Ќазаќстан республикасыныњ



бет42/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Офертада акцепт үшін мерзім көрсетілсе, егер акцепт офертаны жіберген тұлғамен, онда көрсетілген мерзімде алынса, келісімшарт жасалған болып саналады. Егерде тараптар келісілген түрде келісімшарт жасау туралы келісімге келсе, ол осындай түрде жасалған болып саналады. Келісімшартта оның жасалған жері көрсетілмегендіктен, келісімшарт кәсіпкердің тұрғылықты жерінде немесе офертаны (келісімшарт жобасын) жіберген коммерциялық ұйымда жасалды деп саналады. Егер басқаша көрсетілмесе, келісімшарт сауда жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Келісімшарт аукцион немесе конкурс түрінде де жасалады. Сауданы жүргізуді жеңіп алған тұлға, және сауданы ұйымдастырушы конкурсты немесе аукционды өткізу күні кезінде келісімшарт күші бар сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Келісімшартты өзгерту немесе бұзу Азаматтық кодекспен, заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісім арқылы жүзеге асады. Келісімшарт тараптарының бірінің талабы бойынша келісімшарт сот шешімі арқылы келесідей жағдайларда ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады: келісімшартты бір тарап бұзған жағдайда, Азаматтық Кодекспен, басқа да заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Келісімшарт өзгертілген немесе бұзылған болып танылады, егерде келісімшартты орындауға тараптардың біржақты бас тартуы болған (келісімшарттан толығымен немесе жартылай бас тарту) жағдайда. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім заңнамамен, келісімшартпен, яғни келісімшарт түрінде жасалады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы талап келісімшартты өзгертуге немесе бұзуға басқа тарап бас тартқан жағдайда, сотқа өтініш берілгеннен кейін немесе келісімшартпен немесе заңнамен орнатылған мерзімде жауап ала алмағаннан кейін, ал ол болмаған жағдайда отыз күн ішінде қойыла алады.
Шаруашылық тәжірибеде алуан түрлі типтегі келісімшарттарды жасау қажеттілігі кездеседі және соларға сәйкес алуан түрлі келісімшарттық міндеттемелерді ұстануы тиіс. Келісімшарттардың түрлері 25 – суретте көрсетілген.
Келісімшарт тараптары арасында келісімге келу мәні бойынша келісімшарттардың келесі түрлері бөлінген: сатып алу-сату, бөлшек сауда жүйесінде сату-сатып алу, тауарларды тасымалдау, энергиямен жабдықтау, жылжымайтын мүлікті сату, кәсіпорынды сату, сыйлау, рента, жалға алу, үйлер мен ғимараттарды жалға алу, қаржылық жалға алу, жүкті тасымалдау, көлік экспедициясында жолаушыларды тасымалдау, несиелік келісімшарт, қарызға беру, комиссия келісімшарттары және т.б. Және де мұнда банктік шот, несиелеу мен сақтандыру келісімшарттары қызмет түрлеріне байланыссыз кез-келген кәсіпорынмен (кәсіпкермен) жасалады.





25-сурет. Азаматтық – құқықтық келісімшарттардың жіктелуі

    1. САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ ШАРТЫН ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Сату- сатып алу келісімшарты – бұл тараптар арасындағы келісім, оған сәйкес бір тарап (сатушы) екінші тараптың (сатып алушының) иелігіне затты (тауарды) беруге, ал сатып алушы ол тауарды алуға және ол үшін белгілі бір ақшалай соманы (бағаны) төлеуге міндеттенеді.
Келісімшарттың құрылымы мен мазмұны 9 – кестеде келтірілген.


9 - кесте. Келісімшарт құрылымы мен мазмұны



Тараулардың аталуы

Мазмұны

Преамбула



Ол келесідей маңызды мәліметтерді қамтиды:

  • келісімшарттың аталуы мен номері

  • жасау орны мен мерзімі

  • тараптардың анықталуы

Келісімшарт пәні





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет