XII – ші апта
12 кредит сағат
№ 12 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
« Тұздықтардың » атқаратын қызметі және күші.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. « Тұздық » 6 отауда.
2. « Тұздық » 5 отауда.
3. « Тұздық » 3 отауда жатса.
4. « Тұздық » 4 отауда жатса.
5. « Тұздық » 7 отауда.
« Тұздықтардың » атқаратын қызметі және күші.
Шахматта ферз күшті, дойбы ойынында би күшті болатын сияқты « Тоғызқұмалақ » ойынында « тұздық » ала білу аса маңызды комбинация болып табылады. Ақыл-ойдың аса бір қызықты « сайысына » айналып, алма-кезек тартыста өтетін « Тоғызқұмалақ » ойыны осы « тұздықтың » болу-болмауына мына төмендегідей үш түрлі жағдайларда ойналуы мүмкін.
Бірінші жағдай :Ойын барысында ойыншылар бір-бірінен « тұздық » ала алмайды да, ойын « тұздықсыз » аяқталады. Бұл жағдайда екі жақ та бірінші боп « атсырамау » жолдарына баса назар аударғаны жөн.
Екінші жағдай : « Тұздық » сыңаржақ болады, яғни бір ойыншының тақта үстінде « тұздығы » болады да, екіншісі ойынның аяғына дейін « тұздық » ала алмай кетеді.
Егер ойын барысында « тұздығы » жоқ ойыншының қазанында 20-30 шақты құмалағы артық болатын болса да, ойыншылардың позициялары тең деп айтуға болады. Демек, ойыншы қажетті жағдайда алмақшы боп тұрған « тұздығын » қарсыласының екі « байына » ( бір отауға жиналған көп құмалақтар ) айырбастап жіберуге болады деген сөз.
Үшінші жағдай :Әрбір « тұздық » пәрменділігі ( күші ) – тақта үстіндегі қарсыласы алған « тұздықпен » қарым-қатынасының аз-көптігіне және « тұздық » ойынның бас, орта, аяқ шендерінің қай кезінде алынғандығына байланысты дер едік. Көптеген ойындарда кейбір « тұздықтар » позицияға қарай, кейде әлсіз болуы, ал кейбір « тұздықтардың » күшті болуы әбден ықтимал. Мұндай жағдайда әрбір « тұздықтың » күшін позициядағы нақтылы жағдайға қарай бағалау керек. Көбінесе, ойынның аяғы « тұздықтар тартысы » деп аталады. Яғни екі ойыншының да тақта үстінде « тұздықтары » болуы « Тоғызқұмалақ » ойынының соңын күрделілендіріп жібереді. Өйткені, біріншіден, « тұздықтар » ойынның өрісін, яғни отаулардың бір-бірімен байланысын бұзып, отауларды екі қанатқа бөліп тастайтын болса, екіншіден, артқы отауларда жатқан шағын санды құмалақтарды « тұздық » алынған отаудан қарғып өткізу үшін сол « тұздықтың » артындағы отауға кем дегенде үш құмалақтан жинауды керек етеді де, барлық жүрістердің санын кенет қысқартып тастайды.
Мұндай ойын кезінде ойыншы « атсырап » қалмау үшін өз жағының да, қарсыласының да барлық жүрістерінің санын аса дәлдікпен есептеп біліп отыруы керек.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 129-157 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 16-17 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |