24- сабақ Тәуелдік жалғауының жасалуы.
1.Сурет бойынша әңгіме құра.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайлы: ана-м, әке-ң , әже-сі.
Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: көрші-м, көрші-ң, көрші-ңіз, көрші-сі, көрші-міз, көршілер-ің, көршілер-іңіз, көршілер-і
2.Өлеңді мәнерлеп оқы.Тәуелдік жалғаулы сөзді тап.
Отаным
Керемет биік тауларың,
Кестедей бақша, бауларың.
Айнадай мөлдір көлдерің,
Анамдай ізгі елдерің.
(Әдібай Табылды)
3.Тәуелдік жалғауы бар тіркестерді теріп жаз
Менің үйім, жұлдызды аспан,алтынның құны,ала күшік, сенің өнерің, өнерлінің қолы, жердің топырағы, ауылдың маңы.
4.Берілген суреттердегі зат есімді тәуелдеп жаз
Жекеше
І-жақ менің
ІІ- жақ сенің
сіздің
ІІІ-жақ оның
Көпше
І-жақ біздің
ІІ- жақ сендердің
сіздердің
ІІІ-жақ олардың
5. Ойлан, тап.Ұяшықтарға әріптер орналастырылған, сол әріптерді сан орнына қойып, байлықтармен жасырылған (достық туралы) нақыл сөзді табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |