“Психотерапия” терминінің маңызы оның екі түсіндірмесімен
байланысты, грек тілінен аударғанда psyche – жан және therapeia – қамқорлық, күту, емдеу: “жан-тәнімен айығу” немесе “жанды емдеу”. “Психотерапия”термині Д.Тьюкпен “Денеге ақыл-естің ықпал етуін көрсету” кітабына 1872 жылы енгізіліп, ХІХ ғасырдың соңында кең тарай бастады.
Бүгінгі күнге дейін психотерапияның барлық түрлері мен формаларын қамтуға қабілетті жалпыға танылған нақты анықтамасы қалыптасқан жоқ. Психотерапияның медициналық, психологиялық, социологиялық және философиялық үлгілері бар екені туралы айтуға болады.
Психотерапияның медициналық үлгісі адамның өзіндік сана-сезіміне, көзқарастарына, көңіл-күйіне кешенді емдік әрекет ету деп түсіндіріледі. Мұндай психотерапияны көптеген психикалық, жүйкелік және психосоматикалық ауруларда пайдаланады.
Ғылымда психотерапияның психологиялық үлгісі де орын алады, оны іс-тәжірибелік психолог қызметінің бір бағыты деп қарастыруға болады. Бұл жерде психотерапияны дені сау адамдарға түрлі психологиялық қиындықтар кезінде, сондай-ақ өз өмірінің сапасын жақсарту қажеттілігі туған жағдайда психологиялық көмек көрсету ретінде түсіну керек.
Іс-тәжірибелік психолог та емханалық психотерапевт қолданатын әдістерді пайдаланады. Психологтың маңызды міндеті аурудың белгілерін жеңілдету немесе алып тастау емес, жеке тұлғаның дамуы және оңтайлы қызмет жасауы үшін жағдайлар жасау.
Психотерапия кезінде фармакологиялық емес, психологиялық әдістер мен құралдар қолданылады. Сонымен қатар пациенттер рөлінде психикасы бұзылған адамдар, ал мамандар ретінде – психология негіздерінен кәсіби дайындығы бар тұлғалар болады.
2.Психотерапевтің клиентпен жұмыс жасауының бірінші кезеңі көмек
қажеттілігін анықтауға арналады. Аса көп зейін терапевт пен клиент арасында оңтайлы қарым-қатынастардың орнауына, алғашқы қарсыласу сызығынан аттап өтуге аударылады. Онда психотерапевтік өзара іс-қимыл жасаудың қағидалары айтылады.
Клиенттің мәселесін зерттеу үшін жиі стандартты немесе стандартты емес интервью, тесттер, байқаулар, өзін-өзі байқау нәтижелері, мәселені бейнелі түрде суреттеу үшін арнайы тәсілдер, мысалы, бағытталған елестету, жобаланған әдістер, рөлдік ойындар қолданылады. Осы әдістер психотерапияның аралық және соңғы нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Психотерапияның алдында түрлі диагностикалық процедуралар қолданылады. Психотерапевтік мектептер клиенттің мәселесін көру, оны шешу мүмкіндігі туралы көөқарасқа ие болу, мақсаттар қою тәсілімен ерекшеленеді.
Психотерапевт өзінің клиентімен психотерапияның нәтижесінде неге жеткісі келетіні туралы әңгімелеседі. Мұндай әңгіме психотерапевтік үдеріске қатысатындардың нақты бағытталған және жақын келешекте нәтижеге жету мақсаттарының жүйесін құруға ықпал етеді.
Екінші кезең қарым-қатынастарды көрсетуге арналған. Психотерапевтік үдеріске қатысушылар бірігіп қызмет істеуге келіседі, психотерапевт психотерапия үлгісін суреттейді. Жиі клиент психотерапевтке нақты диагноз қою және жақсы кеңес беру үшін толық ақпаратты қажет ететін дәрігердің рөлін ұсынуға тырысады. Сондықтан бұл кезеңнің маңызды сәті - өзара жауапкершілікті қарым-қатынасты орнату болып табылады. Психотерапияның табысты болуы көбіне клиенттің белсенді түрде іске кірісіп, алынған нәтиже үшін өзінің жауапкершілігін қабылдаумен байланысты болады.
Психотерапия кезінде жеке тұлғаның белгілі бір өзгерістерге ұшырауы болады, психотерапевтің парызы – клиентпен осы келешекте болатын жағдай туралы әңгімелесу.
Бірігіп жұмыс жасау қарым-қатынастарының және сенімнің сақталуы психотерапияның келесі кезеңдері үшін маңызды. Әр түрлі мектептерде оған қатысушылардың түрлі қарым-қатынастарының үлгілері қалыптасады.
Үшінші кезеңде мақсаттарды анықтау және баламаларды әзірлеу болады. Психотерапевт психотерапевтік бағытты негіздейді, оның негізгі белестері мен бөліктерін белгілейді. Бағытты таңдау психотерапевтің дайындығымен, клиенттің жеке тұлғасының ерекшеліктерімен, мәселенің сипаттамаларымен анықталады. Клиент берілген бағыттың психотерапевтік ауыспалы мағынасын меңгереді, таңдап алынған қабылдаудың негізгі сипаттамаларымен, оның ішінде қиындықтармен байланысты, жағымсыз жан толғаныстарымен танысады, клиент ретінде өзінің атқаратын рөлін қабылдайды, мақсатты таңдауға қатысады. Ол жұмысқа нақты психотерапевтік бағытты немесе психотерапевті таңдаумен белсенді қатысушы ретінде кіріседі. Ең маңыздысы, клиент белсенділігі мен жауапкершілігінің жұмыстың барлық ағымында өсуі. Психотерапевт оның айтқандарын есепке ала отырып, оларды өзінің әдістемелік қорымен келістіреді. Клиенттің психотерапияға белсенді қатысуы оның табысы болып табылады.
Мәселе бойынша жұмыс оны зерттеуден басталады. Зерттеу клиентпен ақыл-санасымен қабылданбаған сезімдерді көрсетуді, қабылдауды және сезінуді болжайды. Клиент өзінің сезімдерін басқару мүмкіндігін сезінеді.
Инсайт ұғымының әр түрлі түсіндірмелері және ұзақ тарихы бар. Инсайт интеллектуалдық және эмоционалдық болып бөлінеді. Эмоционалдық инсайт аса терең өзгерістерге әкеледі, бірақ психотерапевтік үдеріске қатысатындардың жағынан көп күш салуды талап етеді.
Тәртіпті өзгертудің терапевтік бағыт алуы аса арнайы және аса белгілі. Сондықтан симптомдарды алып тастауға бағытталғандар инсайтты психотерапияның қажетті элементі ретінде қоспайды. Әр түрлі мектептер жұмыстың мақсатын әр түрлі қояды. Психотерапияның нәтижесінде клиент өзінің өмірлік стилін аса бейімдіге өзгерте алады, өмірге деген шығармашылық қабылдауды және ақылға деген сенімді қалыптастырады. Осы мақсаттарға жету бағыты да әр түрлі: бұл психотерапияның қауіпсіз жағдайларында жарақат тәжірибесі арқылы өту, денемен жұмыс жасау, жаңа дағдылар мен икемдерге оқу.
Төртінші кезең қойылған мақсаттармен жұмыс жасауды көрсетеді. Қабылданған теориялық үлгі психотерапевт үшін оның психологиялық нақты өмірді көруін құрылымдайды және әдістердің таңдауын анықтайды. Өз әлемінің суретін икемді және өнімді ұйымдастыра отырып, психотерапевт клиенттің жеке тұлғасының ерекшеліктері мен қорларына (қаржылық, уақытша, жекелік), оның жақын қоршаған ортасының рөліне, мәселенің сипаттамаларына бағыт ала отырып, нақты клиентпен өзара іс-қимыл жасаудың бірегей бағытын тудырады.
Мәселенің сипаты қолданылатын әдістердің таңдауын анықтайды. Психотерапиялық жұмыстың бағытын таңдауда мәселені шешу бойынша көп нәрсе жеке тұлғаның мүмкіншіліктерімен байланысты болады.
Бесінші кезеңде клиенттің ішкі өзгерістерін нақты тәртіпке айналдыру мақсаты қойылады. Психотерапияның кейбір түрлерінде бұл кезең оның шегінен шығарылған, ал басқаларында бұған негізгі көңіл аударылған. Осы кезеңнің барысында клиент жаңа тәртіптік үлгілерді меңгереді, жол-жөнекей іс-қимылдар жасау қабілетіне ие болады.
Алтыншы кезең – психотерапияның тоқтатылуы - әр түрлі факторлардың тепе-теңдікке жетуімен анықталады: өзгеріс қажеттілігімен, емдік түрткімен, психотерапевтік фрустрациямен, психотерапияның құнымен және т.б. Ең алдымен емдеуді тоқтату туралы шешімді қабылдамастан бұрын, алынған нәтижені сапа және сан сипаттамаларында бағалау керек. Психотерапевт клиентпен оны психотерапияның басында мазалаған ауру белгілерінің кеткен-кетпегені, өзін-өзі жақсы сезінуі, оның өзін-өзі қабылдауы және басқалармен өзара қарым-қатынасы, маңызды өмірлік мақсаттарға деген қатынасының өзгеруі, клиент өзін-өзі психотерапиясыз ұстауын жүзеге асыра алуы туралы сөйлеседі.
Психотерапевт, олар қандай болса да, клиенттің тілектерін силайды, бірақ оның парызы – клиент шын мәнінде психотерапияны тоқтату туралы шешімді қабылдады ма немесе сол үшін негіз іздеп жүр ме - соны анықтау.
Клиенттің тілегі кездейсоқ сыртқы жағдайлармен, басқа адамдардың ықпалымен, қарсыласумен, трансфермен, контртрансфермен негізделуі мүмкін, сондықтан оның пайда болуының негізін зерттеу маңызды. Егер сеанстар мазмұнсыз болып, клиент шаршайтын болса, зейінін қоймаса, үй тапсырмаларын ұмытып кететін болса, психотерапияны тоқтатқысы келетіні туралы айтса, бұл қарсыласудың көрініс табуы, мұны қарастыру керек, оның түрткісі мен көрініс табуы туралы клиентпен талқылау қажет. Психотерапияның аяқталуы – ұзақ үдеріс, егер психотерапияның өзі бір жылға созылса, ол бір айға созылуы мүмкін. Психотерапияға қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын маңызды терапевтік фактор ретінде қарастыратын мектептердің өкілдері бұған ерекші зейін аударады.
Психотерапияның табысты болу шарттарының бірі емделудің бастапқы кезеңінде оның шегін айта кету болып табылады. Олар уақыт өлшемінде емес, мазмұнында талқылануы керек. Бірінші сеанстардың өзінде-ақ негіздері талқыланып, емделудің аяқталуы туралы шешімдерді қабылдау критерийлері әзірленеді. Клиентті психотерапияның күрделі дамуы, қиындықтары туралы ескертеді, бұл емделудің мерзімінен бұрын тоқтатылу мүмкіндігін төмендетеді. Жұмыс барысындағы тиімді өзара қарым-қатынастар терапевтке тәуелді болуға кедергі жасайды, сондай-ақ аралық нәтижелерге сүйену психотерапияға қатысушыларды өлшеніп, негізделген шешімге дайындайды. Соңғы сатыда психотерапия барысында қандай тұрғыда не өзгергені анықталады. Егер өзгерістер болмаса, себептері анықталады. Психотерапиядағы жетістіктер одан тыс іс-қимылдар мен қарым-қатынастарға ауысуы қалай жүзеге асатыны талқыланады.
Егер клиент тәуелсіздікке жетсе, өзінің мәселелеріне жауапкершілікті қабылдаса, оларды көріп, психотерапевтің кәсіби көмегінсіз шеше алатын болса, психотерапия тоқтатылады.
Соңғы жетінші кезеңде психотерапияның нәтижелілігі бағаланады. Қол жеткен нәтижені бекітудің қиындығынан психотерапияның нәтижелілігінің критерийлеріне деген көзқарастардың көп түрі бар. Солардың ішінде симптомдардың жоғалуы, психотерапиядан тыс клиент өміріндегі жаңа өзгерістер, клиенттің қанағаттануы, психотерапевтің көзқарасы және тесттің көрсеткіштері қарастырылады.
Психотерапияның нәтижесінде жетісті болған өзгерістерді зерттеу үш сұраққа жауап беруді болжайды.
Психотерапия өткізу кезінде клиент өзгерді ме?
Бұл өзгерістер психотерапияның нәтижесінде болды ма?
Оның жағдайын жақсарту үшін осы өзгерістер жеткілікті ме?
Бірінші және екінші сұрақтарға жауап қарастыру өзгерістердің тек қана
нақты терапевтік, сонымен қатар терапевтіктен тыс факторлармен шақырылу мүмкіндігімен анықталады. Үшінші сұраққа жауап психотерапияның тоқтатылуы туралы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Психотерапевтік іс-тәжірибеде түрлі белгілері бойынша топтастыруға болатын жүздеген мектептер мен бағыттар бар. Сонымен қатар өздерінің тұжырымдамалық негіздері бойынша маңызды түрде бөлінетін негізгі психотерапевтік қабылдаулар да бар.
Психотерапевтік қабылдауларды шартты түрде былай бөлуге болады:
1) мәселеге бағытталған және 2) клиентке бағытталған. Бірінші типтегі психотерапия үшін міндетті түрде пациентті мәселеге “батыру” болып табылады. Егер пациент мұны жасағысы келмесе, берілген психотерапия типінің шегінде бұл терапевтік әрекетке қарсыласу болып айтылады. Пациент мәселесінің айналасында “айналшықтап жүру”, оның мәселесіне тереңінен үңілмеу, нәтижесіз болып саналады.
Екінші типтегі психотерапияда, керісінше, клиент терапевтпен не туралы сөйлесетінін және терапияға қанша уақыт бөлетінін таңдауға ерікті болады. Егер клиент өзінің мәселесі туралы айтпайтын болса, бұл қарсыласу емес, клиенттің өзі не туралы айтқысы келсе, сол туралы айтатын заңды құқығы ретінде қарастырылады.
Қарастырылып отырған психотерапия түрлері үдерістік тұрғыда маңызды айырмашылықтарға ие болады. Мысалы, бірінші типтегі психотерапияда клиенттің өз қажеттіліктерін терапевтке аудару үдерісі жоқ немесе әлсіз көрініс тапқан. Бұл, біріншіден, психотерапия кезінде клиенттің психотерапевттен тәуелсіз болатындығынан, екіншіден, психотерапевт клиент үшін жұмбақ бейне емес. Психотерапияның бұл түрлері әр түрлі мазмұнмен де жұмыс жасайды.
Психотерапия емдеудің спецификалық әдісі болып табылады. Бұл ем физикалық немесе клиникалық жолмен өз нәтижесіне жетпейді. Ол эмоционалды күш берумен өтеді. Адамды спецификалық, психикалық әсер ету арқылы емдейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007
Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;
Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;
Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013
Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.
Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.
Тақырып 5. Отбасы психотерапиясының негізгі бағыттары
Отбасы психотерапиясының негізгі бағыттарын жіктеу.
Психоаналитикалық отбасы терапиясының негіздері.
Пало-Альто мектебі.
Коммуникативті отбасы терапиясының негіздері.
Отбасы психотерапиясы өзіндік жеке бағыт болып 20ғ. 50жж.бөлініп шықты. Оның негізін салушыларды психодинамикалық, тәртіптік бағыттар қанағаттандырмады да отбасы психотерапия өкілдері жеке тұлғаның отбасында дамуына аса көп назар аударды. 20ғ. Алғашқы жылдарынан бастап-ақ, психиатрлар, әлеуметтік психрологтар мен социологтардың жүргізген сауалнамаларындаотбасының жүйелі дамуы, олардың қарым-қатынасы, отбасының қоршаған ортамен қоммуникациялық қатынастары т.б. қарастырылды. Әсіресе, 20ғ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отбасы психотерапиясына деген қажеттілік өсе түсті. Одақ көлемінде 1970ж және 1990ж отбасын қарастырып, зерттелінді. Отбасы психотерапиясының дамуы туралы көзқарастар әртүрлі. Біреулері оған деген сұраныс З.Фрейдтің 1936ж Нион қаласындағы психоаналитикалық конгрессте «Отбасы невроздары және невроздық отбасы» деген тақырыптан басталады десе, келесілері, отбасы психотерапиясы топтық психотерапияның сапалық өзгерісі психоанализге альтернативті түрде пайда болды дейді. 1817ж Ресейде Ф.И.Уден алғаш рет отбасында ата-аналардың балаларға деген қарым-қатынастың бала психикасына әсер ететіндіген анықтап, тұңғыш рет бұл мәселеге назар аударады. М.Николстың айтуынша, тұңғыш АҚШ отбасы психотерапиясының өкілі Джон Белл болып табылады дейді. Ол топтық психотерапия барысында отбасының үндемейтін мүшелеріне «Неге жауап бермейсіз?» деген сұрақты жиі қоятын.
Соңғы жылдары шартты түрде психотерапия емханалық-бағытталған, ауру белгілерін жеңілдетуге немесе жоюға бағыт алған және жеке-тұлғалық-бағытталған, адамға өзінің жеке тұлғасына және әлеуметтік қоршаған ортасына деген қарым-қатынасын өзгертуге көмек беруге тырысатын болып бөлінеді.
Емханалық-бағытталған психотерапияда дәстүрлі түрде гипноз, аутогендік жаттығу, түрлі өзін-өзі сендіру әдістері қолданылады.
Жеке-тұлғалық-бағытталған психотерапияда көптеген мектептер мен ағымдардың көзқарастық үлгілеріне негізделген әдістер мен тәсілдердің көп түрі бар.
Психотерапияның негізінде адамдық “Менді” тез өзгеретін өмірде өзгертіп отыру мүмкіндігі туралы идея жатыр.
Кез келген психотерапевтік әрекеттің басты мақсаты пациенттердің өз өміріне қажетті өзгерістер енгізуіне көмек көрсету болып табылады.
Қазіргі уақытта психотерапияның ересек адамдар үшін 400 түрі және балалар мен жасөспірімдер үшін 200 түрі белгілі және іс-тәжірибеде қолданыста жүр.
Бүгінде дәрігерлік және психологиялық психотерапияның жақындасу тенденциясы байқалады.
Психотерапияның 3 негізгі теориялары бар:
Психодинамикалық әдіс – тұлға дамуында басты сапа басымдылық және тәртібінде санасыз психикалық процестер, ал невроз саналы мен санасыз арасындағы конфликтпен түсіндіріледі. Психоаналитикалық процедурада құрылыс дәрежесі, психотерапевттің тактикалық стратегиясы, оның рөлі және сеанс жиілігі.
Тәртіптік бағыт - өзінің зейінің, психологиялық шындық тәртібін тікелей бағдарлау. Норма – бұл бейімделу тәртібі, ал тұлғалық бұзылулар бейімделмеген тәртіп дұрыс емес ғылымның нәтижесінде құрылады.
Гуманистикалық және “опытное” – мақсаты психологиялық араласу жағдай туғызуда адам жаңа эмоционалды әсер ету. Бұл өзін түсінуді, қабылдауды және де интеграция. Психотерапевттің спецификалық ерекшеліктің тәртібін, оның рөлін, позициясын, бейімделуі мен стилін анықтайды.
Қазіргі уақытта психотерапиядағы прогресс оның жаңа әдістерінің пайда болуынан ған емес, сонымен қатар концепцияның синтезін және техникалық тәсілден және интегративті психотерапияның іздеуінен.
Негізгі ұғымдар:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007
Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;
Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;
Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013
Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.
Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.
Тақырып 6. Отбасымен жұмыс істеудің әдістемелік принциптері
Отбасымен жұмыс істеудің әдістемелік принциптерін ұстанудың маңызы
Бейтараптылық принципі.
Циркулярлық принцип негіздері.
Болжамдық принципінің негіздері
Психотерапия ғылыми пәндер сияқты өзінің теориясы және методологиясы, өзінің категориялды ақпараты және терминологиясы бар деп Б.Д.Карвасарский айтқан. Психотерапияның нақты әдістерімен мектептердің әртүрлі ағымы мен бағыттарына байланысты қазіргі уақытта психотерапияның нақты анықтамасы берілмеген. Біреулер психотерапияны медицинаға жатқызады, басқалары психологиялық аспектіге. Отандық дәстүр бойынша ең алдымен психотерапияны емдеу әдісіне, медицинаға жатқызады.
Мысал ретінде, медициналық тәсіл. Мұнда ойымызға бірден мына ұғымдар келеді, “емдік әсер”, “ауру”, “денсаулық” және “ауру адам”.
Психотерапия – бұл:
Адам организіміне психика арқылы және психикасына әсер ету нәтижесінде емдеу жүйесі.
Адамның денсаулығын сақтау үшін психикасына спецификалық нәтижелі әсер ету.
Ауру адамға немесе топтағы ауру адамдарға емдік әсер ету процесі.
Психологиялық тәсіл мынадай ұғымдар қосады: тұлғааралық әрекеттестік, психологиялық амал, психологиялық мәселе, конфликт, қарым - қатынас, эмоция, тәртіп.
Психотерапия – бұл:
Тұлғааралық әрекеттестіктің ерекше түрі, пациенттерге олардың мәселелерін шешу үшін психологиялық амалдар арқылы профессионалды көмек көрсету.
Адамның модификациялық қатынасы және интеллектуалды, әлеуметтік немесе эмоционалды жағымсыз тәртіптеріне психологиялық амалдар, вербальды әдістер арқылы көмек көрсету.
Екі немесе одан да көп адамдар (олардың ішінде біреуі адамдық қарым – қатынасты түзеру үшін) болғанда ұзақ тұлғааралық әрекеттестік арқылы емдеу.
Персоналды техника көмегімен адамның сезімін, тәртібін, қатынасын, танымдық процестерін анықтау арқылы адамды өзінің ішкі қарсыластығымен және конфликтісіне бетпе бет кездестіру.
Станислав Кратохвиль осы 2 тәсілді бір – бірімен байланыстырған. “Психотерапия – организмді психологиялық амалдар арқылы мақсатты түрде жөнген келтіру”.
Психотерапия психопотологиялық симптомы және синдромы, кризистік, фрустрациялық, стресстік, жан аурулары бар пациентке психологиялық әсер етеді.
Б:Д.Карвасарскийдің ойы бойынша психотерапия 3 басты ерекшелігімен басқа әдістерден ажыратылады.
Жалпы психология бойынша психологиялық амалдар арқылы тұлғаның өзгеруіне бағытталған жұмыстар жүргізу.
Әдістер мен құралдар тек қан кәсіби түрде қолданылады. Оның өз әрекеттерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу арқылы, арнайы дайындалған мамандар өткізеді.
Психотерапияның көмегімен жүйкесі ауру адамдарды емдеу.
Симптоматикалық психотерапия (симптомо – ориентті) нақты симптомға бағытталған. Бұған гипноз, аутогенді жаттығу, әртүрлі сендіру түрлері, өзін - өзі сендіру, психикалық өзін - өзі жүйелеудің түрлері жатады.
Патогенетикалық психотерапия (тұлғалы – бағдарлы) ауру адамның ауруы тұқым қуалайдыма, оның түпкі себептерін анықтау.
Ауруға байланысты психотерапия әдістерінің принциптерінің классификациясы бар: (Strotzka H.1986 )
Жоғары дәрежелі, қызба ауруларында суггестияны қолданған жөн.
Вегетативті бұзылуларда – аутогенді жаттығулар.
Өмірлік қиыншылықта – “әңгімелесу” терапия.
Фобияда – тәртіптік терапия.
Мінездің бұзылуларында – гештальттерапия, психодрома.
Жанұялық мәселелерде – жанұялық психотерапия.
Кешенді бұзылуларды – терең психологиялық әдістер. (Цит. По: Кондрошенко В.Т., Донской Д.И. 1993 ж)
Психотерапияның жалпы факторы пациентке не болып жатқан туралы мынаны ұсынады.
Эмоционалды қатынас сферасы.
Өзін - өзі түсіну, пациент және психотерапевт.
Ақпаратты алу және ұсыну.
Ауру адамды жазылуына сендіру.
Эмоцияны сыртқа шығару.
Жағымды тәжірибе жинау.
Осы аталған факторлар психотерапияның емдеу әрекетінің механизмімен сәйкес келеді және когнетивті (2, 3), эмоционалды (1, 4, 5, 6) және тәртіптік (5) процестерде бейнеленеді.
Негізгі ұғымдар:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007
Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;
Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;
Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013
Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.
Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.
Тақырып 7-8. Отбасымен жұмыс істеудегі диагностика.
Отбасымен жұмыс істеудегі диагностиканың негіздері.
Некеге дейінгі жастардың өзара қарым-қатынастарын диагностикалау.
Ерлі зайыптылар қарым-қатынасын диагностикалау.
Қазіргі кезеңде психодиогностика тарихы 19 ғасырдың бірінші жартысынан, яғни психологиялық білімнің дамуындағы клиникалық кезеңнен басталады. Бұл кезеңде адам туралы эмпирикалық психологиялық білімді игеру мен талдауды дәрігерлер қолға алған еді (бұған дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданған еді) Дәрігерлерді сол жылдары дамушы елдерде кеңінен тараған невроз және ақыл-ойы кеміс адамдардың сауығуы қиын аурулардың шығу себебі қызықтырған еді. Дәрігер-психиатрлар Еуропа клиникаларында ауру адамдарды бақылау нәтижелерін жазып жүйелі жұмыс істей бастады. Сол кезде психодиогностиканың: бақылау, сұрау, құжаттары талдау сияқты әдістері пайда болады. Жалпы алғанда осы жылдардағы психодиогностика жалпы алғанда әлсіз, еркін түрде болды, өйткені, дәрігерлер белгілі бір ауру адамдарды ғана, бірдей қайталанатын әдістер арқылы зерттегендіктен қорытындылар мен шешімдер сыңаржақты болып отырды. Психодиогностика сапалық мәнге ие болып кездеседі.
Психодиогностиканың сандық әдістері 19 ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бұл атақты неміс психологы В.Вундттың басшылығымен дүние жүзінде тұңғыш ашылған эксперименталды психологиялық лабороториямен байланыстырады. Психодиогностикада техникалық құрылыммен аспаптар тұңғыш рет қолдануға енеді. Осы кезеңде адам денесімен психологиялық құбылыстың арасындағы байланыстың сандық байланысын көрсететін психофи-зикалық негізгі заң ашылып, сандық психодиогностика құралдары-ның қалыптасуын тездетті. Негізгі психофизикалық заң психолог құбылыстарды өлшеу мүмкіншілігін ашты, бұл түйсікті өлшеудің субъективтік шкаласын құруға жағдай жасады. Осы заңға сәйкес өлшеудің объектісі адам түйсігі болып, бұл үрдіс 19 ғасырдың аяғына дейін созылып, психодиагностика тек адам түйсігі өлшеумен ғана шектелді.
Қазіргі кездегі психодиагностика әдістерінің қалыптасуының басталуы19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басына дәл келеді. Психодиагностика психикалық процестердің адам жағдайының қалпын зерттей бастады. Осы кезде кәсіби психологтардың қатысуымен математикалық статистика, мүмкіндік жариясы дамып кейіннен осы салалар психодиогностиканың сандық түйінің дамуына ықпал етті. Бірақ математикалық статистика алғаш рет психологияда емес, басқа ғылым саларында қолданыла бастады: биология, экономика, медицина т.б.
20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа психологиялық, атап айтқанда интелектуалды және жеке тұлғалық тесттер пайда болып, адамдарды зерттеуде психодиогностиканы қолдану аясы кеңейе түседі. Психодиогностикалық зерттеулерге кейінінен әлеуметтік- психологиялық тестер көптеп енеді.
Біріншіден, американдық психолог Л.Морено құрастырған социаметриалық тест және американдық әлеуметтік психологтарды бір тобы бұған да ат салысқан.
20 ғасырдың 50-60 жылдары психодиагностикалық әдістердің бір тобы енді. Бұл психолог ғалымдардың психометрикалы белсенділігі неғұрлым артқан кезең.
Психодиагностиканың дамуына жалпы психология ғылымының дамуындағы кризис әсер етті. Ішкі, ғылыми негізделген, нақты құралдары көрсетілмеген психодиагностикалық әлсіздігі байқалды. Жаңа әдістердің пайда болуы психологияны кризистік жағдайдан шығып, психологиялық процесстер туралы нақты ғылыми негізделген білім алуға мүмкіндік берді. Мүндай білім теориялық қорытындылар мен іс-тәжірибелік нұсқаулар жасауға берік негіз болды. Осының нәтижесінде психология жаңа, мықты теориямен қаруланып, тек қана академиялық ғылым ғана емес, іс-тәжірибеде қолдануға болатын пайдалы ғылым ретінде қалыптасады. Қолданбалы ғылым салаларында психодиагностикалы қолдану кеңінен қанат жайды, атап айтқанда, еңбек психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, педагогикалық психология.
Қазіргі кездегі психодиагностика психологиялық білімдердің ішінен жеке ғылыми сала ретінде бөлінді. Тез қарқынмен жедел дамып келе жатқан көптеген психодиагностика әдістері пайда болуда.
АҚШ-та, Германияда психодиагностика әдістерін жүйеленген кешенді дүние ретінде қарастырып көп томдық ғылыми және іс-тәжірибелік басылым шығарылған. Кейінгі уақытта Ресей ғалымдары да осы үрдісті жалғастыруда. Бірақ көптеген оқулықтарға жол берілген. Айталық психодиагностика әдістерінің әлсіз, мықты жақтары көрсетілмеген, кейбір нәзік ерекшеліктер ескерілмеген және ғылыми негізделмеген деп есептелінеді.
Психодиагностика – психолог қызметінің өте күрделі әрі жауапты түрі. Ол белгілі қажетті білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, әрі адамдардың тағдырына айтылып сот-медициналық психологиялық диагноз погода, адамдарды конкурстық негізде жұмысқа алуда тағы басқа маңызды болып табылады.
«Психодиагностика» сөзі «психологиялық диагноз қою» дегенді білдіреді немесе адамның психологиялық жағдайы туралы кәсіби шешім қабылдау. Психодиагностика ғылымының өзіндік міндеттері бар. Қазіргі кезде қәсіби психолог-ғалымдардың қоғамдық қорлары құрылым, психодиагностикалық ғылыми тұрғыда жетілдіруге күш салуда.
Диагностикаға кіріспе:
«Диагноз» - талдау, анықтау. Жалпы психикалық диагноз. IX ғасыр соңында пайда болды. Қайнар көзі болып экперименталдық психология және дефференциалдық психология есептелінеді.
Жалпы педагогикалық психодиагностикалық әдістерін екі топқа бөлуге болады.
Формациясы жағдайда болғандар және қатал талаптары аз болғандарға бөлінеді.
1-ші топқа: тестілер, сұрақшалар, проэкциялық әдістеме, психофизикалық әдістемелер.
Осы әдістемелердің бәрі белгілі бір стандартқа сай болуы тиіс. Осы әдістемелер көрсеткіші валидтілігі сай болуы тиісті, дәл нәтиже беру керек.
2-ші топқа: бақылау, анкета, іс әрекеттің нәтижесіне жасалған анализ.
«Тест» - ағылшын тілінше «сынақ».
Өткізу формасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Жеке адамға не топқа арналған ауызша-жазбаша.
Бланктерге берілген тестер:
Достарыңызбен бөлісу: |