Қазақстан Республикасының Заңы



бет9/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31


1) бүкіл мәтін бойынша «Кеден одағының комиссиясы», «Кеден одағы комиссиясының» және «Кеден одағының комиссиясына» деген сөздер тиісінше «Комиссия», «Комиссияның» және «Комиссияға» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мазмұнында:

63-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі»;

мынадай мазмұндағы 63-1 және 66-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері»;

«66-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың жауаптылығы»;

181 және 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«181-бап. Жоғары тұрған кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны

182-бап. Жоғары тұрған кеден органына және (немесе) сотқа шағым берудің салдарлары»;

3) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:



«3-1) Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлікте кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;

4) 4-баптың 1-тармағында:



мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты жұмыс істейтін бірыңғай реттеуші органы;»;

14-тармақша алып тасталсын;

5) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Кедендік бақылау аймақтарында кеден органдарының орналасатын жерлерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымал тауарлары мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып, тауарлар легі көлемін және Қазақстан Республикасы көліктік әлеуетінің даму қарқынын негізге ала отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Көлік-логистика орталықтарының аумақтарында, егер көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекітетін көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарда көзделсе, көлік-логистика орталығы пайдалануға берілгеннен кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кеден бекеті немесе кедендік операцияларды жүргізетін орын ашылады.»;

6) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Халықаралық пошта алмасу орындарындағы және көлік-логистика орталықтарындағы кеден органдарының жұмыс уақыты олардың әкімшіліктерімен, сондай-ақ өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен келістіріледі.»;

7) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«7. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі, мұндай міндетті орындау:

1) тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлар орналастырылған кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға;

2) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бойынша жеңілдіктерді берудің міндетті шарты болып табылатын өзге де шарттарды орындауға;

3) декларанттан не мүдделі тұлғадан алынған, солардың негізінде кедендік декларация берілген көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге көтереді.»;

8) 62 және 63-баптар мынадай редакцияда жазылсын:



«62-бап.Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары

1. Мыналар уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу шарттары болып табылады:

1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы.

Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;

2) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде он декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін кеден органына өтініш жасаған күнге дейін үш жыл бойы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

3) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауы;

4) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) болмауы;

5) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің болмауы;

6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің бір жыл ішінде 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 528, 531 - 535, 537 - 545, 548 - 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;

7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы;

8) өтініш жасалған күнге дейін үш жылдық кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын меншікті капиталы және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы;

9) тиісті құжаттармен расталатын, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын, меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өзге заңды негіздегі үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өзге аумақтардың болуы.

2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілгеннен кейін бір жыл өткен соң уәкілетті экономикалық оператор мынадай шарттарды сақтаған кезде:

1) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде жиырма декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге дейін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған;

2) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі болмаған;

3) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегі (бересі) болмаған;

4) уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуы осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған негіздер болмаған;

5) қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішіндегі кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын меншікті капиталы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есеп және (немесе) аудиторлық есептер болған кезде қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.

63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі

1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға мұндай тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігін растайтын мәліметтері бар, заңды тұлғаның басшысы қол қойған және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылған өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

1) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, құрылтай құжаттарының көшірмелері және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

2) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін толтырылған сауалнаманы;

3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:

кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;

төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және мүлік кепілінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін;

банк кепілдігі шартын;

кепілгерлік шартын;

4) аудиторлық есепті;

5) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайларға, ашық алаңдарға және өзге де аумақтарға меншік құқығын немесе шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) не өзге заңды негіздегі құқығын растайтын құжаттарды табыс етеді.

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.

Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлік беру не, бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру туралы шешім, ұсынылатын оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

Өтініш беруші өтініште, сауалнамада толық емес немесе анық емес мәліметтерді көрсеткен не осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.

3. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, өтініш беруге құқылы.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.

Қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім, ұсынылатын арнайы оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

Қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім қабылдайды не, бас тарту себептерін көрсете отырып, қосымша арнайы оңайлатуларды беруден бас тартады.

4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы:

1) уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш берген;

2) берешекті төлеген кезге дейін, осы Кодекстің 160-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешек болған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін, өтiнiш берушiге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлерге қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214 және 250-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 234, 236 және 286-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау фактілері болған;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін өтініш берушіге қатысты 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438 және 438-1-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 528, 531 - 535, 537 - 545, 548 - 555 және 558-баптары бойыншаәкiмшiлiк іс жүргізуді қозғау фактілері болған;

5) осы Кодекстің 63-1-бабында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.

Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы қолданыстағы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұрған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.

5. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің бұрын тоқтатыла тұрған қолданылуы осы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, оның кеден ісі саласындағы уәкілетті органға берген жазбаша өтініші бойынша қайта жаңартылады.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің күшін қайта жаңарту туралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

6. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiк:

1) уәкiлеттi экономикалық оператор өзiн уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiнен алып тастау туралы өтiнiш берген;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;

4) өтiнiш берушi, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлер 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылған;

5) өтініш беруші 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 528, 531 - 535, 537 - 545, 548 - 555 және 558-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған;

6) осы Кодекстің 63-1-бабында көзделген міндеттер орындалмаған кезде кері қайтарылады.»;

9) мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын:



«63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері

Уәкілетті экономикалық оператор:

1) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру кезінде қойылған талаптар мен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті.

Осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген меншікті капиталдың азайғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлік баланс түрінде табыс етіледі;

3) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты және есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен табыс етуге;

4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеуді жаңа бас қамтамасыз етуді табыс етуге міндетті.»;

10) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар

1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар беріледі:

1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;

2) кедендік транзит рәсімін жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді;

3) кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операцияларды жасаудың және кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі;

4) мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылмайды.

2. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай қосымша арнайы оңайлатулар берілуі мүмкін:

1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында, аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жүргізу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет