4 кредит сағат ОЖСӨЖ мазмұны : 1. Жарыс ережелерін талдау.
Есепке алу сипатына қарай қазақша күрес жеке, командалық және жеке-командалық болып бөлінеді.
Жеке жарыстарда әр салмақ категориясы бойынша әрбір палуанның алған орны, командалық жарыстарда жарысқа қатысқан командалардың алған орны анықталады. Жеке-командалық жарыстарда әрбір жарысқа қатысушының да, тұтас команданың да алған орны белгілі болады.
Бір салмақ категориясында жарысқа қатынасатын палуан саны екіден асатын болса, жарысты өткізу әдісін анықтап алу қажет.
Жарыстан шығып қалу жүйесінде палуан ( команда ) ережеде көрсетілген айып ұпай санын, яғни 2 рет жеңілгеннен жарыстан шығып қалады. Жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша жарыс өткізу үшін палуандарды ( немесе командаларды ) жұптаудың белгілі бір тәртібін пайдаланады. Әр палуанның салмағын өлшеп болысымен жеребе тартқызу арқылы рет санын анықтайды.