XI – ші апта
9 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын стратегиясы.
Ойын стратегиясы.
Бұл есеп ойыны, творчестволық ойын екенін естен шығармай, қалай болса солай бастап, отаудағы құмалақтарды мақсатсыз жүре беруден сақ болу керек. Жүріске мән бермеу ойынның сапасын төмендетеді, оның нәтижесіне, ойыншының көңіл-күйіне де кері әсерін тигізеді. Ойынға творчестволық тұрғыдан қарау қажет. Сонда ғана аса күрделі де, қызықты ойынның табиғатын терең түсінеміз.
Ойыннан шығатын нәтиже ең алдымен сайысқа түсіп отырған екі адамның ақыл-ойымен, творчестволық ізденімпаздығымен, тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондықтан ойынды байыпты түрде бастап, әрбір жүрістің алдына белгілі мақсат қойып, қарсы жақты өздері жақсы білетін позицияларға тарта ойнау керек. Алға қойған мақсатты жүзеге асырудың жоспары болады. Осындай жоспарлы ойынның әрбір кезеңдеріне сай, жасалған тартыстың жалпы барысын, негізгі бағытын – стратегия деп атайды.
Яғни, стратегия « Тоғызқұмалақ » ойының негізгі принциптерімен, айла-тәсілдерімен де тығыз байланысты екен. Ал « тоғызқұмалақ » ойынын жаңадан үйренуші адам әрбір ойынды бірінші жүрістен бастап-ақ өзінің алдына айқын стратегиялық жоспар қойып ойнауды дағдыға айналдыру керек.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 54 бет.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 39 -40 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |