Адымын айқастыру – қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.
Еңкею – денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.
Тікею –денені горизонталь күйден тік күйке келтіріп қозғалу.
Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.
Айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы : палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады.
Жұлқу –палуан қарсыласын қатты тартып қалады ( жұлқиды ).
Итеру – палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.
Әдіс – палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.
Қорғану – қарсыласының шабуылын палуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.