14
тұлғасының зияткерлік және эмоциялық дамуын ынталандырады. Бұл
кезеңде студенттердің дамуы шешілетін проблемалық мәселе негізінде
коммуникативті-ойлау қызметіне дайындықты көрсетеді. Жазба сөз
саласында үйреншікті тіл материалы шегінде бейтарап және ресми сипаттағы
жазба сөздің өнімді үлгілерін жазу машығы мен іскерлігін қалыптастыру
қарастырылады.
Бағдарлама мәтіндік материалдарды тереңірек үйренуге: түсіндіру,
аудару, мәтінді айту, сондай-ақ студенттердің сөздік қорын молайтуға және
оқылатын лексикалық бірліктерді талдауға және шет тілін игерудің
жеткілікті әлеуметтік, жалпы білімдік деңгейін қалыптастыруды талап етуге
есептелген. Оқытудың бұл кезеңінде сөйлеу қызметінің төрт түрінде
коммуникативті машық пен шеберлік қалыптасады, ол қоғамдық өмірдің
түрлі салаларында тұлғарааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас
құралы ретінде шет тілін жеткілікті дәрежеде еркін қолдануды қамтамасыз
етеді.
Шет тілін оқытудың бұл курсы қызметтің төрт түрінде: тыңдау, сөйлеу,
оқу және жазуда коммуникативті-интермәдени құзырет негізін қамтиды. Бұл
көлем шеңберінде құзыреттің жалпыеуропалық шкаласы (ОЕК) В2 деңгейі –
базалық стандарттылық деңгейі меңгеріледі.
Пәнді оқыту мақсаты:
Үйренушілерде көпмәдениетті және көптілді орта жағдайында
әлеуметтік мәдени, академиялық және кәсіби салаларда тиімді, дербес
қатынас үшін басқа тілді коммуникативті құзырет қалыптастыру бұл
бағдарламаның
стратегиялық мақсаты
болып табылады.
Оның
практикалық мақсаты
күнделікті және академиялық қарым-
қатынастағы шынайы жағдайларда, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынастағы
әдеттегі жағдайда ағылшын тілін қолдану шеберлігін қалыптастырудан
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: