Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне білім министірлігі


Сот төрелiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі55 Kb.
#120183
1   2   3
Байланысты:
1 практика сот

Сот төрелiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы
Азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың билiктiк өкiлеттiлiгiн кiмнiң де болса иеленуi заңда көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.
Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешiмiнiң заң күшi болмайды және орындалуға тиiстi емес.
Өз қарауына жатпайтын iс бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырған, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiн өзгеше түрде елеулi бұзған соттың шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс.
Азаматтық iс бойынша сот шешiмдерiн осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай алады.
Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн сотта қорғау

Әрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.
Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қойып (арыз берiп) сотқа жүгiнуге құқылы.
Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңда белгiленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзiнен төменгi соттың жүргiзетiн iсiн тараптардың келiсiмiнсiз алып қоюға және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауға құқығы жоқ.
Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекiмнiң құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзса, сотқа жүгiну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет