XV – ші апта
15 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
Комбинация жасау.
Комбинация жасау.
Ойынның басталуы да, өрбуі де қарсы жақтар үшін ойдағыдай өтіп жатады. Төніп тұрған қауіп те білінбейді. Ал бір сәт ойыншы екінші қарсыласының өте күшті жүрісінен соң құтылуға жол таппай, аңтарылып қалады. Мұнан соң қарсыласының әр жүрісі тақтадағы позицияларды өзгертіп, күштердің ара салмағын да өз жағына бұрып алады. Міне, комбинациялық жүріс дегеніміз осы. Ал екінші ойыншы : « Менің тақтадағы жағдайым жақсы еді, комбинацияны байқамай қалдым.... » деп өкінеді. Міне, комбинацияның күші де осында. Ол аңысын-аңдап тап береді.
Осы айтылғандай, комбинация жоқ жерден тумайды. Бұл есептеу ойынының заңды өріс алуы.
Тактикалық тәсілдердің ішіндегі ең күрделісі және маңыздысы да осы комбинация жасау болып табылады. Комбинация дегеніміз – көздеген мақсатқа жылдам жеткізетін бірнеше ойлы жүрістердің нәтижесі.
Комбинация екі кезеңнен тұрады.
1. Әзірлік кезеңі. Бұл кезеңде комбинацияны жасауға қажетті позиция дайындалады немесе тақтадағы дайын позициядан комбинацияның жолдары іздестіріледі.
2. Мақсатқа жету кезеңі.Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін ойын барысындағы тактикалық тәсілдерді ( « байлау », « айырбастау » ) қолдана отырып, қарсы жақтың немесе жағының отауларында жатқан құмалақтардың санын өзгерту қажет. Бұл әрекет көбінесе отауда жатқан құмалақтарды беру арқылы жүзеге асады. Белгілі бір отауда жатқан құмалақтарды жеуге берген кезде отаулардағы құмалақтардың саны өзгереді, осыдан барып комбинация жасауға қолайлы жағдай туады.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 79-92 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 46-47., 60-62 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |