Бас төрешінің құқығы
а) жарыс өтетін орын бәсеке басталғанға дейін даяр болмаса, жарысты тоқтату ;
ә) жарысты қалыпты өткізуге кедергілер кездессе, жарысты доғару немесе уақытша үзіліс жариялау ;
б) өте қажет жағдайда жарыс күнтізбесі мен бағдарламасына өзгеріс енгізу ;
в) өрескел қателіктер жіберген немесе өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз атқара алмаған төрешілерді міндетінен босату ;
г) жарыс кезінде дөрекілік көрсетіп, төрешілер немесе жарысқа қатысушылармен жағаласқан команда басшысына ескерту жасау ( немесе шеттету ) ;
д) моральдық көзқарасы тұрғысындағы жат қылықтар көрсетіп, дөрекілік танытқандарды жарыстан шеттету ;
е) балуандардың әрекетін бағалауда төрешілердің пікірі бір арнадан табылмай жатса, қортындыны хабарлауды тоқтата тұрып, қосымша талқылаудан кейін кесімді шешім шығару ( талқылауға тек сол белдесуге қазылық еткен төрешілер қатысады ).
Бас төрешінің өкімдерін жарысқа қатысушылар, төрешілер, команда өкілдері мен бапкерлері бұлжытпай орындауға тиіс.
Бас хатшы
Бас хатшы төрешілер алқасы мәжілісінің хаттамасын жүргізеді, жарыс айналымы бойынша кездесулердің реттілігі мен жарыс тізбесін жасайды, бас төрешінің өкімдері мен шешімдерін әзірлейді, өтініш-тілек хаттарды тіркеп, оны бас төрешіге табыс етеді, барлық төрешілерге қатысты іс қағаздарын реттейді, жарыс хатшылығының жұмысын басқарады, бас төрешінің рұқсатымен хабарламашыларға команда өкілдері мен тілшілерге мәліметтер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |