III-ші апта.
3 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Күрес тактикасының жалпы негізі.
Қазақша күрестің тактикасы дегеніміз – палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсыласының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникасымен қоса алғанда палуанның спорттық шеберлігінің негізі болып табылады.
Техниканы ұдайы жетілдіріп, байыта түсу – тактикалық шеберлікті арттырудың міндетті шарты. Егер палуан күрескен жағдайда еі болмағанда, бір жаңа әдіс қолдана алатын болса, онда соған сай оның тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі.
Палуанның техникалық дайындығы жан-жақты болса, ол жеңіске жету үшін өзінің жақсы көретін, әбден үйреніп алған әдістерін ғана қолданып қоймайтындығын атап көрсету қажет. Ол сондай-ақ жеткілікті игеріп алмаған техникалық әрекетерін де, ал кейде, қолайлы сәті келіп қалған болса , тек танысқан әдістерін де қолданады.
Техникалық арсеналы аз болса, палуанның мүмкіндіктері шектеулі болады, ол күрескенде тек бір әдісті ғана қолдана береді. Сондықтан бірнеше әдіс түрлерін ғана меңгеріп алған спортшыға турнирлік жарыстарда жеңіске жетем деп үміттенуге болмайды. Бір белдесуде өзінің жақсы көріп қолданатын әдісін көрсетіп алғаннан кейін, оны екінші жолы қолдана қоюы едәуір қиынға түседі. Алғашқыдағыдай ол күтпеген тәсіл бола алмайды, оның ойын қарсыласы оңай біліп қояды да, қарсы айла қолданып, алдырмайды.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 42-45 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 267-268 беттер
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –113-117 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |