Байланысты: Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)
Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржы – несие ұйымдарының, қаржылық емес ұйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай қаражаттарын қолдануды қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Өйткені ол кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және кейіннен банктік несиелерді алу шарттарын жеңілдетеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметі қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.
Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге, жасалатын шаруашылық операцияларының көлемін көбейтуге, аяқталмаған өндірістің көлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ, аталған қаржыландыру көзін пайдалану кәсіпорынға өзіне жүктелген қарыз міндеттемелерінің орындаумен байланысты белгілі бір мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартумен қамтамасыз етілген қосымша табыс мөлшері несиені төлеу бойынша шығындарды жапқанша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын тарту тиімді болады.
Бұл көрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз етпейтін қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарыз көздерін тарту мәселесі пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан түскен қосымша табыстардан артқан жағдайда, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауы әдбен мүмкін.
Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес. Өйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және төлем есебінде ұсынады, яғни өз ақшаларымен кәсіпорынның меншікті капиталына қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.
Қаржыландырудың әртүрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық қамтамасыз етудің оптимальды вариантын таңдауға, қызметті пайдаланудың ағымдағы және күрделі шығындарын жабуға мүмкіндік береді.
ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржыларды басқаруды ұйымдастыру жаңа әдістерді пайдаланусыз мүмкін емес. Кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі фирмаішілік қаржылық жоспарлау мен бақылауды жетілдіру болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты кәсіпорынның өзінің қарыздық және қор нарығының көздерінен тартылған ақшалай ағымдардың шамасын болжау негізінде қаржылық ресурстардың, капиталдың және резервтің мүмкін болатын көлемін анықтау болып табылады.
Аталған мақсат мыналарды қарастырады:
ең алдымен кәсіпорын өз қаражаттары есебінен кәсіпорынның өндірістік, ғылыми – техникалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету;
сату көлемінің мөлшерін көбейту және өндіріс пен айналым шығындарын төмендету есебінен пайданы арттыру;
кәсіпорын балансының қаржылық тұрақтылығын, төлемқабілеттілігін және өтімділігін қамтамасыз ету, әсіресе ірі масштабты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде.
Қаржылық жоспар – бұл ағымдық (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам уақытқа) кезеңге ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуын сипаттайтын жоспардың қорытынды құжаты. Бұл жоспар болашақ ақшалай ағымдардың сапалы болжамына қол жеткізу үшін қажет.
Қаржылық жоспар өнімді өндіру, материалдық ресурстарды сатып алу, маркетинг, инвестиция, ғылыми зерттеу жоспарлармен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарының міндеті:
ортамерзімді қаржылық перспективаны болжау үшін. Ортамерзімді қаржылық жоспар әдетте, бір жылға жасайды және көрсеткіштер әр тоқсанға бөлу арқылы құрастырылады.
ағымдық табыстар мен шығындарды анықтау үшін. Жедел қаржылық жоспарды жылдың тоқсанына жасап, оны айлық жоспарға бөледі, ал айлық жоспардың негізінде онкүндік, бескүндік жоспарлар жасалынады.