Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны
Топографиялық жобада базалық білім беруде, жазықтықтағы жер бетінің бейнесін әдіс ретінде, оларды құрудағы тәсілдер мен құралдар, ғылыми және практикалық есептерді шешуде геодезиялық аспаптарды қолданудағы негізгі пән болып табылады.
«Геодезия» Қазақстан Республикасында әр түрлі экономикалық сферада зор ғылыми және практикалық мәні бар. Заманауи этапта картасыз, плансыз және басқа да жергілікті жердің картографиялық ақпаратынсыз, кадрларды дайындаудағы пәннің мәні мен ролі туралы айтпағанда ешқандай өндіріс жұмыс жасай алмайды.
Заманауи заманда картографиялық жұмысты орындау навигациялық жерсеріктік технологияны қолданыс, ғарыштық түсірістерді, сандық картографиялық тәсілдерді, ГИС технологиясын, геодезиялық өлшеулерді және оларды өңдеу тәсілдері, анықтамалары оқылып отырған пәннен «Геодезияда» орындалады.
Пәнді оқу үшін компетенция, орта жалпы білім беру мектебіндегі нәтижелер біріктірілген және бакалаврларды дайындаудағы пәнді ұғындыру, арнайы деңгейдегі физика-математикалық профильдік білімі бойынша қажет.
1.2 Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері
«Геодезия» пәнін оқытудағы мақсаты студенттердің топографиялық-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерін орындауда пландық және биіктік жүйелерін жиілету және пландық-биіктік негіздерін құру кезіндегі ірі масштабтағы түсірістерді заманауи технологияны қолданып, жүйелі білім мен біліктілік беру. Пландық және биіктік негіздерін құру кезіндегі ірі масштабтағы түсірістерді, жергілікті жердің түсірістерін жүргізу, пландық және биіктік түсіріс тораптарын құрудағы өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу.
Студенттерге топографиялық негізді құру, іздестіру кезіндегі орындалатын, құрылыстар мен ғимараттарды салу және жобалаудағы орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы; жобаны жер бетіне шығару; әртүрлі инженерлік объектілерді құрылысы кезіндегі геодезиялық өндірістің әдістері түсінік беру.
Пәннің міндеті студенттерді геодезиялық бөлу жұмыстарын орындауда, ірі масштабтағы топографиялық планды алудағы жобалық және өндірістік-техникалық істеріндегі дайындау; Геодезиялық торларды құруда және топографиялық түсірістерді, жергілікті жердің түсірістерін жүргізу, пландық және биіктік түсіріс тораптарын құрудағы өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу.
Студент әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |