4.1 Оқытушының қоятын талаптары Оқытушы талаптары:
Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;
студенттердің қатысуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;
сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;
балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;
қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;
орташа рейтингісі Рор = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;
сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;
студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.
4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.
Ағымдағы бақылау әр тарау соңында өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.
Аралық бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:
Аттестациялау кезеңі
Рейтинг 1
10
0
100
100
100
100
100
100
Рейтинг 2
10
0
100
100
100
100
100
100
Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.
Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар: