс істеп, әріптестер ортасын кеңейтуді қаламайтын көптеген өндірістік кәсіпорындардың басшылары қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |