Иықтан асырып лақтыру – палуан арқасын беріп денесін айналдырып барып, қарсыласын иығынан асырып лақтырады.
Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен ( жіліншігімен және табанымен бір мезгілде ) орап алып жығады немесе лақтырады.
Тактикалық даярлық амалдары –палуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекететері.
Барлау – палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекетері.
Бүркемелеу –палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекетері.