-
- Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
- Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дұрыс дыбысталуына, анық, таза сөйлеуіне үйрету.
- Ә дыбысы бар сөз мәдениетіне сөйлем құратып,сөздік қорын дамыту. Әдемі жазуға үйрету.
- Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
- Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойын сахналық қойылым.
- Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе әріптер жинағы,электронды оқулық,әріптер жинағы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Шаттық шеңбері:
- Арайлап таң атты,
- Алтын сәуле таратты.
- Жарқырады қаламыз,
- Жайнай түсті даламыз.
- Қайырлы таң қонақтар!
- Оқу іс –әрекетінің барысы:
- Балалар, біз сауат ашу сабағынан
- нені үйрендік?
- -Дыбыс дегеніміз не?
- Нешеге бөлінеді?
- -Әріп деген не?
- ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.
- 2. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
-
- Ертегі айтып береді
- Мені жақсы көреді
- Мейірімді бұл кісі
- Қандай ғажап күлкісі
- -Ол кім?
- -Әтеш,әже сөздері қай дыбыстан басталады?
- -Ә дыбысынан
- Дауыстап Әже,әке,әтеш сөздерін оқыту .(әр сөздегі дыбыстарды жеке-жеке дыбыстап айтқызу .
- Ә дыбысы дауысты дыбыс екендігін дыбыстау арқылы меңгерту.
- -Енді Ә дыбысын хормен дыбыстап айтамыз.
- -қалай айтылады?
- -Созып айтамыз .
- -Балалар текше арқылы көрсетеді.
- « Электронды оқулықпен жұмыс » .
- Ә әрпіне байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
- Ауада Ә әрпін жазып үйрену .
- Тақтаға ә дыбысының таңбасын жазу .
- 5.Әліппе дәптермен жұмыс.
- -Ә әрпін жазу.
- Буындап оқу.
- Ә әрпінің сөз ішіндегі орнын анықтау.
- Қорытынды .
- -Балалар ,біз бүгін қандай әріппен таныстық ?
- -Балалар ,сендер сауат ашу сабағының жалғасын 1-ші сыныпта Әліппе оқулығы арқылы оқып үйренесіңдер.
- Ән «Әліппе».
- Назар қойып
- тыңдағандарыңызға
- рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |