Педагогикалық әдіс–тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы



бет1/6
Дата25.12.2021
өлшемі26,53 Kb.
#105487
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогикалық әдіс
интелектуалдық тұлғалық тестілеукітапгасы, интелектуалдық тұлғалық тестілеукітапгасы, Робототехника қауіпсіздік ережесі, Робототехника қауіпсіздік ережесі, Графикалык дизайн Ворлдскилз, нәтижені талдау, отчет, 3. Сан аралықтар. Нұсқа 1.pptx [Автосохраненный], БЖБ ІІІ тоқсан, Симметриялы фигуралар, Симметриялы фигуралар, қайталау, матем 24.05, Сан аралықтары ашық сабақ

Педагогикалық әдіс–тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы

Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады.



Қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет